Қазақ халқының көрнекті қайраткері
26.12.2017 2707
Биыл қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 123 жыл толып отыр

Тұрар Рысқұлов – сан қырлы тұлға, мемлекет қайраткері, ұйымдастырушы, тарихшы, дипломат, кең салалы мәдениеттанушы, шығыстанушы, заңгер. Қазақстанның көрнекті партия және саяси қайраткері, Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихшысы, Орта Азия тұңғыш тарихшылардың бірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық күрестің қатысушысы, 1917 жылғы Қазан революциясының, Азамат соғысының, РСФСР-дегі, Қазақстан мен Орта Азиядағы социалистік құрылыстың қатысушысы. 1917 жылдан бері Компартия мүшесі.

Қазан революциясынан соң Қазақстанда, сол заманға сай, өндірістік және әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа үлгісі үшін мықты негіз құру қажеттігі туралы алғашқылардың бірі болып сөз қозғаған  тап осы Рысқұлов болатын. Ол Түркі республикасын, Түркі компартиясын, түркі тілдес халықтардың (Түркістан, Қазақстан, Башқұртстан, Татарстан) конфедерациясын жасады.  Қазақ және Түркістан республикалары арасындағы экономикалық және кедендік одақ арасындағы, Бұхара, Хиуа, Түркістан республикалары арасындағы ортаазиялық экономикалық одақ, Күнгей Кавказ республикалары мен Иранның таулы өлкелерін, Оман мен Парсы шығанақтарын, Үнді мұхитының жағалауын қамти отырып, Иран мен Түркістан республикалары арасындағы қарым-қатынастарды реттеді.

1927 жылы Волга-Дон каналының құрылысы кезінде Волга бассейндері мен Каспий, Азов теңіздерінің акваториясы мен Қара, Азов теңіздерінің өзен бассейндері арасында көліктік-экономикалық теңіз дәліздерін ашты, сонымен қатар еуропа елдері арасында теңіз экономикалық дәліздерін ашты. Тұрар Рысқұловтың бастамасы бойынша Қазақстанда Түркістан-Сібір темір жолы салынды, Қарағандыда көмір өндіретін және металлургиялық кешендер, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыстың мұнай-газ өндіірісі сияқты алып индустриялдық орталықтар пайда болды. Қазақстан мен Орталық Азия территориясында бүкілодақтық мәндегі ірі ұлттық қорықтар ұйымдастырылды.

Тұрар Рысқұлов көптеген республикаларда жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарды. Ол 1921 жылы Әзірбайжандағы РСФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының өкілетті өкілі, кейін  Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары болды. 1922-1924 жылдары Түркістан АССР-інің СКО төрағасы болып, одан соң Коминтерннің Моңғол Халық Республикасындағы өкілетті өкілі болып қызмет етті. 1926 - 1937 жылдары РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 1920 жылы Рысқұловтың бастамасы бойынша Түркістан республикасында мұсылман ұлттық әскері жасақталды. Осы жылы ол Жетісудың босқын қазақтарын орналастыру бойынша ТүрОАК-нің айрықша комиссиясын құрады. 1919–1920 жылдары ол Қытаймен шекара мәселесін реттеу бойынша жұмысқа қатысты. 1923 жылы Т.Рысқұловтың ұсынысы бойынша Түркістан, Хиуа, Бұхара республикалары арасында ортаазиялық экономикалық одақ, бірыңғай ортаазиялық салық қызметтері, бірыңғай ирригация және суландыру жүйелері, Ортаазиялықбанк құрылды.

Рысқұлов Орталық Азия, Ресей Федерациясы және Моңғолия республикаларының экономикалық түрленулеріне зор үлес қосты.  Соның нұсқауы бойынша Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр («Қызыл Батыр») атанды. 1935 жылы Рысқұлов Калининнің қабылдауында болып, 1936 жылы Қазақстан мен Қырғызстанды одақтас республика қылу туралы ұсыныс жасаған. Тұрар Рысқұловтың орасан еңбегінің арқасында 1936 жылы Қазақстан мен Қырғызстан одақтас республика болды.

Ұлы адам – халықаралық деңгейдегі саясаткер, бірегей басшы, кәсіби экономист және өз елінің патриоты құрметіне Қазақстанда жыл сайын халықаралық конференциялар мен басқа іс-шаралар өткізіліп тұрады. Он жылдан бері Алматыда «Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми форум өткізіліп келеді. Қазақстандық «рысқұловтанушылар» Т.Рысқұловқа Астанада мемориалдық ескерткіш қою қажет деп санайды. Ал  «рысқұловтанушылардың» басты үйлестірушісі Молдияр Серікбаев Тұрар Рысқұловтың мерейтойына орай энциклопедия әзірлеп, республика деңгейінде халықаралық теориялық конференция өткізуді ұсынып отыр.