Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Бұланты шайқасы» стелласы ашылды

3399
«Бұланты шайқасы» стелласы ашылды - e-history.kz
«Қалмақ қырылған» жотасында ел мен жердің тағдыры сынға түскен сәттегі қазақ сарбаздарының ұлы жеңісін паш етуге арналған ескерткіш – «Бұланты шайқасы» стелласы салтанатты түрде ашылды

«Жоңғар армиясы мен қазақ жасақтарының 1727 жылғы 

Бұланты өзені бойындағы алғашқы ірі шайқасын аталық. 

Еуразияның жаңа тарихында өзінің ауқымы жөнінен 

сол қан-қасап қырғынға тең келетін шайқас сирек». 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды мерекелік шара Қарағанды облысының Ұлытау ауданында бастау алды. Алматы мен Астандан, өзгеде өңірлерден келген тарихшы, әдебиетші ғалымдар арқа төсінде тойдың шымылдығын Байқоңыр ауылынан бастады. Олар тамызында 20 күні Байқоңыр ауылы маңындағы «Қалмақ қырылған» жотасында ел мен жердің тағдыры сынға түскен сәттегі қазақ сарбаздарының ұлы жеңісін паш етуге арналған ескерткіш – «Бұланты шайқасы» стелласын салтанатты түрде ашылу салтанатына қатысты. 

 

4258c127bcde9c6bf1442db43a1c2823.JPG

Қазақта «Тойың тойға ұлассын» деген тамаша тілек бар. Ұлытау төрінде былтырдан бері той әлі тарқамады. Былтыр ғана Елбасы Н. Назарбаев Ұлытаудағы «Әулиетастың» бауырында көсіле отырып сұхбат берді. Оның ізін ала Ұлытауда жеті жұрттың мәдениет жанашырлары мен ғалымдары бас қосқан Халықаралық конференция өтті. Осы басқосуда Ұлытаудың келешегі мен бүгіні жан-жақты сөз болды. Жыл соңында Ұлытау ауданының 75 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Енді міне араға біраз уақыт салып «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойын өткізіп отыр. Әрине орынды. 

Олай дейтініміз – үш жүздің басы қосылып, алаштың бағы орнаған құтты мекен. Ұлы хандарымыз жерленген тарихи өлке. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлытау — өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа» , – деп бағасын берген болатын. 

Қазақ сарбаздарының ұлы жеңісін паш еткен мекенде «Бұланты шайқасы» стелласының салтанат құруы жастардың патриоттық сезімдерін оятып, ел мен жерге деген құрметін бағалай түсетіні анық. «Тарихи оқиғаны ертеңгі жас ұрпақ ұмытпай, бабаларының ерлігін жыр қылып айтып жүрсе болғаны», – дейді Ұлытаудың абыз ақсақалы Тоқтамұрат. Атамызда стелланың ашылу салтанатына арнайы ат басын бұрып, Ұлытаудан арнайы келген. 

 

0756d58e81c30cdf7b1f8738a72c94bc.JPG

«Бұланты шайқасы» – қазақ халқының өз тәуелсіздігін және елдігін сақтау жолында жүргізілген күрестің бірі. 1727 жылы «Ақтабан шұбырындыдан» кейін есін сәл жинаған халық жоңғар әскерлерін қазақтың дәстүрлі саяси орталығы Ұлытау жеріне жеткізбей Бұланты өзенінің бойында тоқтатты. Ендеше «Бұланты шайқасы» стелласы – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойыны қарсаңында ашылған айшықты ескерткіш. Елбасы Н. Назарбаев: «Орыстар үшін «Полтава шайқасы» қандай маңызды болса, біз үшін де «Бұланты шайқасы» тарихи маңызы зор», – деген болатын. 

«Бұланты шайқасы» стелласы тарихи оқиға орын алған жерде салынды. Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының қасына. Бұрын стелла орнында «Үйтас күмбезі» болатын. Ол – 1727 жылы қазақ әскерлері жоңғарларды жеңгенде қойған белгі тас. Сол уақыттан бері тарихи оқиғаның күн парағында жазылып келеді. Оны ең алғаш дәлелдеген – археолог, ғалым Әлкей Марғұлан. 

 

7f42776df3fc5f39a246809e1accab40.JPG

1727 жылы Әбілқайыр хан бастаған біріккен қазақ қолы Ұлытау өңірінде жоңғарларға тойтарыс беріп, ірі жеңіске жеткен майдан даласы Қалмаққырған деп аталды. Тарихта Бұланты-Білеуті шайқасы деген атпен белгілі. Бұланты-Білеуті шайқасында үш жүздің басы қосылып, басқолбасшы Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батыр бастаған сарбаздар күші жоңғарларды ойсырата қуып, жеңіске жетті. 

 Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?