Тарих және деректер. Қазақстанның еңбекпен түзету лагерьлері
18.05.2015 2961
Қазақстан тарихының ең қайғылы парақтардың бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін орын алған жылдар.

Кеңес өкіметі Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР және ГУЛАГ-тың (Лагерьлердің Бас басқармасы) басқа да құрылымдарын біздің республикамызда орналастырып, елімізді түрмелік-лагерьлік аймаққа айналдырып жібергендей еді. Ресми статистика бойынша, қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5,5 миллионға жуық адам жіберілген.