Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік тағылымы»

3138
«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» - e-history.kz
Баяндамалар жинақ болып шығады және барлық оқу орындарына, мектептерге, балабақшаларға тегін таратылады 

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 1-2 қараша күндері өтетін Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.   

Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады: 

1. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ» 

2. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫ» 

3. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ АЛАШ ИДЕЯСЫ: МҰРАТ. АЗАТТЫҚ. АМАНАТ»

4. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТҰЛҒАТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

5. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ, КӨРКЕМ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ»

6. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ БАҒЫТЫ, ТАРИХЫ» 

7. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР» 

8. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

9. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ» 

10. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨРКЕНИЕТ» 

11. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ЕЛ БАСҚАРУ САЯСАТЫ» 

12. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ АЛАШ ӘСКЕРІ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕСІ». 

Конференцияның мақсаты: Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғұлама ғалым әрі шебер аудармашы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қоғамдағы рөлін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту, келешек жас ұрпаққа насихаттау.«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан, туған елін тәуелсіздік мұратына ұйыстыра білген қозғалыс көшбасшыларының мұрасын тарату мен қалың көпшілікке дәріптеу. Азаттықты аңсаған, сол жолда қызмет атқарған күрескер бабаларымыздың ұлы мұраты ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тұсында жүзеге асқанын, Елбасы алға тартқан «Мәңгiлiк Ел» идеясы «Алаштың» негізгі ұстанымы – қазақ бостандығымен тығыз үндесіп жатқанын көпшілікке жеткізу. 

Конференция жұмысына ел аймақтарынан ғалымдар, қаламгерлер, алаштанушылар, әлихантанушылар, тіл жанашырлары т.б. қатысады. Пленарлық отырыста конференцияның қарары қабылданып, ұсыныстар тиісті мекемелерге жолданады. Баяндамалар жинақ болып шығады және барлық оқу орындарына, мектептерге, балабақшаларға тегін таратылады. Конференция аясында көрмелер, салтанатты жиындар, тағзым шаралары, таратпа қағаздарын тарату, акциялық жұмыстар қоса жүргізіледі. 

Іс-шара барысында Астана қаласы «Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағышталады, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне тағзым гүлшоқтары қойылады. Елорданың мәдени-ғылыми ошақтарына саяхат ұйымдастырылады. 

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Баяндама мәтіні 8 беттен көп емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 кегл көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, облыс (қала) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады. Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес баяндамалар қабылданбайды. 

Конференцияға қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді. 

Конференцияға қатысу үшін баяндамамен бірге төмендегі үлгі бойынша мәліметтер жіберу керек: 

Аты-жөні (толығымен) 

Мекенжайы (облыс, қала) 

Қызметі, ғылыми атағы, дәрежесі 

Секция 

Мақаланың тақырыбы 

Мекеме/ұйым атауы 

Оқу орны, кафедрасы e-mail 

Телефон 

Конференцияның тіркелуі ҚР Ұлттық музейі ғимаратында 10.00-де басталады. Секциялық жұмыстар 14.00-16.00 аралығында жүргізіледі. Пленарлық мәжіліс ҚР Ұлтық музейінің мәжіліс залында 11.00-де басталады. 

Конференция төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істейді: 

• Әлихан Бөкейхан және қазақ мемлекеттілігі, ұлтшылдығы; 

• Әлихан Бөкейхан және жаһандық өркениет үдерісі; 

• Әлихан Бөкейхан және қазақ рухани әлемі. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қабылданады. 

Қатысу үшін баяндамаларды 2016 жылдың 26 қазанына дейін мына мекенжайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 (625 а кабинеті), Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы. Байланыс нөмірлері: 55 67 28, 8 775 335 04 14 Ержан Еңсебай, 8 701 893 05 74 Елдос Тоқтарбай; Электрондық пошта: alashtanu@gmail.ru 

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ 

Жұмыс регламенті: Құттықтау сөз – 5 минут Пленарлық мәжілістегі баяндамалар – 10-15 минут Секциялардағы жарыссөз – 10 минут Пікір алмасу – 3 минут 

1 қараша – қонақтардың келіп, орналасуы 

2 қараша 07:00 Бабалар рухына құран бағыштау («Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағышталады) «Қараөткел» көне зираты (Жастар шағын ауданы) 

08:00 Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл қою рәсімі «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені (Ақмол ауданы) 

08:30 «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін аралау 

10:00 Конференцияға тіркелу ҚР Ұлттық музейі 

11:00 Конференция (пленарлық отырыс) 

13:00 Әлихан Бөкейханның рухына арналған ас 

14:00 Конференция (секция жұмыстары) 

16:00 Ұлттық музейді аралау 

18:00 Салтанатты кешкі ас. Мейрамхана

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?