Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

V көшпенділер ойыны: үшінші күннің қорытындысы

1183
V көшпенділер ойыны: үшінші күннің қорытындысы - e-history.kz

Дүниежүзілік реткі  көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан 21 алтын, 10 күміс, 17 қола медальмен алда келе жатыр. Бауырлас Қырғыз елі 7 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен екінші орынға жайғасса, Өзбекстан Республикасының қоржынында 7 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль бар. 

ДКО Дирекциясының хабарлауынша, кеше спортшылар көкпар, көкбөрі, аударыспақ, жамбы ату, күрәш, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, мас-рестлинг, асық және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен сайысқа түсті. 

 

Жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Этноауылда өткен аударыспақта 90, 100 және 100+ келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күш сынасты. 

90 келі:

1-орын: Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан

2-орын: Есімхан Рахматилла (Қазақстан)

3-орын: Инсаф Хусаинов (Ресей

100 келі:

1-орын: Сырым Ізбасаров (Қазақстан)

2-орын: Бақытжан Жанат (Моңғолия)

3-орын: Кольчар Даниэль (Мажарстан) 

100 келіден жоғары:

1-орын: Біржан Қосалиев (Қазақстан)

2-орын: Кумушбек Кыдыралиев (Қыргызстан) 

3-орын: Лакатош Валентин (Мажарстан) 

Түркі стилінде жамбы ату сайысына 27 елден 78 спортшы қатысты. Жамбы ату жарыстары да этноауылда өтіп жатыр.  

1-орын: Ералхан Айкөз  (Қазақстан)

2-орын: Егит Керем (Түркия

3-орын: Айтбек Сарыбай (Қазақстан)

«Арғымақ» ат спорты кешенінде «Qalqan» стиліндегі дәстүрлі садақ ату сайысы өтті.

Ерлер арасында жүлделі орын иеленгендер: 

1-орын: Кочжка Ласзло (Мажарстан)

2-орын: Тапенов Ербол (Қазақстан)

3-орын: Қанат Қасымхан (Қазақстан)

Әйел мергендер: 

1-орын: Рено Сури (Индонезия)

2-орын: Анна Алексеева (Ресей)

3-орын: Асель Садырова (Қырғызстан)

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер және әйелдер арасындағы қазақ күресінде 41 елдің спортшылары 8 салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті. 

Ерлер арасында өткен сайыстың жеңімпаздары

82 келі:

1. Умид Эсонов (Өзбекстан)

2. Эсенбек уулу Шатме (Қырғызстан)

3. Сылапберди Нуриев (Түрікменстан)

3. Талеби Сардар Абади Тейеб (Иран)

90 келі:

1. Умар Бозоров (Өзбекстан)

2. Паата Гвиниашвили (Грузия)

3. Ерасыл Жаңатай (Қазақстан)

3. Хакназар Назаров (Тәжікстан)

100 келі:

1. Ерсұлтан Мұзаппаров (Қазақстан)

2. Зураб Чагелишвили (Грузия)

3. Бадло Этемади (Иран)

3. Виталий Балянов (Ресей)

+100 келі:

1. Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан)

2. Муксин  Кхисомуддинов (Өзбекстан)

3. Дадахон Курбоналиев (Тәжікстан)

3. Онисе Бухадзе (Грузия) 

Әйелдер арасында өткен сайыстың жеңімпаздары

70 келі:

1. Роза Нысантайкызы (Қазақстан)

2. Алина Пухова (Ресей)

3. Батсэцэг Цогоочир (Моңғолия)   

3. Дин Ван (Нидерланды)

65 келі :

1. Зарина Сарипова (Қазақстан)

2. Мухлисахон Кадырберганова (Өзбекстан)

3. Ирина Килапова (Беларусь)

3. Анна (Индия)

77 келі

1. Бетти Вук (Италия)

2. Зәмзәгүл Файзоланова (Қазақстан)

3. Дина Гизатуллина (Ресей)

3. Филура Ергашова (Өзбекстан)

+77 келі:

1. Урзула Хофман (Польша)

2. Севич Махмуджонова (Өзбекстан)

3. Замира Кусаева (Ресей)

3Альбина Бақиева (Қазақстан)

«Алау» мұз сарайы аренасында өзбек күресі кұраштан ерлер және әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Әйелдер бір салмақ, ал ерлер үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырына таласты.

Ерлер арасында өткен сайыстың жеңімпаздары

66 келі:

1. Отабек Касанов  (Өзбекстан)

2. Айбек Қазақбаев  (Қазақстан

3. Ханг Гай (Қытай

3. Авлиакулева Вепа (Түркіменстан) 

60 келі :

1. Муродил Муродиллоев (Өзбекстан)

2. Ернұр Сүлейменов ( Қазақстан)

3. Марат Нығматулаев (Қазақстан)

3. Ом Раттан (Үндістан

74 келі :

1. Жамшид Юулдашев (Өзбекстан)

2. Шаймерден Нұрдин (Қазақстан)

3. Данил Лактин (Ресей

4. Әділет Ахметқали (Қазақстан)

Әйелдер

57 келі :

1. Балхара Пинкси (Үндістан)

2.Толғанай Әбенова (Қазақстан

3. Азарпейванд Тахере (Иран) 

4. Алтынай Нұрханова (Қазақстан)

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингке аяқ тартуерлер мен әйелдер арасында 2 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Ерлер арасында өткен сайыстың жеңімпаздары

90 келі:

1. Евгений Пиконин (Ресей)

2. Цэцэгээ Унурбат (Моңғолия)

3. Вафаиепур Хади (Иран) 

3. Русланбек Чыныбек уулу (Қырғызстан)

105 келі:

1. Келдибек Атайбекулу (Қырғызстан

2. Куп Митчел Джеймс (Канада) 

3. Еркебұлан Ерлан (Қазақстан

4. Никита Татаринов (Ресей)

Әйелдер арасында өткен сайыстың жеңімпаздары

65 келі:

1. Адель Маданбаева (Қырғызстан

2. Арезу Хоссейни (Иран) 

3. Илона Шапка (Ресей

3. Ванесса Ким (Өзбекстан)

75 келі:

1. Назия Майлибашева (Қырғызстан)

2. Гульноза Реджабова (Өзбекстан)

3. Лия Плотникова (Ресей)

3. Ольга Душаева (Қазақстан

«Қазанат» ипподромында өткен көкпар ойындарында Қазақстан командасы АҚШ ковбойларын 12:4 есебімен жеңсе, Қырғызстан спортшылары Түркиялық әріптестерін 15:1 есебімен басып озды. 

Түстен кейін өткен Көкбөрі сайысына Түркия командасы  АҚШ ойыншыларын 2:1 есебімен ұтты, ал Ресейлік шабандоздар   Өзбекстан командасынан 3:2 есебімен басым түсті. 

Тоғызқұмалақ сайыстарының нәтижесі бойынша 23,5 ұпаймен Қазақстан командасы көш бастап келеді.

Ал бүгінгі күнге арналған сайыстардың кестесін осы жерден көре аласыздар.

Фото: World Nomad Games 2024 баспасөз қызметінен

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?