Қылыштасу - қазақтың қайта жанданған жекпе-жек өнері
19.01.2015 2853
Жүздеген жылдар бұрын ұмытылған әскери өнердің бұл түрі Қазақстанда қайта жанданып жатыр. Ал, бағзы замандарда қазақ даласында болашақ жауынгерлерді жастайынан бастап қылыштасуға үйреткен.

Жас жігіттер қарудың бес түрін (бес қару) меңгеруге тиіс болған. Жас батырлар найза, қол балта лақтыру, қылыштасу (қылыш қолдану өнері), шоқпармен соғу, садақпен атуды үйренген. Бес қаруды әбден меңгерген жігіттер ғана жаулармен соғысуға дайын болып саналған.
Қылыштасу — қазақ халқының әскери шайқас өнерінің бір түрі. Уақыт өткенімен бұл өнер халық дәстүрлерінен ғайып болды. Бүгінгі таңда өз халқының тарихына бей-жай қарамайтындар қылыштасу өнерін жандандырып жатыр. 90-шы жылдардан бастап ҚР каратэ-до федерациясыныңвице-президенті Жасталап Санауов басшылығымен кәсіби каратисттер тобының көмегімен қылыштасу (қазақ халқының қылыш қолдану дәстүрлі өнері) Қазақстанға қайта оралды.
— Жасталап Әбдіқанұлы, қазақ әскери өнерінің бір парасы болып табылатын қылыштасу  жайлы айта кетсеңіз?
— Қылыштасу — қазақ әскери өнерінің бір түрі. Бұл — қылышпен семсерлесу. Ежелгі заманда болат қылыш қолданылған, ал бүгінгі таңда жарақаттандырмайтын спорт нұсқалары пайдалануда.
Қазақтардың әскери өнері бес қару (қазақтар қолданған қарудың бес түрі) деп аталады. Бұл — садақпен ату, найза лақтыру, қылыш (семсер), балта, қол балталар. Жауынгер қарудың барлық түрлерін меңгеруге тиісті болған. Түркілердің қылыштары ауыр, өте ұзын болған, әрі белгілі бір деңгейдегі техникалық дайындықты талап еткен. Болаттан құйылған құрыш пайда болғанмен, қылыштың өлшемі азайып кетті.


Қылыштасу бойынша жарыстар, 2014 жыл

Біз қолданбалы каратэ-кобудомен айналысып жүрдік, мұнда нунчак, тонфа қолданылады. Осылардың бәрі де Окинава тұрғындарының ауылшаруашылық құралдары болған, жапондықтар аралды жаулап алғаннан кейін, бұл қаруды қолдануға тыйым салынған.
Міне, осы нунчак біздің балаларымыздың тарапынан қолданыс таппады. Сондықтан оның орнына өзіміздің ұлттық элементімізді қолданысқа енгізуді жөн көрдік.

2001 жылы Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Қар барысы» атты алғашқы үлкен жарысты өткіздік. Осы кезде қылыштасудың да ресми тұсаукесерін өткіздік. Сол уақыттан бастап жыл сайын каратэден чемпионат өтіп тұрады, оның бағдарламасына 8–9, 10–11, 12–13 жастағы балаларға арналған қылыштасу бойынша жарыстар міндетті түрде қосылған. Бұл командалық жарыстар, яғни әр облыс әр түрлі жастағы үш спортшыларын ұсынады ол қабырға деп аталатын командалық жарыс, олар басқа облыстардың өкілдерімен спорт сынына түседі.

Балаларға қылыштасуды үйретіп, қазақ халқының тарихы мен Батырлар кодексі жайында да айтып түсіндіреміз. Бағзы замандарда, батыр атанса, онда өмірінің соңына дейін батыр болып қалады. Өз аумағын жаулардан қорғау үшін кәсіби әскер болған. Жауынгерлер Батырлар кодексін ұстанып, құрмет тұтқан. Әдетте олар батырлар әулетінің ұрпағы болған. Жастайынан бері ұл балаға ұстаз (оның туысқаны немесе басқа батыр) берілген, ол баланы тәрбиелеп, үйретіп отырған. Ұстазы оқушысын қылыш, найза, шоқпар секілді қару-жарақты меңгеруге үйреткен. Содан соң нағыз қару да қолданған, және 12–13 жастағы балалар шайқастарға қатысып, алғашқы әскери тәжірибесін алған екен.


Жаттығу, 2001 жыл

— Кәсіби жауынгерлерді дайындағанда тағы қандай әдістер қолданылған?
— Ұл балаларды жастайынан бастап дайындаған. Сонымен бірге, көптеген ұлттық ойындар, мысалы, көкпар, қылыштасу, найзаласу (найзамен семерлесу) болашақ жауынгердің белгілі бір қасиеттерін дамытуға арналған. Дәлдік, алшақтық, көзбен шамалау қабілеттерін дамытуға көптеген ойындар арналған, мысалы, асықты алсақ та болады. Өкінішке орай, уақыт өткенімен балаларға арналған көп ойын ұмытылып кетті.
— Қазақша күресті болашақ жауынгерлердің дайындығының бір бөлігі ретінде қарастыруға бола ма?
— Бір жағынан ғана болады. Дегенмен, бұл — мейрамдар, ас беру рәсімдері, үйлену тойларында ұйымдастырылатын жарыс. Қазақша күрестен басқа, қазақтардың тағы бір салттық ойыны болған — ол сайыс (серілердің жекпе-жегі) деп аталады. Кейін осындай жарыстар ғайып болды, кей уақытта оларға тыйым салынған, өйткені сайыз кезінде көп адам қаза тапқан. Сайысқа әйелдер-де қатысқан.
Қылыштасуды жаңартқан кезде көптеген қиыншылықтарға тап болдық. Ең алдымен, уақыт алшақтығы үлкен болды, бұл өнер туралы көптеген нәрселер ұмытылып кеткен. Жапонияда да осындай жағдай болды. Көптеген тыйымдардан соң жапон әскери өнерлері Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілістен кейін ғана қайта жандандыра бастады. Осы кезде жапондықтардың рухын көтеру керектігі пайда болды.
Біз қылыштасудың техникалық әдістерімен жұмыс істей бастадық. Қарақыр (Тамғалыға жақын жерде орналасқан) деген қажылық әскери жерін ашқан археолог Стас Потапов бізге қатты көмектесті. Мұнда жауынгерлерге арналған жоралар өткен. Осында да, ақсақалдар жиналып, соғысқа қатысу керектігін талқылыды, жауынгер мәртебесін берген, бас қолбасшыны таңдаған. Мұнда жартасқа салынған көне әскерлердің бейнелері сақталған. Соның бәрі қылыштасу техникасын қайта қалпына келтіруге көмектесті. Қару-жарақ саласының маманы Ахметжан Қалиолла қылыштасудың тарихи негіздемесін қайта қалпына келтіруге жәрдем етті.

Чемпионат, 2001 жыл

— Қай жылдан бастап қылыштасуды жандандыра бастадыңыз?
— Бұл 1990-шы жылдары еді. Мен өмір бойы каратэмен айналысып, бір кезде бізде әскери өнердің қандай түрлері болған деген сұрақ пайда болды. Қазақтарда каратэ, ушу секілді жұдырықтасып төбелесу болған шығар деп болжамдадық. Неғұрлым көп дәлел іздесек, соғұрлым оның таралмағандығы, ақындалады, өйткені қару-жарақ әр кезде қолданыста болған. Қаруға тыйым салынғанда, каратэ мен ушу дамыды.
— Бүгінгі кезде қылыштасуда көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған ережелер қолданылады ма?
— Иә, біз ережелер мен ең басты техниканы қалпына келтірдік.
— Бүгінде әскери өнердің басқада қандай түрлері жаңаруда?
— Айбалтамен соғысу (тарихшылар айтқандай, айбалтамен соғысу жоңғарлармен болған шайқастарда маңызды рөлді атқарған) мен найзаласумен айналыса бастадық. Жоңғарлар ұзын найза техникасын жақсы меңгерген, қазақтар да осындай техниканы қолданған. Айбалта — жартастағы суреттерде бейнеленген қарудың көне түрі. Найзадан басқа, қазақ әскері қол балталармен қаруланды. Олардың техникасының ерекшелігі: балтаны айналдырған кезде оның ұшу бағытын болжамдауға болмайды. Осындай тәсіл жаулардың назарын аударып әкететін. Маған «Жаужүрек Мың бала» атты фильмнің бір көрінісінде (жоңғарлармен шайқасу кезінде) бейнеленген осы әдіс қатты ұнады. Егер XIX ғасырдың аяғындағы — XX ғасырдың басындағы хандардың бейнелерін көріп қалсаңыз — олардың бәрінде белдікке ілінген айбалта бар екен.

Сұхбаттасқан, Людмила ВЫХОДЧЕНКО