Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада мұражайлар туралы ғылыми-танымдық журнал таныстырылды

1687
«Иком Қазақстан. Қазақстан мұражайлар мұрасы» ғылыми-танымдық журналының басты мақсаты - Қазақстан және әлем елдерінде орналасқан мұражайлардың қызметтерін насихаттап, халыққа кеңінен ақпарат тарату.

Бүгін Астанада «ИКОМ Қазақстан. Қазақстан мұражайларының мұрасы» ғылыми-танымдық журналының тұсаукесері өтті. Бұл туралы журналды таныстыруға арналған баспасөз-мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

«Бүгін бірегей оқиғаға куә болып отырмыз. «ИКОМ Қазақстан. Қазақстан мұражайларының мұрасы» ғылыми-танымдық журналының тұсаукесері өтуде. Журналды шығару үшін Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет министрлігі, «Атамекен» Қазақстан картасы» кешенінің ұжымы қажырлы еңбек етті. Сондықтан бірінші кезекте, «Атамекен» Қазақстан картасы» кешенінің басшылығына алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, елорда әкімдігіне журналды шығаруды ұйымдастыруға көмектескені және қолдауы үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Базарбай Алтаев. 

Айта кетейік, 2013 жылы Астана қаласы мұражайларының бастамасымен  «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің негізінде «Қазақстан Халықаралық мұражайлар кеңесінің комитеті» (ИКОМ Қазақстан) құрылды. 

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені Республика Президентінің бастамасымен 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылды.

«Мен адамдардың даму деңгейін мұражайларға, театрларға, мәдени мекемелерге баруына қарай анықтаймын. Осылайша, біз қалалық мәдениетімізбен ерекшеленеміз. Қазіргі уақытта елімізде 205 мұражай бар, 60 мұражай «ИКОМ Қазақстанға» мүше болды. Астанада 7 мұражай, 4 галерея орналасқан. Бүгінде мәдениет инфрақұрылымының 69 нысаны біздің мәдениетіміздегі үлкен жетістік болып табылады», - деді "Атамекен" ғылыми-әдістемелік экскурсиялық бюро басшысы Бақытжан Оразмбетова баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?