Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Әдебиет порталының» таныстырылымы өтті

2234
«Әдебиет порталының» таныстырылымы өтті - e-history.kz
Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев университетінде ақпарат саласында өзіндік орны бар «Әдебиет порталы» интернет жобасының жаңа нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиын барысында сөз алғандардың көбі өлең оқыды. Олардың арасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, əдебиет майталмандары Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Əбдік, Жанат Әскербекқызы тағы басқа ақын-жазушылар болды.

 

 

 

«Осыдан екі-үш күн бұрын министрліктің алқа мәжілісінде Мырзатай ағамыз «Кіндігінді кескен жұрт» деген керемет кітап сыйлап еді. Ол кітапты оқып шықтым. Сол кітаптың ішінде бір өлең қатты ұнады. Бұл өлеңнің авторы - Қадыр Мырзалиев», - деді Д.Абаев.

Сөйтіп министр қазақтың аса таланатты классик ақыны «Ер еңкейсе еңкейеді жалғыз-ақ» атты өлеңін оқып берді.
Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,
Қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!
Біз шегінсек, біз жеңілсек, біздерді,
Байқап тұрып не істемекші жас ұлан?!


От ішінде, өрт ішінде күйгенде,
Басыңды име, тізе бүкпе, именбе!
Ер еңкейсе еңкейеді жалғыз-ақ
Туған жердің топырағын сүйгенде!".

 

Салтанатты шара барысында Әдебиет порталында жасалған жаңғырту жұмыстары, интернет-ресурстың жаңа нұсқасы таныстырылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» заманауи ақпараттық технологиялар жетістігін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандар мен қаламгерлер арасындағы әдеби байланысты жандандыру, контенттік қолдау көрсету, түрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру миссиясын жүзеге асырып отырған, Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш ғаламторлық бірегей әдеби жоба.

Портал отандық рухани өнімдердің сандық форматтағы базасын құру, қазақ, орыс және өзге тілде жазатын қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, жалпы әдеби үдерісті жандандыру арқылы қоғамда биік талғамның, мемлекетшілдік ой-сананың қалыптасуына игі ықпал жасауды көздейді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?