1997 жылдың осы ерекше оқиғасы туралы белгілі жазушы Шерхан Мұртаза «Тәуелсіздік толғауы» атты баспасөзде жарияланған естелігінде былай деп жазады: «Мен көп нәрсені ұмытармын, бірақ бұл Жарлық естен шыға қоймас. Өйткені, сол қуғын-сүргін құрбандарының бірі - менің әкем еді. Молдадан оқығаны болмаса, сауаты да кемшін, билікке араласпаған қарапайым колхозшының бар айыбы байдың баласы екен. Тұрар Рысқұловпен рулас екен. Жазықсыз жанды жаламен соттап, қылшылдаған қырық үш жасында қыршынынан қию айуанға тән зұлымдық. Мұндай озбырлықпен, зұлымдықпен құрбан болғандар жалғыз менің әкем бе екен, мың-миллион. Бұл зобалаң атақты, ызғарлы отыз жетінші жылды ғана қамтымайды. Ең кемі ХХ ғасырдың жартысын қамтиды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1918-1922 жылдардағы жыланқысыр аштық. 1930-1933 жылдардағы коллективизация, қолдан жасалған этноцид ... Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары. 1937 жылғы Қазақстанға жер ауадарылған корейлерден басталған, тұтас халықтарды зорлық-зомбылықпен көшіру науқаны. Айта берсе таусылмайды. Осының бәрінде миллиондар қырылмағанда, не болды? Обал-сауап қайда? Өлгендерді қайтып тірілте алмайсың. Тым болмаса еске алудың өзі сауап. Келешекке сабақ. Осы тұрғыдан алғанда Президент Жарлығы иманды пәрмен болды. Жаңа Астанада қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш кім-кімді де ойлантады».
1997 жыл «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
19.10.17
3018
1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.