Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Михаил Мохов

1763
Бір суреттің тарихы. Михаил Мохов - e-history.kz

                                                                                                                                                                  01.05.15

1941 жылдың 22 маусымы — ел тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі. Таң сәріде Германия Кеңес одағына қарсы соғыс бастады. 15 сағат 30 минутта Қызыл Армияның бөлімдеріне шабуыл жасалды. 

Отанымызға қауіп төнді. Елімізді қорғауға бүкіл кеңес халқы көтерілді. Жүздеген мың адам Қызыл армияға өз еркімен аттанды... 

Біз қан майданды өз көзімен көрмесек те, бірақ «соғыстың қайғы-қасіреті қайталанбасын», — деп тілейміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар да мұндай оқиғаларды қаламаған болар еді... Өз балаларымызды енді қайтып көрмейтін боламыз деген ой ешкімнің үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. 

1256a5425a6670eecee275dcd13c2d11.jpg

Менің үлкен атам — Мохов Михаил Федосеевич. Ержүрек, адал, мейірімді адам. Ол 1918 жылдың 14 қарашасында Шығыс Қазақстан облысындағы Бұхтарма кентінде туып-өскен. Әртүрлі бұйымдарды өз қолымен жасап шығаратын ұста болды. Мұғалімдер оның жасаған заттарына сүйсіне қарап, «Миша, он соусағыңнан бал тамған ұстасың», — дейтін. Ол 1939 жылы Кеңес одағының жедел әскери қызметіне шақырылды. Әскери борышын өтеп, үйге қайтып келді. Бірақ, көп демалуға мүмкіндік болмады. Соғыс басталды. 23-жасар жігіт өз Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Есту қабілеті нашар болғандықтан, тылдағы саперлердің қатарына қосылды. Күн сайын өз өмірін қауіпке төндіріп, Украинадан бастап, ел аумағын миналардан тазартты. Соғысты басынан аяғына дейін кешкен Михаил бірде-бір рет жарақаттанбады. Қан соғыс аяқталды, алайда, үлкен атам үш жылдан кейін ғана үйге оралды, өйткені қиратылған ғимараттарды, жолдарды қалпына келтіруге қатысты. 

Үйге қайтып келгенде, Наташа есімді қызбен танысты. 1949 жылдың қыркүйегінде қызы Елена дүниеге келді. Сіздер түсінген шығарсыздар, бұл қыз — менің әжем. 

Маған да әжемнің құрметіне Елена есімі берілді... Уақыт өтіп жатты, үлкен атам ағаш шебері болып жұмыс жасап жүрді, ал әжем — аспазшы. Үш қыз тәрбиеледі. Үлкен атам «Айбынды еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол көптеген басқа да құрмет белгілерінің иегері. Өкінішке орай, 2004 жылы дүниеден өтті. 

Үлкен әжем күйеуін есіне алғанда, жүзінен нұр шашып, «Менің Мишам өте еңбекқор, керемет ағаш шебері, үш қызды тәрбиелеген үлгілі отағасы болды», — дейді. 

Үлкен атам менің бес жасымда дүниеден өтті. Ол маған ертегі айтып, ән орындап беруші еді... 

Үлкен атамның сарғайған фотосуретіне қарап, Н.Рубцов өлеңінің «Жақынның барлығын жүрек ұмытпайды...» («И близких всех душа не позабудет...» ) жолдары есіме еріксіз түседі. 

2a514c51338a9d0feced9dae359c4300.jpg

Жеңіске — 70 жыл! Елді фашисттерден азат еткен майдангерлердің қаншасы кетпестің кемесіне мініп кетсе, қаншамасы жағада тұр. Жеткен жеңіс үшін ардагерлерге алғыс айту — қолымыздан келетін іс. Жыл сайын мемлекетіміз 9 мамыр — Ұлы Жеңістің күнін тойлайды. Ардагерлерімізді үлгі тұтып, «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» деген жолдарын есте сақтауымыз керек.

Елена Ларионова,
Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласындағы № 5 орта мектептің

11-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?