Тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі орасан – Тілеген Садықов
2025-04-16 17:33:00
399
Белгілі тарихшы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов сұрапыл соғыс кезіндегі Тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін айрықша атап өту қажет деп есептейді. Ғалымның айтуынша, соғыс кезінде Қазақстанға 220 кәсіпорын көшірілді. «Қазақстанның өзінде 460 кәсіпорын майданға қажетті жабдықтарды шығарып, қамтамасыз етіп отырды. Осы өндіріс орындарында жұмыс істегендердің 70 пайызы әйелдер мен балалар болды. Сондықтан тылдағы еңбеккерлердің ерлігін соғысқа қатысқан батырлардың ерлігімен бірдей бағалау дұрыс деп ойлаймын», дейді ғалым.