28 наурыз күні кешқұрым Кремльде екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельцин бастаған екі елдің ресми делегациялары келісімінің нәтижесінде саяси, экономикалық, әскери және гуманитарлық салаларға қатысты жиырма үш қазақстандық-ресей құжаттарына қол қойды.
Мемлекет басшылары экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету келісім-шарты мен РФ аумағында тұратын Қазақстан азаматтарының және Қазақстан аумағындағы Ресей азаматтарының құқықтық және азаматтық мәртебесіне байланысты сұрақтарды шешудің негізгі қағидалары туралы меморандум мен әскери ынтымақтастық туралы келісім-шартқа, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы, «Байқоңыр» ғарыш алаңы жөніндегі келісімге қол қойды.
Үкімет басшылары Сергей Терещенко және Виктор ЧерномырдинҚазақстан аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы, мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы, Семей ядролық полигондағы оның жабылуына дейін орналасқан ядролық құрылғыны бөлшектеу бойынша, Қазақстан аумағында Ресей Орталық банкі мекемелерінің жұмыс істеу шарттары туралы, әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және аттестаттау саласындағы ынтымақтастық туралы, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы, арнайы мүліктерді өзара жеткізу туралы келісімдер мен сонымен қатар Қазақстан және Ресей премьер-министрлерінің кездесу хаттамасына қол қойды.
Екі елдің вице-премьерлері-деңгейінде уран, берилл және тантал, жоғарғы өткізгіш материалдар мен плавикалық қышқыл өнімдерін өндіру және өткізу саласындағы ынтымақтастықтың негіздері туралы келісімге, Қазақстанның атом энергиясы бойынша Агенттігі мен РФАтом министрлігінің арнайы жүктерін тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы, өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, өнеркәсіптік апат, табиғи апаттарды ескерту және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы, ресейлік-қазақстандық қаржы-өндірістік топтарды құрудың негізгі қағидаттары туралы келісімдерге қол қойылды.
Сонымен қатар үкімет делегацияларының мүшелері кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы, өнеркәсіп қорғаныс саласы мекемелерінің өнімдік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы, консулдық конвенцияға, Ресей және Қазақстан сыртқы істер министрлері өзара кеңестер туралы хаттамасына қол қойды.
Борис Ельцин екі елдің өзара қарым-қатынасын анықтайтын 23 бірлескен құжаттардан тұратын пакетке қол қойғаннан кейін, тілшілермн сұхбаттаса отырып, егеменді Қазақстан мемлекеті басшысының Ресейдегі алғашқы ресми сапарын өте сәтті өтті деп белгіледі.
Ал Нұрсұлтан Назарбаев осы сапар Ресейдің империялық әрекеттері туралы әңгімелер мен сыбыстарды жоятыны туралы мәлімдеді. Оның пікірінше екі мемлекет барлық қиыншылықтардан өтті. Ол қол қойылған келісім-шарттар мен келісімдердің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында болған тағы бір оқиға маңызды: құжаттарға қол қою салтанатының алдында Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцинге Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылуы туралы бекіту грамотасын ұсынды.
Ғарыш алаңын жалға алу бойынша қол қойылған келісім туралы сұрағына жауап бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жақ бүігінгі күні Ресей үшін Байқоңырдың маңыздылығын түсінеді, сондықтан Қазақстан оны қалтада ұстауға жоспарлаған жоқ. Қазақстан басшысы Байқоңыр 20 жыл РФ-на толықжалға берілетіні туралы хабарлады.
Байқоңырды жалға алу туралы келісімді дайындау кезінде пайда болған қиыншылықтарда саяси сипат болмағанын Борис Ельцин атап көрсетті. Ол көбінесе ғарыш алаңында қызмет көрсететін, Ленин қаласында тұратын адамдарды техникалық және экономикалық қамтамасыз етумен байланысты болғанын түсіндірді.
Соңғы екі жыл ішінде Байқоңыр туралы сұрақ көптеген салаларда екі жақты қатынастардың дамуын тежеп тұратын Мәскеу және Алматы арасындағы қатынастарда басты «тікенек» болғанын енді айтуға болады.
Сонымен қатар Ресей Қазақстаннан Байқоңырды 20 жыл мерзіміне ғана жалға алмайды, тағы 10 жылға жалға алуды ұзарту процедурасы да қарастырылғаны белгілі болды. Жалға алу соммасы бір жылда 115 миллион долларға анықталды. Алайда Ресей жыл сайын осы сомманы төлемейді, оның бір бөлігі немесе барлық соммасы екі елдің сауда-төлеу балансында саналады. Байқоңырда жұмыс істейтін ресейлік әскери қызметкерлер мен азаматтық тұлғалардың мәселелері шешілді. Байқоңырды жалға алған уақытта Ресейдің егемендігі мен құзыреті қабылданады, яғни ресейлік азаматтар Ресей Федерациясының заңдары бойынша ғарыш алаңында жұмыс істейді. Бұдан басқа ресейлік әскери-ғарыш күштерінің өкілдері Байқоңырда өз жұмыстарын жалғастыратыны туралы құжатта анықталды.
Қазақстан және Ресей арасындағы барлық мәселелерді шешуге әкелетін осындай түбегейлі қағидаттар таңертең Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельциннің жекпе-жек кездесу барысында және екі елдің мемлекеттік делегациялардың келіссөздері нәтижесінде шешілді. Түстен кейін құжаттардың соңғы мәтіндері өңделген уақытта Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік парламенттері палатының өкілдері Владимир Шумейко және Иван Рыбкинмен кездесуді өткізді.
Қазақстандық-Ресейлік келісімдерге қол қою рәсімінен кейін Кремльде Ресей президенті атынан Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне ресми түскі ас өтті.
29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі ресми сапары жалғасты.
Таңертең ол Кремль қабырғасына Белгісіз сарбаз мазарына гүл шоғын қойды.
Содан кейін Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесуі өтті.
Қазақстан басшысы осында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-елдерден жаңа біріктіруді құру және оны Еуразиялық одақ (ЕАО) деп атауға ұсыныс берді. Егер осы идея ТМД елдерінде кең қолдауды алмаса, онда осындай одақты Қазақстан және Ресей құра алады деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕАО ТМД-дан өте жақсы қағидаттарда құру керек деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. экономикалық, қорғаныс және сыртқы саясатты үйлестіру мақсатымен ұлттық органдардың қалыптасуы — олардың негізінде жатыр. Стратегиялық сұрақтарды талқылау үшін мемлекет басшылары және ЕАО үкіметтерінің кеңесі құрылу керек. Келесі қадам — Еуразиялық одаққа кіретін елдердің заңнамалық қызметін үйлестіру үшін жалпы парламентке тікелей сайлау. Қорғаныс министрлігінің Кеңесі мекемесі әскери комитеттің құрылуын, ал шетелдік істер министрлігінің Кеңесі әлемдік майданда әрекеттердің үйлестіруін талап етеді. ЕАО-ның әрқашан жұмыс істейтін мемлекетаралық атқару хатшылық қызметін құру керек, оның құрамын мемлекет басшылары тағайындайды және барлық елдер одағы өкілдерінен құрылар еді. Осы атқару комитеті БҰҰ және ЕҚЫҰ-да бақылау мәртебесін алу керек.
Нұрсұлтан Назарбаев айтуы бойынша ЕАО құрылуы жалпы құжаттың жүргізілуін немесе барлық елдер одағы үшін азаматтылықты, экономикалық реформалардың келісімделген бағдарламалардың міндетті түрде әзірлеуін, ұлттық валютаның қабылдауын тұспалдайды.
Қазақстан Президенті ары қарай өз идеясындамыта отырып, атқарушы хатшылық қызметінің бірыңғай, ақпараттық бюросын құрудың қажеттігіне көңіл аударды. Ақпаратта достық емес сипат болмау керек, ЕАО ішінде осыған орай келісімге қол қою керек, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Келісімделген білім саясатын құру, азшылық ұлттардың құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатымен білім, мәдениет және ғылым бойынша кеңесті құру қажет.
ЕАО мүшелігі үшінші мемлекеттермен әрбір екі жақты қатынастарға кедергі жасамау керек, деп жалғастырды Қазақстан Президенті. Одақтың негізгі қағидаты — теңдік, мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жеке құқықтары мен даралығын сыйлау. Осы қағидаттарға ортақтасатындардың барлығы Еуразиялық одақтың мүшесі бола алады деп қазақстандық басшысы атап өтті.
Осы орайда кешегі Кеңес Одағын құру және империяны қалыптастыру туралы сөз болмау керек екенін байқаған Нұрсұлтан Назарбаев: «Одақ" сөзінен қорықпау керек, мысалы, Еуропалық одақ бар, біз барлығымыз тепе-теңбіз сонымен қатар менің Ресейге сапарым — осы теңдікті тану, — деп атап көрсетті.
Күннің екінші жартысында Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы ІІ Алексеймен оның ресми резиденциясы Әулие-Данил монастырінде кездесті.
Әңгіме барысында екі жақ Достастық мемлекеттерінде бар мәселелергеалаңдайтындығы жайлы айтты. Патриарх және Президент көзқарастардың бірлігін саясат және экономикада ғана іздемеу керек, сонымен қатар ең алдымен рухани аяда мен инабаттылықттан іздеу керек деген шешімге келді. Екі халықты жақындастыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға бірлескен ұмтылуды көрсетті. Әрине ол көбінесе Қазақстандағы негізгі конфессия өкілдері — провославиелік және мұсылмандар арасындағы қатынастарға байланысты, ал олардың бірыңғай міндеті — қоғамның рухани жандануы. Қазақстандағы православиелік шіркеудің жағдайына қатысты айтатын болсақ, Президент патриархты Кафедралық соборды Алматы қаласына басқару үшін ауыстыру туралы, республикада жаңа ғибадатханалардың құрылысы туралы, ақпараттандырды. Жергілікті шіркеу өз-өзін басқару сұрақтарында дербестігі аса сезілетін эксзархатты Қазақстан аумағында құру мүмкіндігі туралы сөз қозғалды. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе шіркеу органдарының құзыреттілігіне толығымен жататынын атап өтті, сонымен қатар қандай шешім қабылданса да, республика басшылығы жағынан ешқандай кедергі болмайтынын айтты.
Кездесудің соңында Президент патриарх ІІ Алексейді Қазақстанға шақырды. Шақыру ризашылықпен қабылданды.
— Мен мәскеуліктерге жылы қарсы алғандары үшін ризашылығымды білдіремін, — деді Қазақстан басшысы Мәскеу мэриясы мен Ресей астанасындағы шығармашылық зиялыларымен сол күнгі кездесуінде. Оған Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен қалалықмэрияның басшылық өкілдері қатысты.
Нұрсұлтан НазарбаевРесей саясат және экономика саласында ғана емес, мәдениет және өнер саласында Қазақстанның ең жақын серіктестігі екенін атап өтті. Сонымен бірге Президент Еуразиялық одақтың құрылуы көбінесе екі елдің ынтымақтастық және бірігуіне көмек беретінін айтты.
30 наурызда журналситердің орталық Үйінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы қатарлы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілерімен кездесті. Олармен әңгімелесу барысында мемлекет Достастық аумағында бірыңғай, ақпараттық кеңестікті сақтау мәселелері талқыланды.
БАҚ өкілдерін Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығына қанағаттанбай, ЕАО идеясын неге ұсынғаны қызықтырды.
— ТМД өмір сүруде, бірақ біз бір-бірімізден алшақтай береміз. 400 құжатқа қол қойылды, бірақ олар жұмыс істемейді, — деп жауап берді Президент.
— Интеграция шын мәнінде тиімді болу үшін ұлттық органдар қажет, — деп санайды Қазақстан басшысы. Оны жуырдағы Батыс Еуропаға жасаған сапары осыған сендірді. Ол Еуразиялық одақты мемлекеттердің ерікті түрде бірігуін көреді. — Оның ешқандай орайластырылған мүшелері болмау керек! — деп қосты Президент.
Семей полигонының болашағы туралы сұраққа жауап бергенде, ол жерде енді ешқандай сынақлар өткізілмейді. Қырық жыл ішінде 500 жарылыстар ол жерді күйдірілген шөл далаға айналдырды деді.
Байқоңыр жайлы сөз қозғалғанда, Президент қажетті ресейлік-қазақстандық келісімдерге қол жеткені туралы ескертті. — Ең бастысы, оны бірлесіп қолдану үшін ғарыш алаңын сақтау қалу. Ақша туралы айтатын болсам, біз қолайлы шарттарға келістік.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі ресми сапары сәрсенбі күні Кремльдегі Георгиев залында ресми салтанатпен аяқталды.
Салтанат барысында екі елдің мемлекеттік гимндері орындалды. Борис Ельцин және Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің барлық ресми делегациясына алғыстарын білдірді.
Кешке Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға оралды.
(СОТА — ҚазТАГ)