Пекинде Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары жайлы фильм көрсетілді
13.03.2014 1340
Пекинде Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары жайлы «Отты өзен» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті.

Премьераға Қазақстанның ҚХР елшісі Нұрлан Ермекбаев, ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Чжоу Ли, ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, Ресей, Беларус, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің елшілері қатысты.


Көрсетілім алдында сөз алған Чэн Гопин Нұрсұлтан Назарбаев тек қана Қазақстанның ұлттық көшбасшысы емес, әлемдегі ең беделді саясаткер деп мәлімдеді.

«Н.Назарбаевтың бастамасымен халықаралық бастамалар айта кетсек АӨСШК және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезді жатады. Сонымен қатар оның әлемді ядролық қарусыздандыруға ынталандыру бастамасы – Қазақстан үшін әлемдік көлемдегі даңқ әкеледі»-деп ҚХР СІМ орынбасары баса айтты.

«Президент Назарбаев қазақ-қытай достығының негізін қалаушы және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жасампазы»-деді Чэн Гопин өз сөзінде.


Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Отты өзен» фильмі жас ұрпақ үшін үлгі боларын, еңбекке деген құштарлықтың арттыратынын,  адамгершілік пен ұлт аралық татулыққа тәрбиелейтінін айрықша айта кетті.

Фильм «Отты өзен» фильмі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың әдеби естеліктерінің негізінде түсірілген және биографиялық «Менің балалық шағымның аспаны» кинолентасының жалғасы болып табылады.

Картина ел тарихының шешуші кезеңіндегі бас кейіпкердің студенттік кездері мен оның тұлғалық мінезінің қалыптасуы жайлы баяндайды.