Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әліби Жанкелдин

Әліби Жанкелдин - e-history.kz
Аты Әліби Жанкелдин
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері.

 

1884 жылы Торғай облысы қазіргі Жанкелдин ауданында дүниеге келген.

1903 жылы Қостанай орыс-қазақ училищесін бітірген.

1905 жылы революцияға қатысқаны үшін Қазан мұғалімдер семинариясынан және Мәскеу діни академиясынан оқудан қуылды.

1910 — 1912 жылы «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады.

1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті.

1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты.

1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды.

1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады.

1917 жылы қарашада РСФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы.

1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы,әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды.

1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті.

1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары.

1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы.

1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды.

1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924).

Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Торғай облысының бір ауданы, бірнеше ұжымшар (біреуі Ақтөбе облысында) Жанкелдин есімімен аталған.

Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған, бір көшенің аты берілген. Ескерткіштің авторлары скульптор Исаев А.А. және архитектор Белоцерковский Н.И.

Түпнұсқа: wikipedia  

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?