Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп «Тарих» мамандығы бойынша докторантураға (PhD) және магистратураға талапкерлерді оқуға шақырады
70 жылдан астам тарихы бар институтта білім алғысы келетін мамандар үстіміздегі жылдың 28 шілдесіне дейін магистратура мен докторантура бағыттары бойынша құжаттарын қабылдайды. Құжаттарды қабылдау Әл-фараби атындағы ҚазҰУ арқылы жүргізіледі. Егер сіз ағылшын тілін жетік біліп, тарих мамандығын игерген болсаңыз, қоғамдық жаңғыруға қатысты тақырыптарды зерттегіңіз келсе, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сіздерді күтеді. Толық ақпарат Тарих және этнология институты мен Әл-фараби атындағы ҚазҰУ сайтында
Докторантураға (PhD) және магистратураға түсетін мамандық тізімі:
ДОКТОРАНТУРА «6D020300 –ТАРИХ»
Мамандандыру:
- Тарих және мәдени мұра;
- Тарихи информатика;
- Қазақ диаспорологиясы;
- Қазақ ескерткіштануы.
МАГИСТРАТУРА «6М020300 – ТАРИХ»
Мамандандыру:
- Тарих және мәдени мұра;
- Тарихи география және ГИС технологиялар;
- Тарихи информатика;
- Тарихи демография;
- Қазақстан және іргелес территориялар
тарихын жазба және интеллектуалды түрде өлшеу;
- Қазақ диаспорологиясы;
- Қазақ ескерткіштануы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2017 ж. 10-нан 28 шілдесіне дейін
Қабылдау бөлімінің мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың негізгі оқу ғимараты (ГУК)-3
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(727) 377 33 66
Оқуға түсу емтихандары – ағымдағы жылдың 10-20 тамыз аралығында, ал қабылдау – 25 тамызға дейін өтетінін хабарлаймыз.
Толық мәліметті қабылдау бөлімінен аласыздар немесе қосымша 8 (727) 261 17 58 телефон номеріне хабарласыңыздар