Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ашық есік күні өтеді

1761
Ашық есік күні өтеді - e-history.kz

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» Ке АҚ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы 12 сәуір – Ғылым күні қарсаңында бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім талапкерлеріне және ғылымға қызығатын жастарға Ашық есік күнін өткізеді.

Академик Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына ұйымдастырылып отырған іс-шарада Сіздерді пайдалы ақпарат, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ғалымдары мен сирек мамандар құрамымен танысу, академикке хат жазған ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы қасиетті Ұлытау өлкесінің өрені Ахметов Мақсұт Қыздарбекұлымен кездесу күтеді. 

     Ашық есік күні: 

  • Бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім талапкерлеріне және ғылымға қызығатын жастарға «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы туралы ақпарат беріліп, ғылыми орталықтың ғалымдары мен мамандарынан қолжазбаларды жинақтау, жүйелеу және зерттеу жұмыстары туралы ғылыми әдістемелік кеңес алады. 
  • Академик Әлкей Марғұлан кабинетіне (Университеттің Ғылыми кітапханасы, 204 каб) «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ғалымдары зерттеген қолжазбалар мен зерттеулер, баспадан шыққан кітаптар көрмесі қойылады. 
  • Ашық есік күні ғылыми орталық басшысы т.ғ.д. Д. Махат, бас ғылыми қызметкер, ф.ғ.д. Т. Жұртбай, бас ғылыми қызметкер, шығыстанушы, көне қытай, қытай және басқа да қолжазбаларды оқитын сирек маман Е. Сыламхан, бас ғылыми қызметкер, араб және парсы тілдерінің маманы, шығыстанушы Б. Мұстафаев, алаштанушы жас ғалым З. Кәрімхан: 
  • «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының зерттеу бағыты
  • «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімі қорында жинақталған құнды рухани мұралар
  • Сирек кітаптар мен қолжазбаларды қорға жинақтау, жүйелеу, оқу, ғылыми сипаттама жазу, зерттеу, ғылыми айналымға шығару 
  • Ғылыми жобалар, нәтижелері туралы баяндап, жастардың сұрақтарына жауап береді. 
  • Ғылыми зерттеу жұмыстары барысында табылған академиктің ғылыми-эпистолярлық мұрасы, «Ашық есік» күніне арнайы шақырылған Ә. Марғұланға хат жазған №1 Ұлытау орта мектебінің оқушысы, бүгінгі ел ағасы Ұлытау ауданы аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ахметов Мақсұт Қыздарбекұлының хаты таныстырылып, естеліктерімен бөліседі. 
  • Университет ғылыми кітапханасы «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің басшысы М. Ермағанова қордағы қолжазба мұралар туралы баяндайды.

Күні: 2024 ж. 3 сәуір

Уақыты: 15:00

Өтетін орны: «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» Ке АҚ Ғылыми кітапханасындағы Академик Әлкей Марғұлан атындағы кабинет (204 каб).

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?