«Қазақстанның ауылшаруашылығы журналының» 1966 жылғы №7 санында жарияланған тағы бір зерттеу мақалада жақсы өнім алу үшін жерді танаптарға бөліп пайдаланудың маңызды екені айтылады. Мақала авторы ретінде А. Полупуднов (Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты) және Б. Гумеров (аға ғылыми қызметкер) деген екі адамның есімі көрсетілген. Мақала Ауыспалы егістегі бидайдың алғы дақылы деп аталады.
Енді мақалаға назар аударсақ:
Жаздық бидайдың шығымын көтеріп, өнімін молайтудың негізгі шартының бірі – оны жақсы танаптарға орналастыру.
Таза пар. Қазақстанның қуан аудандарында таза пардың манызы өте зор: таза пар арам шепке қарсы бірден-бір мықты тәсіл болумен бірге парға жыртылмаған танаптармен салыстырғанда көбінесе топыраққа ылғал мен қоректік заттарды мол жинайды.
Астық шаруашылығы институтының ауыспалы егіс жөніндегі лабораториясының мәліметтеріне қарағанда, 1964 жылы парға орналастырылған егістіктің бір шаршы метрінде 14 түп арам шөп, сол жерге келер жылы тағы да еккенде 61 түп, үшінші жылы 65 түп арам шөп өсіпті. 1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибе станциясында бидайдың шөпшарлылығы былайша болды: таза парға егілген жерде 13 түп, сол жерге екінші және үшінші мәрте еккенде тиесінше 60 және 51 түп арам шеп өскен. Қара сұлы, қалуен секілді және басқа химиялық жолмен отауға келмейтін көпжылдық арамшөптерді құртуда пардын алатын орны ерекше. Сондай-ақ қайырмасыз плугпен айдалған таза пардың да пайдасы бар.
Топыраққа әрдайым ылғал жинау үшін де пар қажет. Қазір бұл жөнінде ешкім дау айта алмайды. Астық шаруашылығы институтының ауыспалы егіс жөніндегі лабораториясының анықтағанындай (1963-1965 ж.) пардын бір метр қабатында 130 миллиметр, жүгерілікте 102 миллиметр және бидайдың орнына үздіксіз бидай егілген жерде 106 миллиметр ылғал жиналады екен. Қуаңшылық жылы бұл айырмашылық әсіресе айқындала түседі. Куан болған 1965 жылы таза парда 120 миллиметр қайырмасыз плугпен өнделген бидай егістігінде 91,7 миллиметр және, қайырмалы плугпен өңделген бидай егістігінде 43,5 миллиметр ылғал жиналған.
Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институты, Қарабалық және Солтүстік Қазақстан облыстық тәжірибе станциясының мәліметтеріне қарағанда бидайдың тұқымын себер кезде пар емес танаппен салыстырғанда парда нитраттар қоры екі еседен астам болады екен. Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институтынып тыңайтқыш женіндегі лабораториясының мәліметтері жылжымалы фосфордың (Р2О) жиналуы жөніннен пар емес танаппен пардын дарежесі бірдей екендігін көрсетеді.
Парга нитраттар мол жиналып, керісінше фосфор қышқылы аз қосылса өсімдіктің қоректік заттары жетіспей қалады. Фосфор қышқылы жетіспей, азоттың тым көп болуынан өсімдік құрғақшылыққа шыдай алмайды. Ондай пардың пайдасы шамалы. Топырақта қоректік заттардың арақатысын теңестіру үшін пар айдаған кезде фосфорлы тыңайтқыш себу керек. Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институты агрохимия бөлімінің мәліметтері бойынша әр гектарға 1 центнер суперфосфаттан бергеннің өзінде бидайдан 3 центнер тіпті онан да көбейіп, гектар басы қосымша өнім алуға болатын көрінеді.
Таза пардың агротехникалық әсері үш жылға дейін созылып отырады (1-кестені қараңыз).
Әртүрлі танапқа егілген жаздық бидайдың шығымдылығы (Бүкіл одақтық азық шаруашылығы институты жанындағы лабораториядан 1963-65 жылы алынған мәліметтер, әр гектардан центнер есебімен).
Қарабалық және Солтүстік Қазакстан облыстық тәжірибе станциясынан алынған көрсеткіштер де нақ осындай және мұны колхоз бен совхоздардың өндірістік тәжірибесі дәлелдей түсуде.
Астық шаруашылыгы институтының тәжірибе шаруашылығында (1961-1965 жылғы бақылаулар) таза парға егілген бидаймен салыстырғанда бидайды сол орынға екінші мәрте еккенде оның шығымы 21 процент, үшінші жолы 25,9 процент кеміген. Себе 61, егістікті арам шөп басып, топырактың су және коректік заттар режимі бұзылады.
Жүгері
Қазақстанның солтүстік облыстарындағы совхоз бен колхоздар үшін пар емес танаптардың ішінде бидайдың ең қолайлы алғы дақылы жүгері болып табылады.
Соңғы жылдары бидай егілетін жүгеріліктің көлемі едәуір кеңіді. Алайда, мұның өзі тым жеткіліксіз болып отыр. 1964 жылы жүтеріліктің көлемі 725,4 мың гектарға жетіп, бүкіл бидай егісінің жалпы аумағының 5,6 процентін ғана (1962 жылы 1,7 процент болған) алды. Ылғал молырақ түсетін аймақтарда бидай егілетін жүгеріліктің көлемі ұлғая түсуде. Мысалы, Солтүстік Қазакстан облысында жүгерілікке егілетін бидайдың үлес салмағы 9,9 процент.
Жүгерінің аз егілуіне себеп сол, өйткені бұл өңірде оның шығымы мардымсыз. Соңғы он жылда (1955-1964 ж.) Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысында орта есеппен 71 центнерден ғана өнім түскен. Бірақ, соған карамастан, жүгерілікке егілген бидайдың шығымы таза пардағымен бара-бар (2-кестені қараңыз).
1962-1964 жылдары Солтүстік Қазақстанның солтүстігіндегі облыстар бойынша парға жүгерілікке егілген бидайдың орташа өнімі (әр гектардан центнер есебімен).
Ғылыми мекемелер, сорт сынау участоктары және совхоздар мен колхоздар агротехникалық epeжелердің комплексін тұтас қолданса, жүгеріден және жүгерілікке егілген бидайдан жоғары өнім жинай алады.
Жүгерілікке егілген бидай егістігінде арамшөп таза парға егілген жердегімен бірдей болады. Таза пармен салыстырғанда қуаң, жылдары жүгерілікке ылғал аз жиналады да, жауын-шашын мол болған жылы тең түседі.
Көпжылдық шөп
1964 жылы Қазақстанның Солтүстігіндегі бес облыста 708 мың гектар жерге, яғни егістіктіц 3,5 процентіне көпжылдық шөптер егілген болатын. Егіншілікті ғылыми негізде өркендету көзделіп отырған қазіргі жағдайда көпжылдық шөптер егісінің көлемі ұлғая түспек. Әсіресе, қызыл-қоңыр топырақтың қуаң әрі жел өтіне шыдамайтын жерде оның маңызы зор. Бұл аудандарда егін жолақ бойынша салынып жүр. Дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер жолаққа кезектестіріліп егіледі. Біршама куаңдау ауданда ол ауыспалы егістің шығарма тана-бына орналастырылып жүр.
Көпжылдық шөп егілген жердің суы тез құрғайды. Сондықтан түсетін ылғалды жинау керек. Бұл үшін шөптің қыртысын аударып, пар жырту керек. Тың және тыңайған жерлерді және бидай егілетін көпжылдық шөптер танабын күзде, жауын-шашын мол түсетін кезде ағын суды өз орнына жұмсай отырып пайдаланған жөн.
Шөптің аударма қыртысын кеш көтеру, көбіне ол жерге егілетін дақылдық шығымына кері әсерін тигізеді. Мұны тәжірибе жүргізетін мекемелердін көптеген зерттеулері мен Қазақстанның қуаң жерлеріндегі совхоз колхоздың практикасы дәлелдей түсуде. Солтүстік Қазақстан және Көкшетау, облыстарындағы төрт сорт сынайтын төрт участокта парға егілген бидайдан үш жылда (1949-1951 ж.) орта есеппен 15,2 центнерден, шөптің арасына егілген жерден 9 центнер гектар басым өнім түскен. Қостанай облысындағы сорт сынау учаскелерінен алынған өнім де осы шамалас.
1953-1956 жылдары Қарабалық тәжірибе станциясында парға егілген бидайдың әр гектарынан 16,7, ал көпжылдық шөптің табынына егілген жерден, (аябьке айдалған), 11 центнерден өнім алынды. 1962-1964 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстык тәжірибе станциясында, көпжылдық шөптің орнына егілген танаппен салыстырғанда, парға егілген қатты бидайдың әр гектарынан 6,7 центнер өнім артық алынған. Аса қуан болған 1965 жылы Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ауыспалы егіс лабораториясында пардағы бидайдан 6,7 центнер өнім түсті.
Зерттеулер мен өндірістік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ылғал жеткілікті болған жылы көпжылдық шөптің танабы мен тын және тынайған жерге егілген бидай шығымды болады екен. Мысалы 1952-1953 жылдары Шортандыдағы бұрынғы тәжірибе участогында орман алқабының ішінде орналаскан көпжылдық шепке тың орнына егілген бидайдан, таза пармен салыстырғанда, 1,6 центнер өнім гектар басы артық алынған.
Тың және тыңайған жердегі көпжылдық шөптің танабын екі-үш жыл пайдалануға болады.
Біржылдық шөптер
Жемшөпке арнап егілетін біржылдық шөптердін ішіндегі көп тарағаны сұлы, асбұршақ-сұлы және сиыр-жоңышка-сулы аралас егістері 1964 жылы Солтүстік Қазақстанның солтүстігіндегі облыстардың совхоздары мен колхоздары 920,2 мың гектарға, яғни жалпы егістіктің 4,8 процентіне біржылдық шөптер егілді. Агротехникалық ережелер мұқият орындалса, көпжылдық шөп шығымды әрі бидайдың қолайлы алғы дақылы.
Таза пар және асбұршақ-сұлынын аралас егісі жазғыдық бидайдың алғы дақылы есебінде оның түсіміне тигізетін әсері (Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институты және Солтүстік Қазақстан облыстық тәжірибе станциясының мәліметтері) (3-кестені қараңыз).
Б.А. Копеев (Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институты) және басқа зерттеушілердің мә-ліметтеріне қарағанда, парға екінші мәрте егілген бидайдын шығымы біржылдық шөптен кейін егілген жердегіден айырмасы жоқ. Құнарлы жерде, әсіресе қаратопырақты аймақта, біржылдық шөптерді ауыспалы егіске енгізіп, алғы дақыл есебінде ойдағыдай пайдалануға болады. Бүкіл одақтық астық шаруашылығы институты мен тәжірибе станцияларының зерттеулері анықтағандай, таза пардан гөрі жүгерілікке егілген бидайдың егістігінде азот пен фосфордың ара-қатынасы жақсарады, ал мұның өзі жаздық бидайдан жоғары өнім жинаудың кепілі болып табылады.
Дәнді бұршақтылар
Бұл дақылдардың ішінде Солтүстік Қазақстанның солтүстігіндегі совхоз және колхоздарында ең көп тарағаны – асбұршақ. 1964 жылы асбұршақтың орнына егілген бидайдың көлемі 322,3 мың гектарға жетіп, орта есеппен 11,8 центнерден гектар басы өнім түсті. Бұл көрсеткіш парға екінші мәрте егілген бидаймен салыстырғанда біршама артық. Асбұршақ ылғалды көп тілейтін, құнарлы да арам шөптен таза егістікте шығымды болатын дақыл. Осы шарттар жүзеге асырылғанда оның өнімділігі жақсарып, жаздық бидайдың алғы дақылы ретінде де көп пайдасын тигізеді. Қарабалық тәжірибе станциясындағы орман алқабының ішіндегі құнарлы да арам шөптен жерге егілген асбұршақ бітік өс кен және бидайдың жақсы алғы дақылы болған. Үш жылдың ішінде кең қатарлы әдіспен егілген асбұршақтын орнына бидай салғанда әр гектардан 10 центнерден, жай қатарлы әдіспен себілгенде 9,4 центнерден өнім түскен. Сол жылдардың ішінде таза парға егілген бидай гектар басы 10,7 центнерден өнім берді.
Бү кіл одақтық астық шаруашылығы институты мен Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясында алынған мәліметтер бұған қарама-қарсы.
Бидаймен салыстырғанда ас бұршақ қуаңшылыққа төзімсіз. Мысалы, астық шаруашылығы институтында төрт жылдың ішінде (1962-1965 ж.) асбұршақтан гектар басы 4,2 центнер өнім жиналганда, бидайдың әр гектарынан 9 центнерден түскен. Асбұршақты шауып алғаннан кейін оның орма қалдықтары тым алаca қалатындықтан, қыста қар тоқтатуға пана бола алмайды. Сөйтіп, дәнді дақылдардың орма қалдықтарымен салыстырғанда топыракка ылғалды аз жинайды.
«Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналы 1936 жылдан бастап жарық көре бастаған. Бұл журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет шығып тұрды. Әрине о бастағы атауы да басқаша болды. 1936-1937 жылдары аралығында «Колхозды Қазақстан», 1938-1951 жылдары ішінде «Қазақстанның колхоз-совхоздары» деп өзгертілді. 1951-ден 53-ке дейін «Қазақстанның социалистік мал шаруашылығы» деп шыққаны бар. 1953-нші жылдан бастап «Қазақстан ауыл шаруашылығы» деген атпен жарық көре бастады. Журнал 1990 жылдың аяғында жабылды. Аталмыш журналда қазақ даласындағы ауыл шаруашылығындағы қолданысқа еніп жатқан озық тәжірибелер, ғылымға еніп жатқан соңғы жаңалықтар жәні оларды өндіріске енгізу, сондай-ақ ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен ғылым жетістіктері жазылып тұрды. Егіншілік пен бау-бақша мәселесі де көтеріліп тұрған.