Уақытпен санаспаған Жүсіпбек Аймауытов
04.11.2014 9029
Жүсіпбек Аймауытов — аса дарынды адам болған, оның эстетикалық, көркемдік көзқарастары қоғам белсенділігі мен ішкі қарама-қарсы күрестің нәтижесінде қалыптасқан.

Осы кезде орын алып жатқан екі төңкеріс, ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысы да оның тағдырына ықпалдарын тигізген… Даланың болашағы шешілген болатын, сондықтан аталған оқиғалардың барлығы жазушының тақырыптарына, оның ерекше стиліне мен жанрлық түрлілігіне әсер еткен.

Қаламгерлердің қатарында, ақын әрі жазушы, драмашы әрі аудармашы, ұстаз әрі, ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Оның дарындылығы халықтың көзіне бірден түскен. Сонымен бірге, актер әрі сазгер, режиссер болды. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында дүниеге келген. Жазушының өзі жазғандай: «Мен «Қараның адыры» өңіріндегі Қызыл тауының етегінде орналасқан Дәндебай ауылында тудым. Мен сүйіндік руынан шықтым (одан әрі — күлік), Сұлтан Махмұтпен бірге сегізінші ұрпақтамын».

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану үйренген. Павлодарға барып орыс-қазақ мектебіне түседі.Әке-шешесі соған қарсы болып (мектеп алыс жерде орналасқан), дегенмен оқу орнына жіберіп қояды. 1918 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясын аяқтап шығады. Оқу кезінде ол А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов және ұлттық интеллигенцияның басқа өкілдерімен бірге «Алаш» партиясының жұмысына белсенді қатысады.

1917 жылғы Февраль революциясын ол қуана қарсы алды. Осы революциядан ол көптеген өзгерістерді күтіп жүрген: халық бостандығын, теңдігін, бақытын. Әйелдердің теңсіздігі, адамдардағы адамгершілік, өткенмен күрес, мейірімділігі мен қайырымдылығы мол тұлғаларды өнеге тұта отырып, жас балаларды тәрбиелеу сияқты оқиғалар мен қоғамдағы үдерістер оның шығармаларының сюжетіне желі боп кіреді.

Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен болатын. Әкесі «халық жауы» деп танылды, ал Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтіп келеді. Оның естеліктеріне қарағанда: «…Бұрын Павлодар қаласы кіп-кішкентай қала болған еді. Егер біз қаланың бір шетінен басқа оның түкпіріне баратынымыз болсақ, онда жаяумен-де жүруге болады. Әкеммен бірге қаланы жиі серуендеп жүрдік. Ертіс өзені арқылы біз паром қатынасы арқылы өткенбіз. Енді бәрі өзгерді. Қала тым үлкен болып кеттті. Бала шағымды есіме алып тұрамын. Туған өлкемді, мен өскен сондай ыстық жерімді бір сәт те есімнен шығармадым».

Бектұр Аймауытов

Аймауытовтың екінші ұлы — Жанақ 1920 жылдың 18, ақпанында Семей қаласында дүниеге келді. 1941 жылы оны «халық жауының ұлы» деп танылып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқыш пен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. 

Ж. Аймауытовтың балалары: солдан оңға қарай Муза, Жанақ, Бектұр                                                 

Ол Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер институтын бітіріп, «алған білімді жалғастырамын» деп, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің физико-математикалық факультетіне оқу түседі. «Менің әкем — нағыз адам, азамат, қоғам қайраткері. Мен оның дарынды жазышы, шебер ұстаз, ақын, аудармашы болған екендігімен мақтанамын», — деп жазған Жанақ Бектұров.

 

 

Ж. Аймауытов қызы Музамен                      Евгения Карабатыровна Аймауытова

Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезінде, ол төрт жаста болатын, кіп-кішкентай қыз еді. «Анам айтқандай, әкем өте дарынды адам болды. Қазіргі уақытқа дейін есімде келесі сәттер есімде сақталды: әкем жұмыс үстелінің басында отырып, еңбектеніп жатыр, үстелдің бетінде тұрған жасыл абажуры бар шам жанып тұр», – деген ол.

Аймауытовтың зайыбы Евгения Карабатыровна күйеуін есте сақтап жүрген. Ол барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын да сақтаған екен. 1991 жылы Павлодар қаласына келіп, баға жетпес қазынаны Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына тапсырды.

Бұхар Жырау атындағы мұражайға берілген жазушыға қатысы бар ең құнды жәдігерлердің бірі — жазушының «Нахихат» атты қалта сағаты. 

Қызының айтуына қарағанда, «Ж. Аймауытов бұл сағатты ешқашан жанынан тастамаған екен. Күндіз қоғамдық жұмыстар атқарып, түн ауа шығармашылығымен айналысқан. Сағатқа жиі қарайтын әдеті болған екен. Уақытының, өмірінің аз қалғанын сезді ме екен…»

«Әрдайым жазу столының үстінде жататын қағаз кесуге арналған екі сызғыш. Ж. Аймауытов он саусағынан өнер тамған адам болған. Бұл сызғыштарды да өз қолымен жасаған. Сызғыштың бірі қылыш пішінді болып келеді, оның ұстайтын жағында өсімдіктер арасында ән салып отырған құс бейнесі бар. Бұл — бейбітшіліктің нышаны. Қазақтың бейбіт сүйгіштігін, айбындылығын айғақтайтындай етіп бейнелеген».

Музейге тапсырылған тағы бір құнды зат — «сия сорғыш». Жазушы кей-кейде қатты ойға шомған уақытта осы сия сорғышқа қолын қойып, әрі-бері теңселтіп отыратын болған. Бұл затты да өз қолымен жасаған. Бұндағы бейнелерге назар аударсаңыз, онда баласын тамақтандырып отырған құс суреті бейнеленген. Бұл Торғай өңірінде халықты аштықтан арашалап қалар уақытта жасалса керек.

«Ал «Сюзане» кілемі әке-шешемнің керуетінің бас жағында ілуліп тұрған. Бұл Бұхара қаласынан әдейі әкелінген кілем».

Жүсіпбек Аймауытовқа тән қасиеті — аяныш (аяушылық білдіру). Халыққа аянышпен қараған ол алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қол ұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты қор құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында — Ж.Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге (Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов) қол ұшын береді. Көптеген жағдайда көмек мал түрінде берілген, яғни аштықтан өліп бара жатқан халыққа қор тарапынан мал берілген. Кейін Жүсіпбекті малдың иемденуіне айыптады.

Ол шешендік өнерді білген, аса дарынды мен білімді адам болып, өзінің кінәсіздігін дәлелдеп береді. Жүсіпбектің айтуынша, ол тарихтағы қазақтардың құқығы сенімділік және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне сүйеніп отырған. «Мен бабаларымыздан мұра қалған дәстүрлерін жалғастрыра отырдым, сондықтан аштан өліп бара жатқан адамдардан қолхат алуынан бас тарттым».

Алаш партиясының мүшелері. Бірінші қатар: Х. Ғабасов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов. Екінші қатар: Ж. Аймауытов, Ә. Марғұлан, А. Байтасов.

Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады.
Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде-де танылды. Ол аударған А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық дарындылығын да соншалықты айқын танытты. Оның аудармалары билингвизмін дәлелдеп тұр.

Жүсіпбек Аймауытов педагогика, психология саласына зерттеу жұмыстар жүргізді, оған қоса бірнеше пьеса, ірі-ірі еңбектер жазды. Атап айтқанда, «Рабиға», «Сылан қыз», «Шернияз», «Мансапқорлар» «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шарбану» сондай-ақ, «Қартқожа», «Ақбілек», «Дәмелі» атты романдары мен «Күнекейдің жазығы» повесі, «Қызыл отан», «Жел үстінде» әңгімесі, «Жаман тымақ», «Көк өгіз» атты балаларға арналған әңгімелері қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.

1925 жылы шыққан «Аударма туралы» атты мақаласында ол орыс тілінен қазақ тіліне аудару және жазылу тәртібі жайлы ой қозғады.

1918 жылы «Абай» журналының бас редакторы болып жұмыс істеген. Ол журналды Мұхтар Әуезовпен бірлесіп шығарады. Мұхтар Әуезов Аймауытовты «менің ұстазым» деп атап жүрген. 1919–1920 жылдарында ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында сабақ береді. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады.

1926 жылы жарық көрген «Қартқожа» романының бізге жеткен жалғыз данасы

Кейін ол Қарқаралыда мектеп мұғалімінің меңгерушісі болады. Орынбор, Ташкент қалаларында да жұмыс істеп көрген. 1926 жылдан бастап ол Шымкент қаласының педтехникумның директоры болып жұмыс істейді.

Жүсіпбек дарынды ұстаз болған. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. Ол поэззияға жаңалықтар енгізген: атап айтқанда, верлибрді қосып, өлеңнің сыртқы ұйқасы бұзылғанымен, өлеңнің ішкі ырғағы сақталған.

Жүсіпбек Аймауытов — педагогика мен психология ғылымдарының негіз салушылардың бірі болып саналады. Ол оннан астам кітаптардың, жүзден астам ғылыми жарияланымдардың, оқулықтардың мен педагогика, психология, этика саласындағы көптеген оқулықтардың авторы.

«Қартқожа» шығармасы автордың жетістігі болып табылады. Ол еуропалық прозалық шығармалардың жоғары-деңгейінде жазылған. Авторға кейіпкердің сыртқы келбеті мен ішкі әлемі аса қызық боп көрінген. «Қартқожа» романы шынайы өмір сүрген адамдарға негізделеді.

Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Романның түптұлғасы Аймауытовтың әріптесі мен досы — Қартқожа Тоғанбаев болды. Ол 1896 жылы Баянауыл ауданының жерінде дүниеге келген. Алғашқы білімін ауыл молдасынан алған. Тылдағы жұмыстарға қатысады. Қайтіп келгенде оның білімге деген ынтасы өсіп кетті. Қартқожа Тоғанбаев — заманның оқымысты, көзі ашық адамдардың бірі болды. Ол латын, татар, араб, латин тілдерін меңгерген. Ол тілші, мұғалім, аудармашы қызметтерін атқарып жүрген.

Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы, ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.

Аймауытов қазақ драматургиясының басында тұрған. Ол қазақ сахнасына өзінің қойылымдарын қойған. Ол «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», 1926 жылы «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты драмалық шығармалар жазады.

  

Жүсіпбек Аймауытовтың соңғы суреті              Аймауытовтың ақталғаны туралы анықтама 

Оның драма шығармаларының бірі — «Шернияз» (1925–1926 жж.) Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. Сұлтанмахмұт қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынастардың мәселесін қозғап кетеді. Пьеса Семей қаласында қойылған. Оның басты ерекшелігі — өлеңдермен бірге прозалық («ақ өлеңдер») араласып келеді. 

Қазақстан Республикасының Орталық ғылыми кітапханасында Аймауытовтың хаттары табылды. Осы хаттардың бірінде ол былай деп жазды: «Былтыр мен ең үздік пьесаға жарияланған сайысқа қатысып көрдім, менің пьесам бірінші орын алды; алайда, мен өзімнің бас жүлдемді Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» пьесалық шығармасына беріп қойдым. Былай істегенімнің себебі: «Қаракөз» пьесасының авторы үйінен алыс жерде білім алып жатыр, сондықтан қаражат оған қажет».

Қазақ интеллигенция мүшелерінің арасында алғашқы репрессияға ұшырағандардың ішінде Жүсіпбек Аймауытов болған.

Тергеу бір жыл бойы жүргізілген. Тергеу барысында оның күнәсін дәлелдей алатын бірде-бір дәлел табылмаған. Ұзақ тергеуден кейін ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Ол 41 жасында қаза тапқан. Жүсіпбек Аймауытовтың ерте өліміне қарамастан, ол өзінді көп қырлы тұлға ретінде көрсетіп үлгерді.

Алена ДЕМЧЕНКО

Мақала Бұхар Жырау атындағы музеймен бірлесе отырып дайындалған