Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Дешті Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты І халықаралық конференция өтеді

1227
Астанада «Дешті Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты І халықаралық конференция өтеді  - e-history.kz
Қазақстандық ғалымдар Еуропа архивтерінен қазақ тарихына қатысы бар XIV-XVIII ғасырлардағы 10-нан астам карта тапты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғам қайраткері, жиһанкез Сапар Ысқақов мәлім етті. 

Оның айтуынша, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 2017 жылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдавия, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Рим (Ватикан) елдері арқылы өтті. Экпедиция ұлттық мәдениетіміздің сақталуына үн қатысып, тарихымызды түгендеп, өркениетімізді танытуға ықпал етеді», - дейді Сапар Ысқақов.

2017 жылдың 13 қыркүйегінде Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал 14 қыркүйекте «Тілеп Қобыз Сарайында» 13 ел өкілінің қатысуымен «Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» I халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Конференцияда қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы, қыпшақтардың өзге халықтармен этно-мәдени байланысы, өзге елдердегі сәулеттік, мәдени-тарихи мұралар арқылы өткен тарихымызды танытатын тақырыптар қозғалады.

Кейінірек телеарналарда 30-40 сериядан тұратын бабаларымыздың басқан ізі мен болған жерлері туралы документалды фильмдер циклі көрсетіледі. Онда белгілі ғалымдардың сұхбаты беріледі.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 14-17 қыркүйегі арылығында Астана қаласында «The spirit of Desht-I-Kipchak» фестиваль-байқауы өтеді. ӀӀ Халықаралық этникалық мәдениетінің «The spirit of Desht-I-Kipchak» фестиваль-байқауы – халықаралық деңгейдегі маңызы бар оқиға. Шара ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өткізіледі.

Фестивальдің негізгі мақсаты – этно, мәдени, тілдік жағынан топтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністікті жақсарту, ынтымақтастықты нығайту, мәдениетті одан әрі өзара байыту, халықаралық мәдени ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Сонымен қатар фестивальдің негізгі идеясы – ұлттық дәстүрді жас буынға жеткізу, төзімділікті тәрбиелеу, ұлттық жетістіктерді жаңғырту және дамыту, мәдениетаралық қарым-қатынастың жаңа нысандарын дамыту. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?