Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматы атын неше рет ауыстырды?

2771
Алматы атын неше рет ауыстырды? - e-history.kz

Алматы – Қазақстанның ең әдемі, көрнекті, мәдени, қаржы және туристік орталығы. Тамыры тереңге созылған Алматы тарихына көз жүгіртсек, ертеден бастап қазірге дейін мәдениет шаһары бірнеше рет атын өзгерткен екен

Қаланың алғашқы атауы 1211 жылы пайда болған. Алғашқы атауы–Алмалық. Шыңғыс ханның дерекшісі Атамәлік Жұбани Ұлы қолбасшыға арнаған «Әлем тарихшысының  қамқоршысы» атты өз қолжазбасында шаһар жайында суреттеп жазғаны белгілі.

Көшпенділердің тұрғылықты мекені болған өңір алғашында «Алматы» депте  аталды. 1854 жылы патша әскерлері келіп,   Верный бекінісі салынды. Бекініс орнағаннан кейін, шаруашлықтар көшіп келіп, халық саны көбейіп, үлкен қала дәрежесіне дейін өсті. Патша сол кезден-ақ Верный атын берді. Кейбір жағдайлармен Алматинск деп аталғанын деректерде бар.

1921 жылы 3 ақпан айында латыш коммунисті,  Альфред Лепа Верный қаласының атын Алматыға ауыстыруды ұсынады. Ұсыныс бірден қабылданды. Бірақ, екі күннен кейін «Алматы» аты «Алматы-ата» деп ауыстырылды. Оны өзгерткен Қазревком төрағасы Жандосовпен оның мүшелері: Атабаев, Бәрібаев, Розыбакиев және т.б.

Неге, екі күннің ішінде Қазревком  «Алма-Ата» деген атқа тоқталып, аяқ асты шешім қабылдауы туралы ешкім білмейді.

72 жылдай «Алма-ата» деп аталған қала сейсмикалық аймақ болса да, өңірде ешқандай табиғи апаттар болмады. Кеңес Одағының ең бейбіт қаласы болды. 1993 жылы Алма-Ата  Алматы  деп өзгертілді. Кеңес Журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев өз тергеуін жүргізді және осы мәселе бойынша сот органдарында да, қалалық мұрағатта да нормативтік құжаттардың жоқтығын білді.

Бүгінгі таңда қаланың байырғы атауы қайта оралып, өз жұртымыз да, туристер де ресми түрде Алматы деп атайды.

 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?