Қазақ күйі мен киіз үйі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілмек
20.11.2014 2727
24-28 қараша аралығында Парижде Хосе Мануэль Родригес Куадростың төрағалығымен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комиссияның тоғызыншы сессиясы өтеді.


Комитет жұмысының барысында жаңа элементтерді екі тізімге — шұғыл қорғауды қажет ететін Материалдық емес мұралар тізіміне және Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы ұсыныстарды қарайды, деп хабарлады ЮНЕСКО өкілдігі. 

Материалдық емес мәдени мұралардың репрезентативтік тізімінде қазірде 281 элемент бар. Бұл тізім әртүрлі қауымдастықтардың дәстүрлі білімдері мен салттарына назар аударуы тиіс. Алайда Тізім материалдық емес мұраның кейбір элементтерінің артықшылығы мен ерекшелігін тануды мақсат етпейді. Биылғы жылы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізуге 46 кандидатура қаралады, соның ішінде Қазақстан екі элементті — қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнерін, сондай-ақ Қырғызстан республикасымен бірге — қырғыз және қазақ киіз үйлерін (түркі көшпелі халықтарының) даярлау дағдылары мен дәстүрлі білімдерін ұсынып отыр. 

Шұғыл қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне жойылып кету қаупі бар материалдық емес мұралар элементтері енгізіледі және оларды қорғау қысқа мерзімде қамтамасыз етілуі тиіс. Қазір 35 элемент енгізілген репрезентативтік тізім Конвенцияға қатысушы-мемлекеттерге бұл мұраларды мүдделі қауымдастықтардың қатысуымен беруді қамтамасыз ету жөніндегі көмекке халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыруға мүмкіндік береді. 

Еске сала кетейік, Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің құрамына ЮНЕСКО-ның 24 мүше-елдерінің өкілдері кіреді, олар бүгінде 161 ел ратификациялап отырған Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі 2003 жылғы Конвенцияны жүзеге асыруға жауап береді. 

Комитет өзінің тоғызыншы сессиясының барысында Конвенцияны орындау туралы 27 кезеңдік баяндаманы және шұғыл қорғауды қажет ететін Материалдық емес мәдени мұра тізіміндегі элементтердің ағымдағы жағдайы туралы 8 баяндаманы тыңдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат