Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Біздің күш – бірлікте!

2541
Біздің күш – бірлікте! - e-history.kz
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылында оның жетістіктері тіршілік әрекеттерінің барлық салаларында байқалады

Өткен жылдарда – ол қысқы Азиаданы өткізу, ОБСЕ-дегі төрағалық ету, Қазақстан халқы ассамблеясының ашылуы, Қазақстанда өмір сүретін көптеген ұлттар өкілдеріне мемлекеттік аппараттарда жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Барлық бастаулардың, жалғастырулар мен табыстардың артында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғаны сөзсіз. Оның мемлекеттікті қалыптастырудағы және оның әлемдегі орнын нығайтудағы рөлі өте маңызды.

Ол айналасына алға қойған жолды айқын көретін пікірлестерінің мықты командасын құрды. «Назарбаев үлгісі» жасалды. Президент Н.Ә.Назарбаев Ұлт Көшбасшысы болып танылды.

Назарбаев үлгісі – ақылды, көреген басшының сындарлы жолы.

Бұл ұлттық дәстүрді, мәдениетті, тілді сақтай отырып, әлемдік алпауыттарға бағдарланған дамудың прогрессивтік жолы, олардың арасында батыс пен оңтүстік-шығыс, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Сингапур, Корея, Майлазия, Корея.

Шет мемлекеттермен барлық салаларда тығыз ынтымақтастық оған дәлел бола алады. Соңғы уақытта Қазақстан азаматтарының туристер ретінде ғана емес, білім алу мақсатында және ТМЖ-ға шет елдерге жаппай шығуы байқалады. Қазақстан, өз кезегінде елге кіру үшін виза талап етілмейтін немесе белгілі бір мерзімге ғана берілетін бірқатар елдердің тізімін жариялады.

Көшбасшы – бұл кез-келген қоғамдағы үлкен әріппен жазылатын Адамның жоғары атағы, ал Ұлт Көшбасшысы – өте жоғары құрмет, өйткені Ұлт Көшбасшысы бір елге ғана басшылық жасауды көздемейді, сонымен бірге шетелдегі титулдік ұлт өкілдеріне де басшылық жасайды.

Көшбасшы – адамдар өз еркімен соңына еретін және болашаған сеніп тапсыратын, өздері таңдаған тұлға. Қоғамның осындай беталысының себебі Қазақстан Репсубликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген орасан құрмет, сенім, жетістіктері мен дарындарын мойындау.

Назарбаевтың дана саясатын елімізден алыс елдерде, АҚШ, Ұлыбритания және әлемнің басқа прогрессивті елдерде белгілейді.

Ал бұл қымбат тұрады, өйткені шетелдік БАҚ өзінің пікірлерінде сыншыл, оларға мазақ мен келеке тансық емес. Басқа тілде ойлау тәсіліне қарамастан, олар Президенттің маңызды рөлін, оның елдегі және әлемдегі шексіз беделін, саясаттың таңдаған бағытында Ресей, Қытай және АҚШ секілді алпауыттар арасында икемделу шеберлігін атап өтті.

Ел Президентінің жетістіктерін ұзақ уақыт санамалауға болмайды, сондықтан төменде қысқаша ақпараттық анықтамасы бар инфографика көрнекілік үшін келтірілді.

Мұның барлығына оның берік отбасы, яғни ақылды Сара Алпамысқызының және есейген балаларының қолдауы жақсы жағдай жасады. Дарынды, қажымайтын және мақсатына жетуде жігерлік танытқан олардың еліміздің болашағы үшін жаны ашыды.

Қазіргі кезде қауіпсіздік және ұлттық мұраны назарға алу, әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу және республика азаматтарының дәулетін арттыруды назарға ала отырып, барлық салаларда тұрақты дамытуға ерекше назар аударылады.

Қазақ мемлекеттілігі байсалды және сенімді екпінмен ілгерілеп келе жатыр. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде мойындалды.

Өткен оқиғалар аясында Қазақстан өзін Олимпиадада, Параолипиадада, киноиндустрия және музыка, ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер саласында лайықты қатысушы ретінде танытты.

Қазақстан байырғы заманнан бері бай мұнай қорлары, табиғи қорлардың молдығы жағынан, Еуразия жүрегіндегі, Орталық Азия орталығында, батыс пен шығыстың қиылысында өзінің геосаяси жағдайымен, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасымен әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударады. Біздің буын – жас өркендеп келе жатқан еліміздің құрдасы.

Еліміздің қалыптасуына және дамуына қатысу құрметіне бөлендік. Тәуелсіздік жылдарында кемшіліктер де, қателер де, асыра сілтеу де болды, онсыз ешқандай дамуды елестетуге болмайды. Сынау және қателесу арқасында адамның да, кез-келген тірі организмнің де өсу процесі жүреді.

Жалпы, даму процесі жайлы, икемді және жағымды.

Мемлекеттік менеджмент және жаңалықтарды енгізу кемшіліксіз болмаса да, Таяу Шығыс елдеріндегідей емес, бейбіт жолмен жүргізілуде.

Бұл қуантарлық жәйт, біздің жас, бірақ кемелденген республикамыздың эксперименттік алаңын ескере отырып, тұрақтылық пен біртіндеп дамуды көргіміз келеді. Қазақтар 12 жылдық мерзім өткен сайын мүшел жасты жайдан-жай тойламайды ғой. Адамның 25 жасын былайша түсіндіруге болады – адам ол жаста жас, бірақ кемелденген, өзінің әрбір қадамына жауап беруге дайын, бұл саналы жасқа көшу мезгілі. Сондай-ақ адамның жолында түрлі аурулар мен басқа да жағымсыз факторлар кездесуі мүмкін, сондықтан мүшел жасқа толғанда өзінің ең сүйікті, қымбат заттарын сыйға тарту дәстүрге айналған.

Біздің республиканы шынайы адаммен салыстыруға болады – Қазақстан да басқа елдерге астанаға салтанатты жағдайда келуге және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға мүмкіндік беріп отыр.

Біз бірлесіп күш боламыз, бірлесе біз барлығын жасай аламыз!

Материалды дайындаған Малика МУРСАЛИМОВА

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?