Маңғыстау ғалымдары Ұлы жібек жолының солтүстік бағдарын айқындады
18.11.2014 2403
Маңғыстаулық археологтар қазіргі Форт-Шевченко аймағында орналасқан ортағасырлы Кеттікқала қалашағында (аумағы – 4 гектар) жүргізілген қазба жұмыстарының барысында монеталарды тапты.

Қазіргі кезде монеталардың зерттелуі аяқталды, сонымен нумизматтардың айтуынша, олар Поволжье өңірінде шығарылған. Осыдан басқа, қалашақ аймағында Хорезм монеттері, Азербайджан, Иран керамикасының қалдықтары табылды. Кеттікқала қалашағы 14 ғасырға, Алтын Орда дәуіріне, жатады; сондықтан Тюбқараған кемежайы (Баутин теңіз айлағы) Ақтау кемежайы сияқты белгіленген уақыттан бастап жұмыс істеген.


«Монеталардың үлкен бөлігі Волга өңірінде мен Алтын Орда кезеңінің қалаларында шығарылған. Бұл Тюбқараған және Волга (Маңғыстау облысының мен Рессейдің аймағы) арасындағы теңіз қатынасының бар болуын дәлелдейді. Тюбқарағанның түкпіріне басқа қатынас жолдары арқылы монеталарды жеткізу мүмкін емес болды. Осылай, Баутин теңіз айлағы Иранмен, Азербайджанмен, Дербентпен, Поволжьемен, Хорезммен сауда орнына айналды», — белгілі археолог Андрей Астафьев хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, Форт-Шевченко аймағында одан да бұрын пайда болған қоныс — Қорғантас — орналасқан.6-шы ғасырда Ұлы жібек жолының солтүстік бағыты пайда болғанда аталмыш қоныс сауда алаңы болған.

«Осы кезде 30 жылға созылған Иран мен Византия арасындағы соғыс басталды. Согда өңірінде қытай мен жергілікті өндіріс тауарлары көптеп жиналды. Согдиялық көпестер жаңа сауда жолдарын іздей бастады. Сауда жолдары қалай өткені туралы ешкім нақты білмеді, ал енді осы қалашақтарды зерттей келіп, мынадай түйін жасадым: сауда жолы Үстірт арқылы өтпеген, тауарлар Маңғышлақ түбегі және барлық ыңғайлы кемежайлар арқылы тасымалданған. Теңіз арқылы тауарлар Каспийдің батыс жағалауына және әрі қарай Волга-Дон арнасы арқылы Еуропаға жеткізілген», — деп қорытынды жасады.