Қазақстанның тәуелсіздігі қалыптасуындағы маңызды меже 1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының қабылдауы болды. Жоғарыда көрсетілген құқықтық құжатты қабылдау Қазақстан халқының тағдырындағы айқындаушы оқиғаға айналды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация тіршілігін тоқтатпаған КСРО жағдайында қабылданса, «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының қабылдауымен елдің шын мәнінде тәуелсіз дамуына қарай бет алды.
Бұл заң негіз қалаушы, демократиялық қағидаларға сүйенді: ұлттың өзін-өзі билеуіне құқығы, адам құқығы мен еркіндігі басымдығы, саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және т.б. Шынайы егемендікті жариялау елімізді сыртқы әлемге танытты. Конституциялық заң ҚХР-мен, РФ-мен және ортаазиялық республикалармен шекаралық мәселелерді зерттеу үшін жағдай жасады. Конституциялық заңның ережесі қолданыстағы Қазақ КСР Конституциясының нормаларынан жоғары болды.
Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы мемлекет конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда тиісті реформалар жасау үшін құқықтық база құрды. 1990 жылдардың бірінші жартысындағы жаңа қазақстандық мемлекеттілік құрылысының стратегиялық мақсатымен қуатты президенттік билігі бар егеменді мемлекет дамуы айқындалды.
Ел басшылығының алдында шешімінен қоғамдық-саяси институттардың тиімді жұмыс жасауы ғана емес, қазақстандық мемлекеттіліктің өзінің өмір сүруі тәуелді болған мәселелер тұрды. Бұл міндеттерді ел Президенті 1992 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясында» тұжырымдады. Бүкіл қоғам дүниетанымындағы пайда болған вакумды есепке ала отырып, стратегия Қазақстан халқы үшін саяси бағдарларды қалыптастырды.
Ұлтаралық келісім, ұлтішілік бірлік, қазақстандық қоғамды жетілдіру идеологиясы, конфессияаралық келісім және дінге еріктілік – қазақстандық қоғамды идеялық нығайтудағы негізгі бағыттар.
Пайдаланылған әдебиет: Аяган Б., Ауанасова А., Сүлейменов А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014). - Алматы: Атамұра, 2014. – 368 б.