Тиктокер тарихшы: Хамит Тоқтамысов
2022-03-31 07:11:00
1530
Хамит Тоқтамышев Алашорда үкіметінің әскери қайраткері Тоқтамышев Хамиттің туған және өлген жылдары белгісіз. Әскери шені - капитан (кейбір деректерде подполковник). Алаш милициясын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Оның басшылығымен Семейде құрамында 38 офицер мен 750 жауынгері бар 1-Алаш полкі құрылды. Өскеменде Алаш автономиясының әскери оқу орнын ашуға жетекшілік етті. Уақытша Сібір үкіметімен және атаман Б.В. Анненковпен тығыз байланыста болды. «Сарыарқа» газетінде Алаш милициясының кеңестік билікпен жүргізіп жатқан күресі жайында бірқатар мақалалар жарияланды. Жетісу өңірінде Қызыл армиямен болған соғыс қимылдары кезінде Алаш әскеріне басшылық жасады.