Тәуелсіздік шежіресі. (1991-2002)
Алаштың азаттығына, Тәуелсіздігімізге - 28 жыл. Осынау 28 жыл ішінде ел тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Солардың негізгілерін "тәуелсіздік шежіресімен" оқырман назарына ұсынамыз.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1991 жыл.
- Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.
- Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
- 1991 жылы 16 қазанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
- 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- 1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
- 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
- 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы заңы болып табылады.
- 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
1992 жыл.
- 1992 жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
- 1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
- 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
- 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.
- 1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
- 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
- 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
- 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
1993 жыл.
- 1993 жыл 4 қаңтар - Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі барысында, Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысымен тараптар «Аралды қорғау» халықаралық қорын құру туралы шешім қабылдады.
- 1993 жыл 13 қаңтар - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.
- 1993 жыл 22 қаңтар - ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы республикалық жоғары дәрежелі ғылыми мекеме - Ұлттық Ғылым академиясы болып қайта құрылды.
- 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
- 1993 жыл 25 наурыз - Қазақстан Республикасы Еуропалық Даму және Қайта кұру Банкіне мүшелікке кірді.
- 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.
- 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталды.
- 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
- 1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
- Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.
- 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
- 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
- 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді.
- 1994 жыл 30 маусым - Қазақтың екінші ғарышкер ұлы Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
- 1994 жыл 14 желтоқсан ‑ Алматыда Республика Сарайында Т.Рысқұловтың, С. Қожановтың, С. Сейфулиннің, І.Жансүгіровтың және Б.Майлиннің туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
1995 жыл.
- 1995 жыл - Абай жылы болып жарияланды.
- 1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға -«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі -«Алтын Жұлдыз» тапсырылды.
- 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
- 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
- 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды.
- 1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
- 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
- 1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
- 1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
- 1995 жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасымалдаушы пайда болды. «Эйр Қазақстан» компаниясына азаматтық авиацияны тұрақтандырып, жаңадан ұшақтар алынып, ішкі және халықаралық бағыттарға әуе қатынастары көбейтеді деген үміт артылды.
1996 жыл.
- 1996 жыл - ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.
- 1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тарихи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
- 1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
- 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
1997 жыл.
- 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
- 1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
- 1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
- 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
- 1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл.
- 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
- 1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
- 1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды.
- 1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды.
- 1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
- 1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.
- 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын да ұлғайтты.
1999 жыл.
- 1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
- 1999 жыл 10 қаңтар - ҚР Президентінің сайлауы өтті. Тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 пайыз дауыс алған Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
- 1999 жылғы қаңтарда «НҰР ОТАН» Республикалық саяси партиясы құрылды.
- 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
- 1999 жылдың басты оқиғаларының бірі Тәуелсіздіктен кейін алғаш рет ұлттық халық санағы өтті. 1999 ақпан-наурыз айларында өткен санақ барысында халық саны 14 млн. 652,7 мың адамға жетсе, ондағы қазақ ұлты 53,4 пайызды құрады.
- 1999 жыл 23-25 сәуір - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев НАТО-ның саммитіне қатысу үшін Вашингтонға сапармен барды. Бұл жолы Президент АҚШ-тың саяси және іскерлік әлемінің серкелерімен кездесті.
- 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
- 1999 жыл 24 тамыз - Бішкекте «Шанхай бестігі» елдері Мемлекет Басшыларының саммиті өтті.
- 1999 елімізде мұнай өндіріле бастауына 100 жыл толды.
- 1999 жыл Рим папасы Астанаға келді.
2000 жыл.
- 2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
- 2000 жыл Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
- 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
- 2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
- 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды.
- 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001 жыл.
- 2001 жыл - жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
- 2001-2010 жылдары -Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
- 2001 жылы 13 маусымда Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
- 2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
- 2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
- 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
- 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар.
- 2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті.
- 2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің көшірмесі орнатылды.
2002 жыл.
- 2002 жыл - «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
- 2002 жыл 4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
- 2002 жылы 25-26 қыркүйегінде - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
- 2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
- 2002 жылы 24-26 қарашада - Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
- 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Жалғасы бар.