Экспозиция негізінде – деректі құжаттар, солдат және офицерлердің марапаттаулары мен жеке заттары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Деректі материалдардың арасында - сирек кездесетін фотосуреттер, хаттар,
оқиға қатысушылары мен көз көргендердің айғақтары. Кеңес солдаттары мен
офицерлерінің әскери жабдықтары, ауған «дұшмандарының» киімі және де солдаттың
қаһарлы тұрмысын көрсететін шатырлары қатысушылардың ерекше қызығушылығын
тудырады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша көрме мақсаты - ауған соғысы жайлы шынайы көзқарасты қалыптастыру, жастардың жаңа ұрпағына Ауғанстанда соғысқан сарбаздар мен офицерлердің үлгісінде патриоттық тәрбие беру, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екенін қоғамға көрсету болмақ.
Көрме 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.