Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ: ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

2002
ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ: ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА  - e-history.kz
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Махмұтұлымен арнайы сұхбат

- Құрметті Хангелді Махмұтұлы, біз бүгінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап отырмыз. Тәуелсіздік жылдарындағы тарих ғылымының дамуы туралы не айтасыз?

-Қиындықтарға қарамастан Қазақстанның тарих ғылымы даму үстінде. Біріншіден, тарихшы ғалымдардың жаңа буына өсіп жетілді, ең бастысы – бұл адами фактор. Екіншіден, зерттеулердің ғылыми-теориялық, әдістемелік базасы жаңарды. Бұрын біз тек марксизм-ленинизм шеңберінде ғана ойлау, жазуымыз керек еді, ал қазір ондай шектеулер жоқ, адам қандай да бір тұжырымдаманы, ойды және терминдерді таңдауы тиіс, бір сөзбен айтқанда біз өткен тарихи процестерді объективті жазуға, зерттеуге шынайы мүмкіндікке ие болдық. Үшіншіден, тарих ғылымдарының ұйымдастырушылық тұрғыдан дамуы жақсарды, жаңа орталықтар, жаңа бағдарламалар пайда болды. Тарих ғылымы қайтадан жаңғырды десек артықтық бомас. Сондықтан болар, Қазақстандағы барлық сауатты кісілер бірден тарихшы болып шыға келді. Мұның жақсы тұсымен қатар, жаман тұсы да бар.

- Мемлекет тарих ғылымының дамуына қаншалықты назар аударып отыр? Арнайы бағдарламалар бар ма?

- Соңғы 5 жылда Қазақстан «Ғылыми қазына», «Халық тарих толқынында» секілді зерттеу бағдарламаларын жүзеге асырды. Осы жылы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аяқталады. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру жақсы нәтиже берді. Әлемдік деңгейдегі монографиялар пайда болды, конференциялар, ғылыми форумдар өткізілді. Бір сөзбен айтқанда, тарих ғылымы әлемдік ғылыми кеңістікке еніп отыр.

- Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жүзеге асырған жобалары туралы нақтырақ айтып өтсеңіз?

- 2012 жылдан бастап біздің Институт қолға алған қарымды іс – көп томдық форматтағы Қазақстан тарихын жазу. Біз Қазақстан тарихын 10 томмен, 20 кітап етіп жасауды жоспарлаған болатынбыз. Бұл жобаға Ә. Марғұлан атындағы Археология институты мен Мемлекет тарихы институты да жұмылдырылды. Осылайша, үш Институттың күшімен күрделі еңбек дайындалуда. Бұл еңбектің тағы бір ерекшелігі бұл ауқымды жұмысты жазуға әлемнің түкпір-түкпірінен тарихшы ғалымдар шақырылды. Бұл жобаның авторлары арасында Ресей, Түркия және басқа да алыс жақын шет ел ғалымдары бар. Бүгінгі күні Институт ҚР ҒБМ Ғылым комитетіне алғашқы 13 кітапты ұсынып отыр. 4 кітапты археологтар, 3 кітапты тарихшы ғалымдар жазуда. Жылдың аяғында біз барлық 20 кітапты жинап үлгереміз деп үміттенемін. 2017 жылы оқырмандар «Қазақстан тарихы» көптомдықтың алғашқы кітаптарын алып қалуы әбден мүмкін.

- Бұл негізінен басқа еңбек болады ма? Оның осыдан бұрынғы «Қазақстан тарихы» бес томдығынан айырмашылығы неде?

- Мүлдем басқаша еңбек болады деп айтуға әрине болмайды, өйткені мұрагерлік, ұрпақтар мен ойлар жалғасытығы деген ұғым бар емес пе?!. Біз алдыңғы дәуірлердегі ғалымдардың жетістіктерін жоққа шығармаймыз. Сонымен қатар осы көптомдықта жаңа дүниелер бар. Мысалыға, бұрын Қазақ хандығының тарихы жеке том болып зерттелмеген. Қазақ хандығының тарихы бойынша жаңа басылымда екі том бар. Бұрын қыпшақтардың тарихы Қазақстанның белгілі бір шекарасында зерттелген еді, ал жаңа басылымда қыпшақтардың тарихы Еуропаны, Азияны, Африканы қамти отырып ұсынылатын болады. Кеңестік замандағы және кеңестік заманнан кейінгі мерзімдердегі басылымдарда Қарақалпақ автономиясының Қазақстан құрамындағы тарихы қарастырылмаған, өйткені Қазақалпақстан Өзбекстанның құрамында және бұл өзбек тарихы деп есептелінді. Бірақ тарихымыздан Қарақалпақстанның Қазақстанның құрамында болғаны белгілі, біз осы жерде сол уақыт аралығын көрсетіп отырмыз. Алдыңғы басылымдарда қазақ халқының антропологиясы үстіртін қарастырылған еді, ал бұл жерде қазақтардың антропологиясына бүкіл бір том арналып отыр. Осындай жаңалықтар бар, оқырмандар бұл еңбектің мазмұны мен деңгейіне қанағаттанады деп үміттенеміз.

- Сіздің Институт қандай да бір бейінді немесе мамандандырылған зерттеулер жүргізеді ме?

- Бізде тарихымыз бойынша бірнеше арнайы жобалар бар, атап айтар болсақ, қазақ халқының ауызша тарихы, демографиялық даму, Ұлы Отан соғысы, ежелгі түркілер секілді. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі көп жоспарлы сипатқа ие, біз осылайша тарихшы ғалымдардың жаңа буынын дайындаймыз.

- Сіздерде жас тарихшы мамандарды даярлау жұмысы қалай жүргізілуде?

- Жаңа кадрларды даярлау бізде екі жолмен жүргізілуде. Бірінші жол – біз жұмысқа Қазақстанның және Қытай, Моңғолия, Түркияның озық ЖОО жас түлектерін қабылдап отырмыз. Екінші жол – бізде үш жыл бойы магистратура мен доктарантура иснтитуты жұмыс жасайды, біз бұл жерде өзіміздің мамандарымызды дайындаймыз. Осы жылы магистратураның бірінші қарлығаштары қанаттандырылды, сегіз магистрант диплом алды. Келесі жылы докторантураның бірінші түлектері түлеп ұшады, оның ішінде 4 – і біздің жаңа қызметкерлеріміз болмақ. Магистранттар мен доктранттарды осылайша даярлау ҚазҰУ және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бірлесіп жұмыс жасауы негізінде жүргізіледі. Яғни біз ғылым мен білімнің бірлесу процесін көріп отырмыз.

- Демек ғылым мен білім бұрынғыдай бөлек емес, бірге жүруі тиіс пе?

- Иә, бұл батыстық үлгі деп аталады. Ал бізде ЖОО да , білім де өз бетімен дамыды, ғылым өз бетімен дамыды. Ал қазір, әлемдік тәжірибені қолдана отырып, ЖОО мен ғылым жақындасып келеді. Қалай болатынын көреміз, жақсы нәтиже шығады деп сенеміз.

- Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы сіздердің қажеттіліктеріңізді қанағаттандырады ма?

- Елімізде және әлемде экономикалық дағдарыс болып жатыр, бұл әрине ғылымға да өз әсерін тигізеді. Қаржыландыру айтарлықтай қысқарды. Егер 2013-2014 жылдары біздің қаржымыз 300 млн теңгеге дейін жеткен болса, осы жылы ол 120-130 млн теңгені құрады. Яғни, екі есеге азайды. Осыған қарамастан біздің ұжым болашаққа зор сеніммен қарайды. Мен дағдарыс артта қалып, ғылым әрдайым дамып отырады деп ойлаймын.

- Болашаққа деген жоспарларыңыз қандай?

- Біріншіден, біз қазақ мемлекеттілігінің ежелгі заманнан бастап осы кезге дейінгі тарихын зерттеумен айналысқымыз келеді. Екіншіден, біз тарихи процестерге ұзақ уақыт бойы көзқарастық тәсіл арқылы қарадық, тарихқа халықтың, тұлғалардың, биліктің әрекеттері арқылы қарайтын кез келді. Тарихты түйсінуге арналған жаңа тәсіл өте қажет. Біз осы салада тұңғыш ашушылар болғымыз келеді.

- Ел тарихын зерттеу қазақ мемлекеттілігінің жасын қайта қарастыруға ықпал етуі мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Қазақстан аумағында қазақ хандығы құрылғанға дейін кемінде 20 мемлекет болған. Бұл жерде екі ежелгі империялар – ежелгі түркілер және моңғол империялары өмір сүрді. Яғни мемлекеттілік дәстүрі ежелгі заманнан бері қалыптасты. Қазақ хандығын ұлттық мемлекет ретінде қайта қарастыру керек, ол нені мирас етті, қандай жасампаздық қасиеттерге ие болды, нені жоғалтты дегендей. Осының барлығын анықтау қажет, сол кезде ғана біз тарихты қозғалыста деп елестете аламыз және бізге өткенді тұтас елестетуге мүмкіндік туады.

- 2017 жыл – бұл революциялық процестердің жүзжылдығы, Алаш Орданың жүзжылдығы. Институт 2017 жылға қандай іс-шараларды жоспарлап отыр?

- Әрине, біз екі революция, Алаш қозғалысының қызметкерлеріне арналған конференциялар мен дөңгелек үстелдер сериясын жүргізгіміз келеді. Жоғарыда айтып өткенімдей, біз тарихқа халық пен адамдардың әрекеті тұрғысынан қарағымыз келеді. Біз Назир Төреқұловқа, Әбрахман Әйтиевке арналған конференцияларды жүргізгіміз келеді. Бізде жаңа нәтижелер, ұлттық тарихымыздың жаңа тұжырымдамалық ұсыныстары пайда болады деп сенемін.

- Рақмет, сізге шығармашылық табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан: Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?