Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Сапалы білім саналы ұрпақты тәрбиелейді»

1269
«Сапалы білім саналы ұрпақты тәрбиелейді» - e-history.kz

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осыған байланысты Астана қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры PhD докторы М.М. Қозыбаева., т.ғ.м., М.Д. Тлебалдиева өз пікірін білдірді.

Мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырып, ағзаның тұтастай біркелкі жұмыс жасауы үшін қажетті қорегін – су деп алатын болсақ. Бүгінгі қоғамдағы судың қызметін атқаратын құрал ол - білім.  Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген нәтижелер мен болашақ бағдарының білім мен ғылым саласына тиесілі тұстарына тоқталатын боламын. 

Жолдаудағы білім мен ғылым саласының 2020 жылдан бері күрделі қаржыландырылып отырғанын,  соның ішінде мұғалімдер жалақысының екі есе өскенінен көре аламыз.

Қазақстан аумағы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатыны көңіл қуантады. 

Биылғы жылдан басталған «Ұлттық қор – балаларға» жобасының іс жүзінде қолға алынғандығы мен алдағы жылдан бастап әрбір баланың есепшотына қаражат түсетіні ұлт болашағы үшін жасалынып отырған маңызды іс деп танимын.

Әлемдік дамыған елдер тәжірбиесінде цифрландыру ісі мен жаңа инновацияны енгізу мәселесі алдыңғы  орында, неге десеңіз білім мен ғылым саласының экономикалық әлеуетін арттыратын  негізгі бағдары болып табылғандықтан мемлекет басшысы да жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы, білім экономикасына тың серпін бере алатындығымызды нақты көрсетіп отыр. 

Ірі қалалардағы жоғары оқу орындарымен қатар, әрбір облыс орталығындағы жоғары оқу орындары Астана хабының тәжірибесі негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құрып, нақты секторлармен тығыз ынтымақтаса отырып жұмыс жасау уақыт күттірмейтін қызмет түрі екендігі айтылды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болатындығы айқын, осы орайда өзара бір бірімен тікелей байланысты барлық сала мемлекет дамуы мен алдағы жоспарлардың нәтижелі жұмыс жасауына барынша қызмет атқаруымыз керек.

Жолдауда ғылым саласына қатысты айтылған бірегей жаңалық ол әрине барлық облыс орталықтарында кретивті индустрия орталықтарының ашылып, тиімді жұмыс жасау қажеттігі айтылды.  Әрбір өңірдің өзіндік әлеуеті мен алға дамуы үшін қандай бағытта жұмыс жасауы керектігін өңірлік ғалымдар мен ізденушілер кеңірек білетіндері айқын, осыған орай озық идея мен креативті ой иелерінің басын біріктіру өте орынды жоба деп танимын.

Сапалы тірі білім ғана саналы ұрпақты тәрбиелейді. Жалпыға қолжетімді білімді бәріне бірдей беру үшін ғаламтор желісінің жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары қолжетімді болуы нәтижелі жұмыстың кепілі екендігін Мемлекет басшысы нақтылап өтті. 

Сөз соңында Мемлекет басшысының ойымен қорытындылағым келіп отыр  «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?