Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

КАЛАНДАРДЫҢ ЖЫЛУЫ АСТАНАДА

2648
КАЛАНДАРДЫҢ ЖЫЛУЫ АСТАНАДА - e-history.kz
Астанада «Жастар» театрында «Түрік фильмдері апталығының» салтанатты ашылуы болып өтті

Қазақстанда екінші мәрте жүзеге асырылатын «Түрік фильмдері апталығы», Алматыдан кейін Қазақстанның елордасы Астанада желтоқсанның 18-де  киносүйер қауыммен қауышты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жергілікті Пікір Ассоциациясы ұйымдастыруымен және Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм Министрлігі Кино Бас Басқармасы мен ТИКА(Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі), және Юнус Эмре Институтының қолдауымен  «Түрік Киносы Апталығы-Астана» жүзеге асырылуда.

Бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия  арасындағы  өзара қарым-қатынас көпірін киноның күшімен салуды көздеген  «Түрік Киносы Апталығы-Астана»  ұста режиссура жүлдесіне ие фильмдер мен қатар киносүйер қауымның көңілінен орын алған және қош көрілген кино туындылар, фестивальдардың жүлделі көркем  шығармалары және ұмытылмас фильмдер көрермендеріне қауышып, ұсынылған кино арқылы Түрік киносына панарамалық көзқарас мүмкіндігін ұсынады.

“Ортақ мәдениет, ортақ кино” ұранымен  дайындалған іс-шараның негізгі мақсаты, түрік фильмдерінің Қазақстан Республикасында, Қазақстандық фильмдері де Түркия мемлекетінде көрсетілімге енуі үшін керекті қадамдар мен жұмыстар бағытындағы қажетті іс-шаралардың жүзеге асырылуы үшін келіссөздер ұйымдастыру.

Түркияда қызмет атқарып жүрген кино майталмандарымен, Қазақстан кино майталмандарымен жолықтыру, кино саласындағы ортақ іс платформасы мен ортақ түсірілім дайындау, ортақ жобаларға жаңа қадам басу болып табылады.

«Түрік Киносы Апталығы-Астана»  іс-шарасы аясында кино көрсетілімінен басқа алға қойылған басты мақсаттарды орындау бағытында өнер адамдарымен кездесу, танытым панелі, жиындар және оған ұқсас іс-шаралар жүзеге асырылады.

Салтанатты рәсімге Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі және “Жергілікті пікір” ассоциациясының  құрметті президенті Ялчын Топчы, , Әділет және Даму партиясының орынбасары және “Жергілікті пікір” ассоциациясының  президенті Метин Гүндоғду,   «Үш жол» фильмінің режиссері Файсал Сойсал, , кино -режиссер және «Түрік фильмдері апталығының» координаторы Өнер Кылыч,  , артіс Емре Қызылырмақ  (фильмдері: «Махаббат Арман», «Кір ақша, махаббат», «Бір теңіз хикаясы», «Аттылар»), артіс Хайдар Шишман,  («Каландар суығы» фильмінің басты роль актері), Торғай Айдын, актер («Үш жол» фильмінің басты роль сомдаушысы),  Айча Инжи және басқалары қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык бүгінгі күні түрік фильмдері әлемде ең танымал болып табылатынын атап өтті. Астанада бір жылдан астам уақыт жұмыс жасап, ол түрік фильмдері мен сериалдары Қазақстанда өте танымал екеніне және көрермендердің оларды сүйіп қарайтынына көзі жеткенін айтты. Біздің тарихымыз бір-бірінен ерекшеленетіндігіне қарамастан, біздің мәдениетіміз, ойларымыз ортақ. Бір-бірімізді жақсы тану үшін бұл іс-шара жақсы құрал болып табылады.  Осы аптада көрермендерді Анадолу тұрғындарының өмірімен және тұрмысымен таныстыруға бағытталған фильмдер көрсетіледі. Елші барлық өнер майталмандарына, әртістерге және іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.   Қазақстанның және Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін кездесу қатысушылары мен көрермендерге 15 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетімен байланысты қайғылы оқиғалалар туралы қысқа фильм көрсетілді. Содан кейін Оскар 2017 сыйлығына үміткер Мұстафа Караның «Каландар суығы» фильмі көрсетілді. Басты кейіпкері – Мехмет, өзінің отбасымен Қара теңіз жағалауындағы таулы ауылда өмір сүреді. Оның арманы – минералдардың кен орындарын құштарлықпен іздестіретін таулар болып табылады, бірақ оның отбасы бұл іздестірулерді бос әурешілік деп ойлайды. Нәтижесіз талаптардан шаршаған ол өгіздердің сайысында жеңіске жетуге үміттенеді. Мехмет Артвинадағы өгіздер жарысына қатысады, бірақ қайтадан дымсыз оралады. Бұл қарапайым оқиға табиғат, жануарлар және адамдар арасындағы қарым-қатынастардың, әсерлі өмірінің суретін бейнелейді. «Түрік фильмдерінің апталығы» аясында шығармашалық адамдармен кездесулер ұйымдастырылды.

Ілияс Башарұлы Ысқақов. — «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары: түрік тарапынан бірқатар іскерлік кездесулер жоспарланғаны туралы айтты, оның шеңберінде бірлескен қызметтер мәселелері, бірлескен жобалар, сериалдар, тіпті бағдарламалар жасау мәселелері талқыланды.  Түркияның телесериалдарды жасауда бай тәжірибесі бар. Бұл біз үшін өте маңызды. Сериалдар өндірісінде біз саннан сапаға ауысуымыз керек, қазақстандық көрермендер сапалы контентті талап етеді.

Олардың бай тәжірибесін жете зерттеу керек. Кино, әсіресе сериалдар – біздің республикамызды басқа елдерге «жарнамалаудың» жақсы құралы болып табылады. Беделді жасауға үлкен назар аудару керек.  Атақты сазгер, музыка көркемдеушісі Сырым Нәбиқұлов: «Түрік киносы әлемдік нарықта бұрыннан белгілі, қазақстандықтар түрік кинематографиясымен жай таныс қана емес, олар түрік сериалдарымен бірге өсті», - деді. Түркия Еуропаға жақын орналасқан, онда еуропалық ықпал қатты сезіледі. Сондықтан түрік киносы – жақсы кино. Түркия бізге бірдеңе үйреткендей, біз де оны бірдеңене үйретерміз. Біздің бай тарихымыз бар, мәдениетіміз көп жерде ұқсас келеді. Түрік фильмдерінің апталығы 2016 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Серікқызы Гүлнұр

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?