Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қайда, қашан, қалай?

1549
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қайда, қашан, қалай? - e-history.kz

Алдағы қыркүйек айының 08-14 аралығында Астана қаласында өтетін аса ірі мәдени-спорттық сайыс – V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Қазіргі таңда қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтсе, бұдан бір күн бұрын көшпенділер ойының барлық мәдени шарасы өтетін Этноауылдың ашылуы жоспарланыпты.

Дүбірлі доданы ұйымдастырушы өкілетті органдар:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі
  • Дүниежүзілік этникалық спорт түрлері конфедерациясы
  • Түркі мемлекеттер ұйымы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Мәртебелі жарысқа қолдау көрсетіп отырған  халықаралық ұйымдар:

  • ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры). 
  • ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тарихы 

І Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылы Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ұйымдастырылып, оған 19 мемлекеттің 583 спортшысы қатысып,  спорттың 10 түрі бойынша сайысты.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тағы да Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ұйымдастырылып, оған 62 мемлекеттің 1200 спортшысы қатысып, олар сайыстың 26 түрі бойынша өзара мықтыларды анықтады.

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшінші дүркін Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ұйымдастырылып, оған 82 мемлекеттің 2000 спортшысы ойынның 37 түрі бойынша сайысты.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылып, оған 81 мемлекеттің 1500 спортшысы қатысып, олар ойынның 13 түрі бойынша сайысқан. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдағы қыркүйек айының 08-14 аралығында Астана қаласында ұйымдастылып, оған 85 мемлекеттің 2000 спортшысы ойынның 21 түрі бойынша 97 медальды сарапқа салмақ.

Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы үш бағыт бойынша ұйымдастырылады. Олар: 

  • Спорт.
  • Мәдениет.
  • Ғылым.

 

1. Спорттық бағдарлама 

Осы реткі ойын түрлері бойынша сайыс бағдарламасына 21 спорт түрі еніп отыр. Бұл сайыс түрлеріне 370 адам төрешілік жасайды.

Спорт-ойын  түрлері

Өтетін орны

Уақыты

 

 

1

Асық ату

«Алау» мұзсарайы

08-11 қыркүйек  

2

Бәйге түрлері

«Қазанат» атшабары

12-13 қыркүйек  

3

Теңге ілу

Этноауыл

11-13 қыркүйек  

4

Корэш

«Алау» мұзсарайы

08-10 қыркүйек  

5

Мас-рестлинг

«Алау» мұзсарайы

08-10 қыркүйек  

6

Мангала

Парламент «Думан

12-13 қыркүйек  

7

Дәстүрлі садақ ату

КСОК - Арғымақ

08-12 қыркүйек  

8

Орда

«Алау» мұзсарайы

11-13 қыркүйек  

Көкпар«Қазанат» атшабары08-12 қыркүйек  

10

Қазақ күресі

Жекпе-жек сарайы

08-10 қыркүйек  

11

Кураш

Жекпе-жек сарайы

11-12 қыркүйек  

12

Күштілер сайысы

(Powerful nomad)

Этноауыл

10-11 қыркүйек  

13

Овари

Парламент «Думан

11-12 қыркүйек  

14

Құсбегілік

Этноауыл

11-13қыркүйек  

15

Арқан тартыс

«Алау» мұзсарайы

10-11 қыркүйек  

16

Аударыспақ

Этноауыл

08-10 қыркүйек  

17

Аштырма аба гюреши

«Алау» мұзсарайы

11-12 қыркүйек  

18

Алыш

Жекпе-жек сарайы

10-11 қыркүйек  

19

Тоғызқұмалақ

Парламент «Думан»

08-12 қыркүйек  

20

Жамбы ату

Этноауыл

07-11 қыркүйек  

21

Көкбөрі

(Қырғыз көкпары)

«Қазанат» атшабары08-12 қыркүйек  

Жоғарыдағы спорт-ойын түрлеріне жеке-жеке тоқталар болсақ:

Аударыспақ сайысы: 60 кило, 70 кило, 80 кило, 90 кило, 100 кило, + 100 салмақ катогориялары бойынша өтеді.

Бәйге түрлері: ұшқыр бәйге (1600 м), ұшқыр бәйге (2400 м), ұшқыр бәйге (3200 м), жорға (9000 м), құнан бәйге (11 000 м), топ бәйге (18 000 м), аламан жарыс (25 000 м) қашықтыққа жарысады.

Жамбы ату түрлері: мажар стилі, корей стилі, түрік стилі, жамбы ату стилі, «Тайтұяқ» сайысы бойынша өтеді.

Теңге ілу сайысы: «Бес белес», «Қос құлаш», «Жеті құт»  түрлері бойынша өтеді.

Дәстүрлі садақ ату: пута стилі, qalgan стилі, zhamby стилі бойынша өтеді.

Қазақ күресі. Ерлер салмақ дәрежелері: 55 кило, 60 кило, 66 кило, 74 кило, 82 кило, 90 кило, 100 кило, +100 кило. Әйелдер салмақ дәрежелері: 48 кило, 52 кило, 56 кило, 60 кило, 65 кило, 70 кило, 77 кило, +77 кило салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

Алыш. Қырғыздың ұлттық белбеу күресі. Ерлер салмақ дәрежелері: –  60 кило, 70 кило, 80 кило, 90 кило, 100 кило, +100 кило. Әйелдер салмақ дәрежелері: 55 кило, 60 кило, 65 кило, 70 кил, 75 кило, +75 кило салмақ бойынша белдеседі.

Кураш. Ерлер салмақ дәрежелері: 60 кило, 66 кило, 73 кило, 81 кило, 100 килодан жоғары. Әйелдер салмақ дәрежелері: 57 кило, 70 кило, 87 килоға дейін.

Асық ату. Асық ату, бес асық түрлері бойынша сайысады;

Орда. Асық ойынының бір түрі. Жарыс Қырғыз Республикасының «Орда Оюну» федерациясының ережесі бойынша өтеді.

Мас-рестлинг. Солтүстік Ресей тұрғындарының ойыны. Қарсыластар бір-біріне қарама-қарсы отырып, аяқтарын тақтайға тіреп, екі қолымен таяқша ұстайды. Жеңіске жету үшін спортшы қарсыласының қолынан таяқты жұлып алуы немесе оны таяқпен бірге өз жағына тартып шығаруы керек. Кездесу бір балуанның екі жеңісіне дейін созылады. Салмақ дәрежесі: ерлер арасында: 65 кило, 70 кило, 80 кило, 90 кило, 105 килоға дейін. Әйелдер арасында: 55 кило, 65 кило, 75 килоға дейін.

Аштырма аба гюреши: Тек ерлер қатысатын түріктердің ұлттық белбеу күресі. Салмақ дәрежесі: 60 кило, 70 кило, 80 кило, 90 килоға дейін.

Корэш. Көшпенділердің көне күрес түрі: салмақ дәрежесі (ерлер) 65 кило, 75 кило, 80 кило, 90 кило, 90 килодан жоғары. 

Арқан тартыс. Команда құрамы 20 спортшы (10 ер, 10 әйел), Ерлер құрамасының біріккен салмағы 720 кило, әйелдер құрамасының біріккен салмағы 560 килодан аспауы керек. 

Овари. Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатар орналасқан алты бірдей шұңқырша болады. Бұл ойын 48 шармен ойналады.

Мангала. Түрік халықтарының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады. Бұл ойын да 48 таспен ойналады.

****

Жоғарыдағы спорттық сайыстарға еліміз құрамасын дайындау ісі Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мекемесіне жүктеліпті. «Көшпенділер ойынына қатысатын Қазақстан құрамасы тыңғылықты дайындалып жатыр», – дейді Ұлттық және ат спорты түрлері ортылығының басшысы Бақдәулет Сәбит мырза. 

Яғни ұлттық құрама дайындық барысында 13 дүркін халықаралық, 39 дүркін республикалық оқу жаттығу жиынына қатысыпты. Сондай-ақ 23 халықаралық, 17 республикалық турнирге қатысып тәжірибе жетілдірген екен. 

Дүбірлі дода кезінде өнер көрсететін еліміз құрамасының функционалдық және психологиялық жағдайын бақылау үшін маман ғылымдардан тұратын жұмыс тобы қызмет жасап жатыр.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының медалдары: алтын, күміс, қола

2. Мәдени бағдарлама

Мәдени бағдарлама спорттық бағдарламадан кем түспейді. Мәдени бағдарлама аясында «Бірлік керуені», «Этноауыл», «Көшпенділер әлемі» жобалары жүзеге асырылады. «Бірлік керуені» жобасы бүкіл елімізді қамтиды. Жобаның идеясы – бүкіл қазақстандықтарды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тарту. Әр өңірде бірлік керуені өтіп, ол өңірдегі белгілі су көзінен басталып, киелі суды жинап, қаланың басты көшелерімен тасып, елордамыз Астанаға жөнелтеді. Су құйылған торсықты Астанаға Ойындардың ашылу салтанатына қатысатын батыр жеткізеді. «Бірлік керуені» жобасы аясында өңірлерден 3 киіз үй жөнелтіліп, олар «Көшпенділер ғаламы» этноауылына орнатылады. 

Дүбірлі дода күндері жалпы көлемі 10 гектар аумақты алып жатқан Этноауыл сахнасында 150 астам әртүрлі мәдени іс-шара өтеді. Атап айтсақ, отандық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, ақындар айтысы, мүшәйра, «Көшпенділер ғаламы» атты қойылым, сән көрсетілімі (подиум), этномәдени бағытты насихаттайтын ән-жыр, концерт, этникалық киім үлгілері, т.б. 

Сырттан келетін 2500-ге тарта ресми қонақтар үшін елорда төрінен 32 қонақ үй сапалы жабдықталып отыр. Оның екеуі Қосшы қаласы аумағына орналасқан. Сондай-ақ дүбірлі доданы тамашалауға сырттан 100 мыңдай турист келеді деген болжам бар. Ойын кезінде қызмет көрсететін еріктілер саны 1000 адам. Көбі студент жастар. 

3. Ғылыми бағдарлама

Ұлы дала дүбірі додасының бір саласы – ғылыми бағдарлама. Аталмыш бағдарлама аясында: қыркүйек айының 9-11 күндері «Тарих және мәдениет», «Спорт», «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» атты үш секциядан тұратын «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді. Бұл бас қосуға  Корея, Словакия, Швейцария, Моңғолия, Малайзия, АҚШ ғалымдары баяндама жасауға өтініш беріп отыр.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ұйымдастырып, өткізу үшін қонақтар мен спортшыларды тасымалдауға және шаруашылық жұмыстарына: үлкен автобус 100, шағын автобус 35, шағын жүк көлігі 10,  эконом класс көлігі 150, бизнес класс көлігі 25, жоғары санатты көлік 23 дана қызмет көрсеуге әзер тұр. 

Сонымен қатар, көшпенділер ойынын өткізу үшін Аккредитациялау, жабдықтау және логистикалық орталық (Астана қаласы, Тұран даңғ. 59) жұмысын бастап кетті. Алдан ала болжам бойынша, көшпенділер ойынын насихаттау ісіне 100-ден астам медиа серіктестер жұмылатын түрі бар.

Ойындардың негізгі ақпараттық құралы болып табылатын веб-сайт және әлеуметтік желілердегі парақшалар іске қосылды. 

Дүбірлі доданың ұраны мен тұмары

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны –  «Ұлы дала дүбірі» деп аталса, ресми тұмары ретінде «Күншуақты шабандоз» бейнесі таңдалыпты. Тұмардың айналасына ежелгі түркілердің руна жазуы бәдізделген. Пішіні – дөңгелек. Логотиптің түсі – қою қызыл. Бұл түс ақық дейтін жартылай асыл тастың қарапайымдылығы мен әсемдігін бейнелейді. Ақық өзінің қызыл реңкімен қан мен отқа ұқсайды және өмірлік энергиямен, жүрекпен және күнмен ассоциацияланады. Сонымен қатар қамшы, белбеу және дәстүрлі зергерлік бұйымдар сияқты тұрмыстық заттар ақықтың күңгірт түстерімен безендірілген.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?