Бір жылдың ішінде ЖОО № 3 мектептің төртінші қабатында орналасты, мұнда төрт дәрісхана болды. Тарих-филологиялық және физико-математикалық факультеттерінде 150 адам білім алып жатқан. 14 ұстаз сабақ берген. 1994 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институты Павлодар мемлекеттік институтының құрамына еніп, оның атауы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты болып өзгерді. 2004 жылдың ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің дербес ЖОО — Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты болып бөлінген.
Бүгін тарихта
КСРО конституциясы қабылданды. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы одақтас республика болып аталды
Екінші Бүкілқазақтық съезд жұмысын бастады, Қырғыз (Қазақ) «Алаш» автономиясы құрылды