Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Абдували Исмаилов

1400
Бір суреттің тарихы. Абдували Исмаилов - e-history.kz

                                                                                                                                                               01.05.15

Үлкен атамнан майданнан бір-ақ хат келді. Ол 1942 жылдың 18 мамырында жазылған еді. Хат әлі күнге дейін отбасылық мұрағатымызда сақтаулы.

«Соғыс» сөзінен қорқынышты сөз жоқ шығар. 1941 жылғы соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етті. Қан майданда шайқасқан сарбаздар бұл ұрыстың жер бетіндегі бейбітшілік үшін болғанын білді. Кеңес жауынгерлерінің ерлігі арқасында біз, XXI ғасырдың ұрпағы аспаны ашық елде өмір сүреміз. 

Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы жоқ шығар. Үлкен атам да Ұлы Отан соғысының майданына қатысты. Бұл туралы әке-шешемнен білдім. Олар барлық фотосуреттер мен құжаттарды отбасылық альбомда сақтайды. Менің үлкен атам Абдували Исмаилов 1911 жылы Ақмола облысының Қызылжар ауылындағы кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Үлкен атамның балалық пен жастық шағы өте ауыр еді: 1931-1932 жж. өз әке-шешесінен айырылып, отбасының үлкені ретінде інілерін тәрбиелеп, асырап жүрді. Барлық қиыншылықтарға қарамай, қазақ мектебінің 6 сыныбын бітіріп, Семей қаласындағы педагогикалық институтқа оқуға түсті.

b40daec35c3e5c02800cddffba69bf3e.jpg

Исмаиловтар отбасы 

Ол 1932 жылдан бері жұмыс жасап жүрді. Басында Абдували Исмаилов Қорғалжын балық шаруашылығында хатшы болып еңбектеніп, кейін Қызыл Армияның қатарына шақырылды. 1933-1936 жж. әскери борышын өтеді. Одан кейін Ақмола аудандық атқарушы комитетінің іс басқарушы қызметіне тағайындалды, ал 1937-1939 жж. Ақмола саяси бөлімінің «На рельсах Караганды» газетінің редакциясында нұсқаушы болып жұмыс істеді. Соғыстың басталғанына дейін бұл газеттегі редактордың орынбасары болатын. 

0b004bcd662c3d1e74c02dbe3a8fdd78.jpg

Абдували Исмаиловтың өмірбаяны 

Үлкен атамның қызмет тізіміндегі мәліметтерге назар аударсақ, жас адамның болашағы жарқын болған. Алайда, аяқ астынан басталған соғыстың кесірінен 30-жасар Абдувалинің үміттері үзілді. Осы кезде жас жұбайы, екі баласы, іні-сіңлілері бар еді. 

Олар үлкен атамды майданға шығарып салғанда, қайта көріспейтін боламыз деп ойламаған. Жақсылыққа үміт артып жүрді. Үлкен атамның майданнан 1942 жылдың 18 мамырында жазған бір ғана хаты келді. Ол қазіргі күнге дейін отбасылық мұрағатымызда сақтаулы. Үлкен атам Калининград облысының маңындағы Смолинск қаласына дейін 1 ай бойы жаяу жүрген. 

Балаларын дұрыстап бағып-қағып өсіруді өтініп, хатында қайта көрісеміз деп жазып, бәріне сәлем жолдады. Үлкен адамдардың айтуынша, әскерлеріміз ең ауыр кезеңде майданға аттанды. Бұл кезеңде Кеңес армиясы жеңіліске ұшырап жатты... 

f40bb595841485d90c9d694f97e26617.jpg

79deb020c08a496bbd4762b199336ece.jpg

Отбасы мүшелері тылда еңбек етіп, майдангердің оралуын асыға күтіп жүрді. Сол кезде әжем жүкті болып, 1942 жылдың 10 желтоқсанында әжемнің әкесі Ғали Исмаилов дүниеге келді. Алайда, Ибдували Исмаилов бұл жағдайларды білмей, бақтық сапарға аттанды. 

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. Алайда, майдан оқиғалары әке-шешелеріміздің, ата-аналарымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Мен үлкен атам жасаған ерлігімен мақтанамын! Ол бүкіл соғысты басынан кешірмесе де, Жеңісімізге өз үлесін қосып, ашық аспан сыйлады.

Тимур Исмаилов, 

 Астана қаласындағы 

 № 30 мектеп-гимназиясының

6-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?