Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұрсұлтан Назарбаев феномені

2999
Нұрсұлтан Назарбаев феномені  - e-history.kz
Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы қызметіне арналған.

Онда кәсіби философия-саясаттану тұрғыдан алғанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың адам және саясаткер ретіндегі бірегей қабілеті ашылады, ол қабілет ғылымда «феномен» деп белгіленеді. Адамның жеке тұлғасына айтылатын осы түсінік өзіне бірқатар мағыналы жағдайларды қамтиды: дәуірді шығармашылық тұрғыдан озып кету, өмірдің түрлі салаларында инновациялық идеяларды ұсыну және оларды тәжірибеде жүзеге асыру.

Кітапта Президент қызметінің барша маңызды жақтары көрсетілген: жас республиканың сыртқы саясатынан ішкі тұрмысына дейін бейнеленген. Бұл ретте, құрастырушылардың басты мақсаты – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ қоғамында және қиын да тез жаңаратын әлемде гуманитарлық және рухани миссиясын ерекше көрсету.

Басылым саясаттану, философия, геосаясат, қазіргі заманның ғалами проблемаларымен қызығатын қауымға арналған.

Жеке тұлғаның тарихтағы атқаратын рөліне екі көзқарас бар. Кейбіреулері осы рөлді қосымша деп санайды. Тарихтың өзі дамудың белгілі бір кезеңінде жекелеген адамдарды көтермелейді. Ал екінші көзқарас, сол жеке тұлға тарихи үрдістерді қалыптастырады деген тұжырымда тоқталып отыр. Қалай болғанда да, өркениет оның барысына ықпал жасаған адамдарсыз пайда болуы мүмкін емес. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап қысқа мерзімде әлем картасында танымал мемлекет болғанының фактісі – оның басшысы -  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәуір ерекшеліктерін сезіну және болашақты алдын ала болжап, өткенді түсіну қабілетінің нәтижесі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен араласқан, оның қызметімен танысқан адамдарды ортақ пікірі осындай. Ол – көрнекті тарихи тұлға екендігімен барлығы келіседі.

Жалпы, тарихтағы тұлға  - көбінесе көшбасшының тарихы. Қазақстандағы БҰҮ үйлестірушінің резиденті Хаолянь Шу әлеуметтік прогресстегі адами факторды дәл осылай қарастырады. «Жақсы көшбасшы деген не?» - деп сауал қояды. Көшбасшының кем дегенде үш қабілеті болуы тиіс.

Оның анық пайымы, барша қиындықтарға қарамастан, оны іске асыру қабілеті болуы тиіс. Осы аспектіде, Хаолянь Шудың айтуынша, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік, және ядросыз әлем идеясы жалпының көңілінен шықты. Республика ядролық қарумен иеленуден бас тартып, көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналды өз тәуелсіздігінің ерте кезеңінде жойғандығы, оған ядросыз әлем үшін шығуға моральді құқық берді.

Екінші қабілет «пассионария» - бірге күйзелу. Көшбасшыға халық тілектестік білдіріп, халыққа жаны ашу керек.

Көшбасшының үшінші қасиеті – ол өзі, оның командасы және халқы нәтижеге жете білу керек. Қазақстан өзінің әлеуметтік және экономикалық дамуында таңқаларлық нәтижеге жетті. Он жыл бұрын мемлекет Дүниежүзілік экономикалық форумда бәсекеге қабілеттілігі индексі бойынша рейтингте көрсетілмеген еді. Бүгінгі күні ол 56 орында тұр. Он жыл бұрын республикадағы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 1 425 долларға тең болған. Болжам бойынша осы жылдың аяғына дейін осы сан 7 мыңды құрайды. Осы нәтижелер қазақстандық көшбасшының алдын ала болжай алу қабілеті, жүйелілігі және табандылығы арқасында қол жеткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаевты әлем қоғамдастығы тарихи тұлғалардың саңлақтарына әлдеқашан жатқызған. Бұл тек республиканың әлеуметтік-экономикалық табыстарынан ғана емес. Президент тәуелсіз Қазақстанды, мемлекеттің жаңа тарихи түрін бейнелейді, олай болса, жаңа қоғамдық-экономикалық құрылысты да кейіптейді. Оның атымен біздің республикамыздың тәуелсіздікті алу, қалыптасу кезеңі және жаңа мемлекеттіліктің нығаюы байланысты. 


Толығырақ оқу: 

Феномен Нурсултана Назарбаева 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?