Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгінгі Қазақстанның мәдениетін дамыта отырып

2035
Тәуелсіздік кезеңінің ең басты жетістіктерінің бірі қазақ мәдениетін, сондай-ақ Қазақстанда тұратын халықтардың, мәдениеті мен әдеп-ғұрпын жандандыру және ара қарай дамыту.

1990-2000 жылдар сөзсіз қазақ мәдениетінің тарихындағы жаңа кезең болды. Ежелгі Наурыз мейрамы мен музыкалық-поэзиялық суырып салма өнері - айтыс қайта жаңғыртылды. Қазақстан үшін осы кезең сондай-ақ оның көпқырлы мәдениетінің жаңа сапасының қалыптасуын белгілейді. Қазақстандық тақырып музыкалық ұжымдар мен театр сахналарындағы репертуарларда басты болып табылды. Мәдениет, ғылым қайраткерлері: Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сығырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев және басқа да тұлғалардың мерейтойларына арналған фестивальдар өтті. Мәдениет саласындағы мемлекет саясаты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық кеңестің шешімдері сияқты еңбектерінде бейнеленді. Қазақ мәдениетін дамыту қоғамның бүтіндей әлеуметтік-мәдени және өнегелі жандануына, сондай-ақ Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетін дамыту, халықаралық байланыстарды бекітуге септігін тигізеді. Тәуелсіздік жылдары ондаған этномәдени орталықтары, шығармашылық ұжымдары құрылды. Экономиканың үдемелі өсімі әлеуметтік-мәдени салада реформа жүргізуге мүмкіндік берді. 1998-2000 жылдарға арналған, мәдениетті қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 2000 жыл елде мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Театрлар саны арттырылды – сол кезде екі опера және балет театры, 33 драмтеатры, төрт музыкалық комедия театры, сонша БмЖТ, бес қуыршақ, 73 тұрақты және 266 көшпелі кинотеатрлар жұмыс істеді. 2000 жылдың аяғына Қазақстан бойынша 48 театр, 62 концерттік ұйымдар, 3529 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 2259 клуб типтес мекеме, сегіз мәдени-тарихи қорық-мұражайлар, 42 демалыс саябағы мен луна-парк, төрт хайуанаттар бағы есептелінді.

Ұлттық  сана сезім мен қазіргі заманғы үдерістердің мәнін ұғынуды нығайтуда жекелеген жылдарды маңызды оқиғалар мен тақырыптарға арнау салмақты рөл атқарды. Сонымен, 1997 жыл - репрессия құрбандарын еске алу жылы, 1998 жыл – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 жыл – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы, 2000 жыл – мәдениетт қолдау жылы, 2001 жыл – тәуелсіздік жылы, 2002 жыл – денсаулық жылы, 2003-2005 жылдар ауылды дамыту жылдары болып жарияланды. 2000 жылдары мәдениет саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. 2001 жылдан бастап қызмет көрсететін мұражайлардың саны орта есеппен 17 пайызға өсті.

Білім деңгейінің өсуімен бірге библиографиялық ақпаратқа деген сұраныс байқалды. Бұл 2002 жылдан бастап кітапхана пайдаланушыларының өсімін орташа 2,3 пайызға жеткізіп, өз кезегінде кітапханалардың техникалық қамтамасыз етілуін (46 пайыз компьютерленген) тудырды. 1990 жылдардағы көптеген кітапханалардың дағдарысы пен құлдырауынан кейін бірте-бірте кітапхана ісінің жандануы басталды. Сонымен бірге кітапханалардың басым бөлігі - 2900 (81 пайызы) ауылдық жерлерде болатын. Әр жылы клубтық мекемелердің саны 20 пайызға арттырылып отырды, 2004 жылы олардың саны 2200 жетті, көп бөлігі сондай-ақ ауылдарда орналастырылды. 2001 жылдың ақпан айында елдің мәдени өмірінде маңызды оқиғалардың бірі – бұл Қазақстанның музыкалық мұрасы болып табылатын «Асылмұра» жобасының тұсаукесері болып өтті. Жоба мақсаты – ұлттық музыкалық мұраны жүйеге келтіру, өңдеу және санды пішіміне жазу болып табылды. Ұлттық, классикалық және қазіргі заманғы музыка үлгілері қайта жанданды. Жазушылар мен ақындардың шығармалары ХХ ғасырдың аяғында ХХІ ғасырдың басында  қазақ ұлтының дамуы мен гүлдену тарихы негізгі тақырыпқа ие болды. 200 жылдары Оразақын Асқардың, Несіпбек Айтұлының, Әлібек Асқаровтың және басқа да қылқалам шеберлерінің шығармалары жарық көрді. Мұхтар Мағауиннің, Шерхан Мұртазаның, Жақсыбай Сарматтың романдары елдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғасы болды. Қазақстандық классика өнерінің «жұлдыздары» - скрипкашы Айман Мұсаходжаева, тенор Әлібек Днішев, опера әншісінің тамаша сопраносы Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева және басқа да әншілері – тек ғана отандық ғана емес, сондай-ақ шет елдік классика өнерін қадірлеушілеріне, әлемнің ірі театр сахналарында жиі өнер көрсетіп кеңінен танымал бола бастады. Отандық сахналарда Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев Роза Рымбаева, Майра Ильясова, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова және басқа да әйгілі әншілермен бірге, Рамазан Стамғазиев, Мәдина Садуақасова, Тохтар Серіков, Досымжан Таңатаров сияқты жас әншілер сәтті өнер көрсете бастады. «Ұлытау», «МузАрт», «Гүлдер» ансамблі, «Нұр-Мұқасан» дуэты және басқа да шығармашылық ұжымдар елімізде ғана емес сондай-ақ шет елдерде лайықты атақтарға ие болды. «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің ұйымдастырушылары халықаралық «Астана-2003» атты тұңғыш қазақ әндерінің конкурсын өткізді. Қазақстанда жыл сайын жас орындаушылардың шығармашылығына арналған, «Шабыт», «Алтын Алма» және басқа да конкурстар мен фестивальдар өткізіледі. Қазақстан Үкіметі өз назарын қазақстандық мәдениетті шет елдерде насихаттауға бөліп отырды. Мысалы, Алматы хореографиялық училищесінің тәрбиеленушілері өз таланттарын АҚШ, Швейцарияда паш етіп, Республикалық корей музыкалық комедия театры Корей Республикасында өткен халықаралық этникалық фестивальға қатысты, бірқатар елдерде Абай шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізілді. Қазақстан мәдениет саласында ықпалдастық туралы 49 жақын және алыс шет елдермен келісімге қол қойды. Елдің маңызды оқиғасы ретінде  ШЫҰ қатысушы-елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі, ТЮРКСОЙ тұрақты кеңесінің отырысы орын алды. Мұның барлығы тәуелсіздік кезеңінде қазақтың ұлттық мәдениеті мен Қазақ халқының мәдениетінде нақты қайта өркендеумен ары қарай дамып отыратындығын дәлелдейді.

Игорь Корнилов,

ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?