Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Торғай өлкесі және ежелгі өркениет

2335
Торғай өлкесі және ежелгі өркениет  - e-history.kz
Саяси мемлекеттік терминдер де алғаш рет осы далада өмірге келіп, кейін күллі Еуропаға тараған

Жалпы, ғалымдардың топшылауынша, Қазақстандық Еуразиядан шамамен алғанда б.з.д. 8-5 мыңжылдықтарда Батысқа ауған біздің шумер, тур бабаларымыздан тәлім алмаған әлемнің бірде-бір халқы жоқ! Әсіресе олардан Батыстың семит, хамит халықтары – гректер, парсылар, арабтар, еврейлер, латындар және басқа Еуропалықтар олардан бар мәдениетті, өркениетті алды. Өнерлерін, жазу-сызуларын әбден меңгерді. Ашқан жаңалықтарын игерді. 

Ғалым Г.Н. Матюшиннің дерегі бойынша, алғашқы сауда жолын да Тұран-Торғайлық прототүріктер салған, ол бұдан 70 ғасыр бұрын, б.з.д. 5 мыңыншы жылдары Оңтүстік Орал – Орта Азия – Оңтүстік Месопотамияға дейінгі екі ортаны қосып, Торғай төрткүл өлкесіндегі бай қымбат тастар мен алтын қорларынан алынған байлықпен сауда саттықты жүргізген. Маханджар мәдениеті негізінде неолитте батыстағы Украина да сурскі – днепров мәдениеті қалыптасқан. 

Батыста: энеолиттегі Украинадағы – триполь, Молдавиядағы – Кукутени, Қаратеңіз жағалауындағы – кеми-обин; ерте қола дәуіріндегі – новосвободненский және Майкоп, далалық Еділ бойындағы – Покров, (Орталық Еділдегі – потапов, Орта Дондағы Абашевский мәдениеттері) – бәрі де: жетілген түрінде пайда болады, бір-бірімен генетикалық байланыстары жоқ, даму процесінде төменгі фазадан жоғарғы фазаға өспейді, дамуында сабақтастық жоқ. Бұның бәрі бұл мәдениеттердің барлығының мезгіл-мезгіл сырттан Орал-Қазақстан (Торғай) аймағынан келген прототүріктердің өз мәдениеттерін таратқанын, солардың негізінде жасалғанын көрсетеді. 

Алғашқы қола бұйымдары Қазақстанда б.з.д. 4 мың жылдықтың басында (нұра мәдениеті) және ортасында (петров мәдениеті) пайда болды, ал – Таяу Шығыста (Зеравшандағы – Саразм мәд.) – б.з.д. 3100-2280 жылдары, Еуропада – одан да кейін б.з.д. 3-2 мыңыншы жылдары ғана пайда болды. 

Ботай – Терсек мәдениеті негізінде, ерте қола дәуірінде Сарыарқада – Нұра (б.з.д. 4 мыңыншы жыл) мәдениеті қалыптасып, орта қолада одан Торғай төрткүл өлкесіндегі Петров мәдениеті (б.з.д. 4 мыңыншы жылдың ортасы) пайда болды, одан Арқайым-Сынтасты мәдениеті қалыптасқан деп есептейді ғалымдар. Ғалымдардың қорытындысы бойынша –Арқайым-Сынтасты мәдениеті – жергілікті (автохтонды), бұл мәдениеттің негізі – Оралдан Ертіске дейінгі далалық ендіктегі аудандағы, палеолиттен бастап генетикалық байланыста, үзіліссіз сабақтас даму үстіндегі неғұрлым бай және және әртүрлі мәдени ескерткіштері бар мәдениеттер бірлестіктері, жасаушылар – жергілікті прототүріктер. 

Петров мәдени ескерткіштерінің дені Торғай төрткүл өлкесінде орналасқан. Осы Петров мәдениетін жасаушылардың Орал шығысына (Арқайым-Сынтасты ), орманды далалы Батыс Сібір аймағына, Алтай таулы өңіріне, Кузнецк шұнқырына және Енисей бойларына тарап, жергілікті, бұрынғы тұрғындармен араласуынан, андроновтық мәдениет қалыптасқан (1,208). Соның нәтижесінде: Торғайдың солтүстігінде далалық Алакөл, орманды Черкас, Ертістің тайгалық Сузган, Обь өзенінің орманды, далалы орманды Елов мәдениеттері б.з.д, 17 ғасырдан бастап пайда болып, тарағанын археологтар анықтап отыр. Одан басқа, Петров мәдениеті Торғайдың өзіндегі – Сынтасты қалалар еліне, одан әрі батысқа – Орынбор аймағына – Шұңқырлық мәдениетке тараған. 

Арқайым-Сынтасты мәдениеті, археологиялық деректер бойынша, батысқа – Орал батысына, Еділ бойына және Шығыс Еуропаға да тараған. Орал сыртында – батыстағы жалғас Қима мәдениетінің қалыптасуына да күшті араласқан. Сынтастылықтардың бейіттері кәзір Еділ мен Дон бойынан табылып отыр. Далалық Украинада Сынтастылық керамикадан, Румынияда археологиялық ескерткіштерден көрініп отыр. 

Қара теңіз даласында кездесетін бірен-саран шұңқырлық (ямная) мәдениет – Нұра мәдениетінің сол кездегі қозғалысынан қалған ескерткіштер. Неғұрлым батысқа қарай жылжыған сайын, со ғұрлым ескерткіштер де азайып, жүдеп, құри береді, бұндай мәдениет – Арқайым-Сынтастыға қалай негіз бола алады, бұлар керісінше жоғарыда айтқандай, Нұрадан шығып, яғни шығыстан батысқа бірлі-жарым барғандардан қалған іздер, оларды өз алдына мәдениет деуге де жарамайды. 

c0759b790b356b37a2a058ae916597ff.jpg

Терсек мәдениетін зерттеуші қостанайлық археолог В.Н. Логвин Терсек мәдениеті мен Андронов мәдениеттері арасында генетикалық байланыстың ту мезолит – неолиттен бастап барлығына назар аударған. Оралдан Есіл – Ертіске дейінгі керамиканың стандарттылығы, үйлердің конструкциясы мен жерлеу салттарының ұқсастығы – ғасырлар бойы осы жерде тұрақты, бірқалыпты мәдени дәстүрдің сабақтас, үзіліссіз дамуының нәтижесі. 

Арқайым-Сынтасты мәдениетінің одан әрі батысқа Анатолияға, Килькияға, Эгей және Балқанға ерте қола дәуірінде тарағанын, оларда Торғайдағы (Петров, Арқайым-Сынтасты) секілді айналасында шаруашылық құрлыстары бар, одан әрі адам тұратын бөлмелері, одан әрі қорғаныс құрлыстары бар, дөңгелек, ортасы бос поселкалар, көптеп тараған. Ерте қола (Нұра) мәдениеті оңтүстікте Закавказье мен алдынғы Азияға да тараған.

Ерте қола дәуірінде, кезекті күшті көші-қон кезінде, прототүріктер оңтүстікте қосөзенде шумер мәдениетін жасады да, одан әрі Ніл бойына дейін жетіп, Египет мәдениетін жасады. Ежелгі Шығыс мәдениеті металл дәуірінде де, жергілікті емес, негізсіз, дайын (Торғайдан әкелінген) күйінде пайда болған. 

Б.з.д. 3 мың жылдықтың ортасында Загрос тауына дейін барған кутейліктер (қазақша – құттықтар) және касситтер (түрікше кассу – жартас + су – қарлы тау шыңдары) Экбатанай мен Сузами арасын қоныстанды. Кутейліктер, – б.з.д. 2200 жылы күллі Месопотамия мен Аккадты жаулап алды, олар онда 91 жыл патшалық құрды, ал касситтер Вавилонды бағындырып, оны 550 жылдан артық биледі (б.з,д. 1760-1180 жылдары. 

Прототүріктердің оңтүстікте Таяу Шығыста Эбла цивилизациясын жасауы да б.з.д. З мың жылдықтардың ортасында болған. Көріп отырғанымыздай оңтүстіктен солтүстікке ешқандай қозғалыс болған жоқ, керісінше қозғалыс тек солтүстіктен Торғай бұғазы аймағынан оңтүстікке ғана болған. Бұдан 50 ғасыр бұрын, б.з.д. 3 мыңыншы жылдары ғана, басқа бағыттағы сауда саттық жолдары дами бастаған. Сол кездегі деректер негізінде жасалған карталар бойынша, б.з.д. 3350 жылдан 3150 жылға дейінгі ең ұзын сауда жолы Оралдан Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы Орта Азияға, одан әті Каспийдің оңтүстік жағалауы арқылы – Месопотамияға дейін барған. Бұл кездегі шумерлердің кәбірлерінің дүниялары өте керемет болған, онда алтын мен лазуриттің үйлесімділігі әйгілі болған, лазурит Ауғанстан мен Оралда ғана болған, оның ішінде Ауғанстандағы оның өндірісі Оралдан мың жыл кейін, біздің далалықтар Бактирияны б.з.д. 3 мың жылдықтың екінші жартысында игергеннен соң ғана басталған. 

Үйдің жерастылық жылуы – «табахана» Петров-Сынтасты, одан кейін Алакөл, Федоров, одан Өзбекстандағы Сарғары мәдениетіне тарады. Арқайым-Сынтасты – Андронов мәдениеті б.з.д. 3100-2280 жылдарда Торғай төрткүл өлкесінен оңтүстікке, Зеравшандағы Саразмға (тазабазьяб мәдениеті) тараған (1,233). Бұл мәдениетке төменгі Амударья, Зеравшан тегіс, Сырдарияның жоғарғы ағысы бойы, Ташкент пен Фергана аймағы жатады. Ғалымдардың зерттеуінше бұл мәдениет те бізден барған, онда Андронов мәдениетінен басқа аса өзгеше ештеңе жоқ. 

Андронов – тазабазьяблық мәдениеттерді жасаушы Торғай төрткүл өкесінің прототүріктері, одан әрі оңтүстікке қарай, Парсі шығанағына, Инда қойнауына, Иран, Пакистанға тарап, б.з.д. З мың жылдықтың ортасында, Орталық Азияның бұрын ешкім қоныстанбаған аудандарында маргиан – бактриялық, инда аңғарында – харап, цивилизацияларын жасаған.  

Қазіргі әдебиет бойынша, қытай мәдениетінің далалық мәдениетке әсерінің күшті болғаны туралы айтылады, ал бірақта қазіргі ғалымдардың біразы, – керісінше, далалықтар мәдениетінің қытай мәдениетіне әсері әр уақытта басымырақ болғанын атап көрсетеді. 

Ғылыми айғақтар бойынша, шығыстағы Қытайда металлургия дамыған күйінде, төтеннен пайда болады (Сибада б.з.д. 1900-1600 жылдары), әрине, ол Қазақстаннан далалықтармен бірге, дайын күйінде келді. Одан басқа да, тек қана далалықтардан тараған арғымақ аттар, ат арбалар Қытайға батыстан – Қазақстаннан – Беғазы-Дәндібайлықтармен келді. 

Торғай төрткүл өлкесінің оңтүстігіндегі – Аралдың солтүстік-шығысындағы Түгіскен (Тагискен) мәдениеті де осы Оңтүстік Орал-Солтүстік Қазақстан – Торғай өлкесіндегі мәдениеттер негізінде, қола дәуірінің б.з.д. 2 мыңыншы жылының аяғында қалыптасқан. Түгіскен өзінің адамды жерлеудегі байлығымен, оған тұрғызылған қорымның аса үлкендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар қорым құрлыстарының архитектуралық жобалаулары, ирригациялық құрлыстары, – ондағы жоғары дамыған мәдениет деңгейін көрсетеді. 

Ғалымдар осы Беғазы-Дәндібай мәдениетінен, Торғай төрткүл өлкесінің оңтүстігіндегі – Сырдарияның төменгі құйылысынындағы Жетіасар мәдениетін де (б.з.д. 2 мың жылдықтың аяғынан жаңа заманның 3-4 ғасырына дейін) таратады. Жетіасар мәдениетінде 50-дің үстінде көпқабатты үлкен, монументальды архитектурасы, күрделі фортификацияларымен – қалалар, жүздеген обалар бар қорымдар, өзендер мен өзендер тармақтарының тікелей жағаларында салынған. Әрбір қаланың айналасында ондаған мыңдаған зираттар бар – оба-қорымдар бар. Қалалар орны ауданы 0,5-10 га, биіктігі 8-20 м, дөңгелек, трапеция немесе сопақша пішіндес екі қабатты төбелер түрінде сақталған. Ғибадатхана кешені үлкендері тайпаның патшаларыныкі, не ханымдарынікі болуы мүмкін. Қамал-қалалардан табылған құдайлар бейнеленген көптеген статуэтка және ыдыс сынықтарының табылуына қарағанда, бұлар зороастрилік дінді ұстаушылар болуы мүмкін деп ойлайды ғалымдар. Жетіасар қамал-қаласынан басқа тағы да Алтыасар және Қосасар қамалдары да белгілі болып отыр, бұлардың бәрі сол ғұн (кердері) тайпалары заманынан қалған деп есептейді ғалымдар. 

Қыш қаладан алтын теңге мен хан сарайының нақыштары табылған. Ол нақыш ежелгі қаңлы-хорезм жазуымен «Шаушафар» деп аталған. Зерттеушілердің пайымдауынша, Қаңлы жазуларынан Орхон жазулары шыққан болды. Шаушафар-ертедегі қаңлы-хорезм династиясының бірі. Ғалымдардың дерегі бойынша, Оралдың батысында ежелгі заманнан киммерліктер – кемерліктер тұрған, олар мал ұстап, бие сауған, көптеген сансыз жауынгерлер ұстаған, б.з.д. 2 мың жылдықтың екінші жартысынан бастап көшпенділікке ауысқан.Кемерліктерді б.з,д. 2 мың жылдықтың аяғында қима мәдениеті адамдары ығыстырып, батыста Днестрдің екі жағын мекендеп, осы мәдениеттің тұрақтары мен обаларын қалдырған. Б.з.д. 2 мың жылдықтың аяғына қарай Жерорта теңізі аймағына, Кіші Азия мен Египетке – теңіз адамдары киммерліктер (кемерліктер) Торғайлық прототүріктер, сәл кейінірек дарийлықтар келеді, олар өздерімен бірге темір мылтық, аттылы адам-мәдениеттерімен қоса – финикилік және архаилік грек жазуын ала келді. 

Торғай төрткүл өлкесінің оңтүстігіндегі Шығыс Аралдық – Жетіасар, Оңтүстік Аралдық – Хорезм мәдениеттерінің гүдденген шағына (қола мәдениетінің аяғы) Таяу шығыстағы финикилер мен арамилардың жоғары мәдениеті мен жазулары тұспа тұс келеді, оны жасаушыларды, ғалымдар оңтүстік Орал сыртынан сол кезде таяу шығысқа келген түріктектес – кемерліктер – киммерліктер деп есептейді. Кемерліктерді Оралдан ығыстырған қималықтар, кейініректе – жетіасарлықтар мен хорезмдіктер. Қара теңіз даласында кездесетін бірен – саран шұңқырлық (ямная) мәдениет – Нұра мәдениетінің сол кездегі батысқа қозғалысынан қалған ескерткіштер. 

Арийлер – түріктекті Тұрандық, Арқайым – торғайлық арийлер. 2 мыңыншы жылдың екінші жартысында, Арқайымнан оңтүстікке Индия, Иран, Пакистанға солтүстіктен келіп, өздерінің жоғары мәдениетін жаңа жерлерде таратты. 

Скифтер – Еуропаға бірнеше дүркін қозғалыс – келу нәтижесінде қоныстанған сақтар. Олар б.з.д. 7 ғасырдың 70 жылдарында Үндістанды, Сирияны, Палестинаны жаулап алған. Б.з.д. 5 ғасырда алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратып, егіншілік пен мал шаруашылығын дамытқан; Днепрдің батысында егін салып, шығысында мал баққан, Азов түбегі маңында «патшалық» скифтер жаңа жердегі елін қорғап, көшпелі тұрмыс кешкен, доңғалақты киіз үйлерде тұрған; кілемдерін, «аң стилі» атты ювелирлік өнерін, дінін (зороастрилік және тәңірлік) және де ғылымда криникиилік және арамейлік деген атаулармен белгілі – өзінің көнетүріктіқ жазуын таратқан; ежелгі ғұрыптарын киедей сақтаған. 

Өз халқының мәдениетіне және салттарына берілген Атей патша тұсында Азов, Қаратеңіз бойларына қала-қамалдар тұрғызган, Атей б.з.д. 346 жылы Каллапс қаласында өз аты жазылға ақша (монета) шығарға. Барған жерінде: өздерінің ғажайып үлкен көлемімен, байлығымен және ішкі жерлеу құрылымдарымен – таң қалдыратын «патшалық оба-қорғандарды тұрғызған, артына – тамаша скифтік – сақтық мәдениетті қалдырған жауынгер де, білімді, іскер-шебер халық – Тұран-Торғай өлкесінен шыққан, түрік текті, түрік тілді ежелгі аталарымыз – прототүріктер еді. 

Торғай төрткүл өлкесінен б.з.д. 1 мың жылдықта Орал сырты – Еділ бойына, ғалымдардың дерегі бойынша, 5 дүркін қозғалыс, б.з.д.: 8-7 ғасырда, 6 ғасыр аяғында, 5 ғасырдың екінші жартысында, 3 гасырдың басында және 2 ғасырдың ортасында болып, солардың нәтижесінде сармат мәдениеті қалыптасқан. Археологтардың дерегі бойынша Беғазы – дәндібай мәдениеті негізінде сақ мәдениеті, сақ мәдениеті негізінде сармат мәдениеті қалыптасқан. 

Б.з.д. 4 ғасырдан – біздің заманның 1 ғасырын қоса алғандағы Торғай төрткүл өлкесіндегі жағдайды, оның тікелей оңтүстіктегі жалғасы болып есептелетін Аралдың оңтүстік шығысындағы – Қаңлы (Кангюй) мемлекеті туралы деректер арқылы байқауға болады. Бұл елде б.з.д. 129-128 жылдары қытайлық Чжань – Кянь болған, ол бұл елдің күшті армиясы бар үлкен ел екендігін, олардың өте өрмінезділігін, ешкімге еңкеймейтіндігін, көптеген жерді иеленетіндігін, әскери күші жылдан жылға күшейте түскенін: б.з.д. 128 жылы ондағы адам саны – 90 мыңға жетсе, б.з.д. 79 – 39 жылдарға – 120 мыңға жеткенін. – хабарлайды. Тарихи деректер бойынша, түрік халқының бір бөлігі – қаңлы халқы – б.з.д. 4 ғасырда Арал маңында Қаңлы мемлекетін құрған. Сондықтан б.з.д. 3 ғасырда гундардың келуінен бастап Ұлы Даланың түріктенуі басталды деу; сондықтан да хорезмдіктерді, соғдылықтарды, партаряндарды, кушандықтарды – әдеттегі (традиционный) ғылымда, – ирантілді халықтар – деу үлкен қате, деп есептейді ғалымдар. Б.з.д. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген ұлы Жібек жолы пайда болды. Жолдың бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. 

Б.з. ІІІ ғасырда Камбоджадан келген қытай елшісінің есебінде осы елде ғұндардың әрпімен жазады деген Л.Н.Гумилевтің деректерінде сақталған. Ғалымдар соңғы деректерінде сақтардың Тайландқа дейін барғанын және Камбоджа жерінде ғұндар мемлекетінің болғанын жазады. 

Қазіргі жылсанауды 4 ғасырында Еділ Аттила бастаған ғұндар ежелгі Рим империясын құлатты. Ғұн мәдениетін Қытай, Иран, Еуропаның жазбаша деректері негізінде зерттеуші А.Н. Берниетам, өзінің «ғұндардың батысқа жорығының дүниежүзілік тарихи маңызы», «Атилланың – дүниежүзілік тарихи ролі» туралы концепцияларында: ғұндарды жаңа алдынғы қатарлы мәдениеттерді, әлеуметтік қатынастарды әкелуші, Еуропаны Батыс Рим империясының құлдығынан азат етуші ретінде көрсетеді. Біздің зерттеуіміздің соңғы кезеңі – Түрік қағанатының тарих сахнасына шығуымен шектеледі. Бұл осы заманның алтыншы ғасырында құрылған Ұлы Түрік қағанатының Хинганнан Донға дейінгі белдеу – аймаққа иешілік еткен кезі еді. 

Міне, жоғарыда танысқандарыңыздай, адам баласының сан дәуірлік эвоюциялық дамуы жолында, Торғай төрткүл өлкесіндегі біздің жергілікті прототүрік бабаларымыз алғашқы сәттен бастап, адамзат өркениетін жасауда басқа туыстарынан суырылып алға шықты, оған бұл өлкеде Жер ана жаралғаннан бергі жиналған, сақталған адамға қажеттіліктердің дайын күйінде болуы шешуші роль атқарды. Былайша айтқанда осы өлкедегі адам пайда болғанға дейінгі органикалық дүниенің эволюциялық дамуындағы орын алған: жердегі көптеген органикалық дүниелердің бастауында болу және оны тарату; жергілікті, үзіліссіз, сабақтас және өте бай даму секіді, қай жан иесіне де қажетті қасиеттердің, адам баласы осы өлкеде пайда болғаннан кейін де одан әрі сәтімен жалғасын тапқанын көрдік. 

Ғылымда кейінгі энеолитте Қазақстан даласына үндіеуропалықтар келіп, өздерінің далалық қорғандық мәдениетін құрды деген қалыптасқан қате концепция бар. Бүндағы үнді – Еуропалықтар-кімдер екендігі әлі толық анықталмаған. Бір топ ғалымдар оларды Қазақстан аймағына Кавказ арқылы келді десе, екінші топ оларды Орта Азия арқылы келді деп есептейді. Басқа гипотеза бойынша үндіеуропалықтардың этногезі – Шығыс Еуропа деп санайды, үшіншілері Орталық Еуропа, төртіншілері Балқан мен Карпат деп есептейді. Сонда барлығының айтары бір: Қазақстан даласына үндіеуропалықтар қалай болғанда да не батыстан, не шығыстан келді; бұнда далалық қорғандық мәдениетті жасады, содан кейін б.з.д. II мың жылдықтың екінші жартысында үндіеуропалықтардың бір бөлігі Иран мен Индияға кетті. Ал түріктер Қазақстан даласына шығыстан, қазіргі заманның III ғасырында ғана келді, сондықтан олар Арқайым-Сынтасты, Андронов, сақ мәдениеттеріне ешқандай қатынастары жоқ деп есептейді. Далалық қорғандық мәдениетті үндіеуропалық, ал тұрғындарды – үнді ирандықтар деп атау ғылымда қалыптасқан. Бірақта ғылыми фактілер Қазақстан даласына оңтүстіктен де, батыстан да миграциялық толқын болмағанын айғақтайды. 

Советтік ғылым өз кезінде Оңтүстік Орал – Қазақстан (Торғай) дың мал шаруашылықты далалық аудандарына өткен ғасырдың 60-ншы жылдарына дейін жеткілікті көңіл аударған жоқ, ол аудан археологиялық картада «ақ таңдақ» (белое пятно) күйінде қалды да, бұл өңір туралы ғылымда «жабайы дала», «жабайы түз» (дикая степь, дикое поле) деген ұғым қалыптасып үлгерді. Дегенмен біз жоғарыда көрсеткендей, бұл Орал-Қазақстан (Торғай) немесе Торғай төрткүл өлкесінің тұрғындары прототүріктердің осы уақытқа дейінгі тарихы – олардың адамзат тарихына, өркениетіне қосқан үлесі жер жүзіндегі қай халықтан да, қай өңірден де кем еместігін, олардың еңбегінің адамзат тарихының одан әрі дами беруі үшін жасаған еңбектерінің үлкен маңыздылығын, елеулі екендігін көрдік. 

Көптеген зерттеушілер, түрік халқы тарихы б.з.д. II мың жылдықтың екінші жартысынан бастап қана, өзінің материалдық және рухани мәдениеті жөнінен адам заты қоғамының дамуының басқа жолын – жартылай көшпелі өмір үлгісін таңдап алғаннан кейін ғана, басқаша бола бастағанын есептемейді. Оған дейін, Аркайым-Сынтасты мәдениетінде де, кейін Андронов мәдениеті тұсында да негізінен нағыз отырықшылық өмір салтымен тіршілік еткен. Бұнымен таза бір орында қалып қойған деген түсінік тумайды, өйткені ол кезде өмір сүру үшін жаңа жерлерді игеру де қажет болды. Сонымен қатар ежелгі Тұран, Орал Қазақстан (Торғай) өлкесі-мезолит неолиттен бастап күллі Еуразиялық континентті қымбат тастармен; яшмадан, тау хрусталынан жасалған құралдармен, микролиттермен жабдықтаса; энеолит, қола дәуірінен бастап, ол бүкіл дүние жүзінің қуатты металлургиялық және металл өңдеу базасына айналды. Металлдың адам затының келешегі үшін қандай мәні болғаны жөнінде Генри Льюис Морган былай деген: «Когда варвар, подвигаясь вперед, шаг за шагом, открыл самородные металлы и научился плавить их в тигле и отливать их в форме; когда он сплавил самородную медь с оловом и создал бронзу; и наконец, когда еще большим напряжением мысли он изобрел горн и добыл из руды железо – девять десятых борьбы за цивилизацию было выиграно». 

Көріп отырсыздар, тек металлмен жұмыс істеудің құпия сырларын ашудың өзі ғана, – ғалымның пікірінше, цивилизацияның жеңуінің оннан тоғыз бөлігін білдіреді. Ал табиғат ананың өзі, мыстың жаратылыстағы таза бөлшектерін прототүріктердің аяғының астына молынан жайып салды, оны басқалардан бұрын тауып, тануына, балқыта білуіне барлық жағдайды жасады. Оған керекті қызуды жасайтын көмір, отқа төзімді балшық – бәрі бірімен-бірі жалғасып, прототүріктердің қасиетті мекені – Торғай бұғазының өн бойында, оның жағалауын қоршаған Ұлытау, Көкшетау, Орал тау, Мұғалжар тауларының қойнауларында, молынан ұшырасып жатты. Осылардың арқасында осы өңірді мекендеген протүріктер басқа жұрттан бұрын таза мысты қорытуды үйренді; соның арқасында осы прототүріктер қалайымен қосып мыстың қорытпасынан – қоланы алды; солардың арқасында осы прототүріктер рудадан темірді баяғы классикалық қола дәуірінде-ақ өндіре білді; кейінірек осы прототүріктер күні бүгінге дейін мықтылығына ештеңе тең келмейтін болатты ойлап тапты. 

Прототүріктердің металды ашуының бүкіл дүние жүзі адамзаты үшін, оңың келешектегі дамуы үшін ешқандай теңдесі жоқ мәні зор еді: соның арқасында ғана көліктік қатынастың, құрылыстың дамуы мүмкін болды. Кейбір ғалымдар Египеттегі пирамидаларды қола дәуірінде космостан басқа планетадан келгендер салды дейді; оларды салушылар ешқандай басқа планеталықтар емес, қола дәуірінде осында келген прототүріктер, өйткені ондай құрылысты салуға қажетті құралдарды жасау үшін қалайының құпияларын білу керек еді, оны ол кезде тек протүріктер ғана біліп, басқа өңірлерге таратуда еді. Металдан жасалған құралдар жер өңдеп, егіншілікті дамытуда да үлкен орын алды, бұрынғы тас және ағаш құралдары алмастырылды, егістік алқапты кеңейтіп, суармалы алқаптардың көбеюіне мүмкіншілік жасады. 

Металдың адамзаттың әлеуметтік өмірінде де маңызды зор болды: ең алғашқы мемлекеттік сауаттылық, бірінші мемлекеттік символдар мен белгілер, бірінші патшалардың қорым-қорғандары басқа жерде емес, энеолитте – нақ осы ежелгі Тұранда – Оңтүстік Орал – Қазақстанда – Торғай төрткүл өлкесінде пайда болды, нақ осында адамдар арасында қоғамдық саралау (дифференциация) пайда болды. Металдың сырын ашудың – әскери істе де үлкен рөлі болды, металдан жасалған қарумен жарақтанған прототүріктер, бұндайдан хабары жоқ басқа өңірлерді өздеріне бағындырып, қарата бастады. 

Ғалымдардың пікірінше, металлургия мен металды өңдеудің туу бесігі мен даму орталығы қазақтың Сары-Арқасы, нақ осында түрік халқы далалық қорғандық (Ботай-терсек, Арқайым-сынтасты, андронов, сақ, ғұн және түріктік) мәдениетті жасады. Тарихтың ешқандай кезеңінде үндіеуропалықтардың Оңтүстік Орал және Қазақстан даласына қозғалысы болған емес. 

Қазақтың көрнекті археологы А.Х. Марғұланның айтуы бойынша, неолит дәуірінің өзінде-ақ, еншісіне металлургия дәуірін ашып, жаңа жоғары мәдениет жасау жазылған, қашаннан осы ұлы даланы мекендеген, жергілікті тума ұлдарының этномәдени негізі қаланды деп есептейді. Бұлар: ұрпақтары азиаттық скифтер немесе орал-алтайлықтар деп аталатын осы даланың тума ұл қыздары еді. Оның қатарында, нақ бел ортасында, кәзір ғалымдар «Торғайдың ұлы даласы» («Великая Тургайская степь») деп атап жүрген Торғай төрткүл өлкесінің: 

– оңтүстік-шығысындағы – Ұлытау бөктерлеріндегі Жезқазған өңірінде, Кеңгір, Ұлы Жыланшық, Сары-Торғай, Қара-Торғай, Торғай, Қабырға өзендері бойларында; 

– солтүстік-шығысындағы – Көкшетау Сарыарқаға ұласып жатқан Торғай үстіртінің шығысын тілімдей аққан Есіл, Обаған, Тобыл өзендері бойларында; 

– солтүстік-батысындағы – Торғай үстіртінің батыс жағының Оңтүстік Оралмен астасқан тұсындағы Үй, Ор, Тобыл, Ақ Жайық өзендері бойларында; 

– оңтүстік-батысындағы – Торғай ойпатының батысындағы Мұғалжар тауларымен астасқан тұстарын айшықтап ағып жатқан Өлкейік, Нұра, Шаған өзендері бойларында; 

– оңтүстігіндегі – Арал теңізі, Арал маңы Борсық құмы, Қара құм, Сырдарьяның Аралға құятын сағасында, сол ежелгі заманда палеолит дәуірінде, ата-бабалары өмірге келген, қашаннан сол өңірде отырықшы өмірмен сол кездердің өзінде адамзаттың озық мәдениеттерін жасаған, оны оңтүстік, батыс, шығысқа таратқан Тұранның Торғайлық ұлдары – прототүріктер де бар болатын. Оларға қола дәуірінде де, ежелгі дүниенің дүние жүзіндегі ең озық мәдениеті саналып отырған Сынтасты-Арқайым мәдениетінің алтын бесігін тербетіп, оны да дүние жүзіне тарату еншісі бұйырған. Әрине бұл мәдениеттің түп негізін ғалымдар металлургияның орталығы Сарыарқа деп әділ айтады, Арқайым-Сынтасты сонын арқасында дүнияға келген туындылар. Дегенмен, Торғай төрткүл өлкесінің нақ жүрегінде тұрған «қалалар елі» мәдениетінің де түркі тектес ұрпақтар үшін, жалпы адамзаттың келешектегі өркендеуі үшін жасаған еңбектері ұшан теңіз, қазіргі ұрпақтарының мерейі тасып, заңды мақтануға тұрарлық. Бұл мәдениеттің жасаушы – иелері осы жердің тұрғылықты адамдары екендігін ғалымдар ғылыми негізде толығынан дәлелдеген, сондықтан ол мәселені дәлелдеу ғалымдар еншісі екенін, ғылыми тұрғыдан да бұл өңір адамдары ол кезде әлі көшпелілік өмірге кіріспеген, отырықшылық өмір сүргенін, олардың немен айналысқанын біз жоғарыда айтқан болтынбыз. 

Байырғы заманда да жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Ғалым Г.Н.Матюшиннің дерегі бойынша, алғашқы сауда жолын да Тұран-Торғайлық прототүріктер салған, ол бұдан 70 ғасыр бұрын, б.з.д. 5 мыңыншы жылдары Оңтүстік Орал – Орта Азия – Оңтүстік Месопотамияға дейінгі екі ортаны қосып, Торғай төрткүл өлкесіндегі бай қымбат тастар мен отын қорларынан алынған байлықпен сауда саттықты жүргізген. Тек 50 ғасыр бұрын ғана (б.з.д. 3 мыңыншы жылдары ғана), басқа бағыттағы сауда саттық жолдары дами бастаған. Сол кездегі деректер негізінде жасалған карталар бойынша, б.з.д. 3350 жылдан 3150 жылға дейінгі ең ұзын сауда жолы Оралдан Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы Орта Азияға, одан әрі Каспийдің оңтүстік жағалауы арқылы – Месопотамияға дейін барған. Шумерлер жаңа жерде тамаша сарайлар мен ғибадатханалар салды, бұл үшін металл және одан басқа, әшекелейтін, ол жерде жоқ – алтын, күміс, қымбат тастарды Оңтүстік Орал – Солтүстік Қазақстан (Торғай) өлкесінен тасыған. Әсіресе шумерлердің кәбірлерінің дүниялары өте керемет болған, онда алтын мен лазуриттің үйлесімділігі әйгілі болған, лазурит Ауғанстан мен Оралда ғана болған, оның ішінде Ауғанстандағы оның өндірісі Оралдан мың жыл кейін, біздің далалықтар Бактирияны б.з.д. 3 мың жылдықтың екінші жартысында игергеннен соң ғана басталған. 

Алғашқы адамдар арасында тапқа бөліну, мемлекеттік құрылым ежелгі Тұранда, Торғай бұғазы аймағында, «Қалалар елінде» пайда болды. Арқайым-Сынтасты қоғамында бекініс орталықтары өз бетінше емес, айналасында көптеген бекіністі тамақ киім, т.б. қамтамасыз ететін бекініссіз жәй елді мекендердің болуы – еңбектің бөлінген түрін, мамандандырылғанын, товар айырбасының туғанын көрсетеді. Бекіністің ішкі құрылыс жабдықтары онда көсемдер, әскери басшылар, абыздар тұрғанынан хабар береді. Қабырлерде басқа заттармен бірге – билік белгілерін көрсететін: асатаяқ, свастика, қанжар, түйреуіштер де болған. Қабырлар өзінің көлемімен, онда салынған заттардың байлығымен, құдайыға шалынған мал басының түрі, сонымен бір-бірінен айырылуына қарай жерленген адамның кім екенін айыруға болады. Қалалардың айналасында құрлыстары күрделі ғибадатханалар әдейі салынған. Сынтасты ғибадатханасы – табаны 72 метр, биіктігі 9 метрден артық 9 қабатты пирамида түрінде салынған, ең үстінде ортасында қасиетті діңгек – «өмір ағашы» орнатылған куполмен жабылған, ал ішінде кішкене куполмен жабылған мазар болған. 

Атқаратын қызметтеріне қарай арийлар қоғамы 4 кастаға (дәрежелік топ) бөлінген: ең жоғарғы топқа абыздар – брахмандар, одан кейін жауынгерлер – кшатрин, одан соң қолшеберлері, саудагерлер, жер жыртқыш-вайшиилер және де ең төменгі дәрежеде – бағынышты құлдар – неприкасаемые – шуры. Жоғарғы үш топ, соңғы төртіншісіне қарсы қойылған. Бұндай дәрежеге бөлінген сараланған қоғамсыз – өз заманындағы жоғары дәрежедегі мәдени өркениет жасау және жаңа елдерге, жерлерге барып өз биліктерін орнату, басқару мүмкін болмас еді. Вавилон патшасы Хаммурапидың заңдар жинағы, хеттердің заңдары – олар да халқын еркіндерге және құлдарға бөледі. Бұл жаулап алушы – ежелгі түріктер – ол елдерде билеуші топты құрып, жергілікті халық – Индиядағы секілді құлдар дәрежесінде болғанын білдіреді. Ежелгі түріктер өздері жаулап алған барлық елде өздерінің отанынан әкелген озық өркениетін – мемлекеттік басқару құрылымын, қоғамдық құрылымды, тәртіпті, өндірісті, әскери ісін, мәдениетті – жаңа жерде де үйретті, оқытты, әрі қарай таратып, жалғастырды. Әрине Арқайым-Сынтасты елінде күшті дамыған жіктелген, сараланған қоғам болмаса, үлкен және қуатты тайпалық бірлестіктер, мықты әскери күштер болмайынша, осы өңірден шыққан ежелгі түріктердің басқа жерлерді жаулап алуы, әртүрлі этно-мәдени топтарын бағындыруы, басқарып, ұстап тұруы мүмкін болмас еді. 

Дүние жүзінде алғашқы мемлекеттік билік символ – нышандар, белгілері де түріктерде пайда болды. Энеолит дәуірінен бастап археологтар далалық патша қорымдарында міндетті түрде мемлекеттік билік нышандары мен белгілерін тапқан, олардың ішінде – аса таяқ (жезл, скипетр), алтын күмістен мойынға тағатын алқалар (пекторали), алтын күміс білезіктер (гривни), таңба – мөрлер, елтаңба (герб), түйреуіш (булавы), арнайы әсемделген басқа байлайтын, не киетін құрсау (диадема), штандарттар ту, жалаулар, скульптуралық бедерлер т.б. бар.

Көңіл аударарлық жағдай – сол кездегі Оралдың батысы мен шығысындағы мәдени ескерткіш орындарынан табылған артефактілерді салыстырып, талдау жасау нәтижесінде ғалымдар Оралдың шығысындағы далалық өңірде Торғай бұғазы аймағындағы мәдени ескертікш орындарында табылған билік белгілерілеріне жататын заттардың күрделірек, мәртебелірек екендігіне және олардың осы аймақтан батысқа қарай таралғанына көңіл аударған. Оралдың батысында қалалар – елді мекендер жоқ, бейіттерде әскери қос дөңгелекті арбалар, тұтас құрбандық малдар кездеспейді, жерлеу рәсемдері онша айқын байқалмайды. 

Саяси мемлекеттік терминдер де алғаш рет осы далада өмірге келіп, кейін күллі Еуропаға тараған. 

Ғалымдардың дерегі бойынша Россияның нағыз бақандай дворяндарының 99%-ы түріктер болған, тек кейінірек, Петр І Еуропаға терезе ашуына байланысты түрік дворяндарының пайызы 70%-ға дейін төмендеді. Шыңғысхан саясаты – бағынған елге, болашақ Москвалық мемлекеттің негізгі элементтерін: самодержавиені, централизмді, крепостниктілікті берді. Сонымын қатар халықтың ұралық (ямная) борышкерлігін, пошта байланысын, жалпыхалықтық санақты, бірыңғай уақыттық салықты, күлік рубльді, оның 2/6-ға бөлінген көпейкасын, т.б. берді. Сондықтан да қазына, алтын, таможня, ямщик, ямской сөздері орыс тілінде қалды деп көрсеткен Лев Гумилев. Тек қана Россия емес, бүкіл Еуропа өздерінің мемлекеттерін түріктердің үлгісімен және сол секілді ғып ұйымдастырды. 

Сонымен қатар жаулап алушы, азғантай ежелгі түріктер, жаулап алған елдерде өздерінің мемлекеттік құрылымдарын ұйымдастырды, өздерінің (бұрынғы келген отанындағыдай) басқару үлгілерін, өз ереже, тәртіптерн орнатты, басқарушы элита мен әскердің басында болды. О. Сүлейменов өз еңбектерінде ежелгі саяси және мемлекеттік титул аттарының мемлекеттік, сот лексикондарының түрік тілінен шыққанын және түріктің руникалық жазуының оларда тарағанын дәлелдеп берген. 

Арқайым-Сынтасты ежелгі Торғай елінің дінін басқару формаларын осы халық өзімен бірге жаңа жерлерде де таратқанын осы дінді басқару үлгілерін шумерлердің, эламиттердің, эблакттердің, хеттердің, прагректердің, маргияндардың, бакіршіліктердің және хараппалықтардың қабылдап, өз өмірлерінде қолданғанынан да көруге болады. 

Темір дәуірінде жалпы адамзат тарихында ұлкен қозғалыстар, көші – қон болған кез, оның алдыңғы сапында Тұрандық, оның ішінде Торғайлық прототүріктер де болды. Олар өздері бағындырып, билік жүргізген күллі Шығыс және Батыс Еуропа елдерінде, сол бұрынғы қалыпша өздерімен бірге ала келген, далалық сол кездегі алдыңғы қатарлы өркениеттерді таратты. Мысалы, Осы оңтүстік Орал – Солтүстік Қазақстаннан (Торғай) шыққан кемерліктер мен сақтар Орта Азия және Кавказ арқылы ежелгі Шығысқа өздерінің кілемдерін, «аң стилі» атты ювелирлік өнерін, дінін, (зороастризм және тәңірлік-тенгрианство) және де ғылымда криникиилік және арамейлік деген атаулармен белгілі – өзінің көнетүріктіқ жазуын таратты. 

Атей – б.з.д. 346 жылы Каллапс қаласында өз аты жазылға ақша (монета) шығара бастаған скифтердің бірінші билеушісі. Сонымен қорыта айтқанда, ғылымда үндіеуропалық немесе үндіирандық мәдениет деп қате қабылданған далалық мәдениет Тұранда пайда болып, оны мыңдаған жылдар бедерінде далалықтар-прототүріктер ғана жаратқан. Ол Еуразияның барлық региондарына тарады. Бұл жерде алғаш рет қоғам топ-тапқа бөлініп, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап жеке меншік пен мемлекеттер пайда болған. 

Ежелгі түріктер еуразиялық континенттің әртүрлі аудандарын басып алып, барлық жерде: Кеумерлерде, Эблада, Критте, Ликенде, Хет мемлекетінде Маргиян, Бактриямен, Иранда және Индияда өздерінің басқару формаларын орнатты, сондықтан бұл елдерде ел басқару үлгісі ұқсас және ел басқару терминдері де жалпы түрік тілді бір негізде. 

Далалық түріктер өздерінің шумерлік, арқайым-сынтасты, сақтық мәдениеттерін соңғы орта ғасырда, бұнда ислам діні келгенге дейін сақтады. Бұл түрік тектілердің, қазақ жеріндегі, оның ішінде қасиетті Торғай топырағындағы ежелгі ата-бабаларымыздың ешқайдан келген жоқ, осы мәдениеттің әр кезде иесі – осы жердікілігін – ғылыми тілде автохтондылығын білдіреді, және де дүние жүзіне таратушы екендігін білдіреді. Оның ішінде скифтер, сақтар, гундар, түріктер – бәрі де шумерлер, арқайымдар, андроновтықтардың ұрпақтары екенін біз өткендегі тараулардан білеміз. Бұлардың шумерлер б.з.д. 9-5 мың жылдықтарда; арқайым, андроновтықтар б.з.д.5-2 мың жылдықтарда; скиф, сақ, сармат,ғұн, түріктер – б.з.д. 1,1мың жылдан осы заманның 7 ғасырына дейін Тұран-Торғай бойында өмір сүріп, өз мәдениеттерін дамытып, дуние жүзіне өздері таратқан. Бұл жерде әлемге әйгілі ежелгі грек цивилизациясының ең дамыған уақыты далалық цивилизациядан 6 ғасыр кейін, тек 5-4 ғасырда сол далалық цивилизация негізінде ғана дүниеге келгенін есте сақтаған жөн. 

Кеңесбек Мәулетұлы, зерттеуші

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?