Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ білімінің қарашаңырағы

2396
Қазақ білімінің қарашаңырағы  - e-history.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы негізгі университеттердің бірі. Ол – ең ірі және алдыңғы қатарлы оқу орны. Биыл басты білім ордасының құрылғанына 82 жыл толып отыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жоғары білім жүйесінің университеттік дәстүрлерінің іргетасын қалап, кәсіби ғылыми және педагогикалық мектептерді қалыптастыруының негізі болып табылады. ҚазҰУ бүгінгі таңда елдің ең жоғары оқу орны бола отырып, Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын іске асыру барысында байқалған білім беру саласындағы сапалы ауысуларды байқатып отыр. 

a2d54dc65f7cb18fff6e6d6d832df7f8.jpgҚазақ мемлекеттік университетінің алғашқы ғимараты 

6464e6978265c47a51c19ec0a6f31fe7.jpg

1933 жылғы 20 қазанда Қазақ мемлекеттік университетінің іргетасы қаланып, 1934 жылы 15 қаңтарда ресми ашылуы болды. Қазақ мемлекеттік университетінің 1934 жылғы 19 қаңтардағы алғашқы ректоры болып Федот Трофимович Оликов тағайындалды. 

ҚазМУ тарихындағы ең басты оқиға 1938 жылдың ақпанында биология, физика-математика және химия ғылымдары бойынша кандидат дәрежелерін және доцент дәрежесін беру құқығымен Оқу кеңесінің құрылуы болды. 1939 жылдың күзінде ҚазМУ ректоры болып Иван Лукьянец тағайындалды. Бұл қызметті ол соғысқа дейінгі және соғыс жылдарында атқарды. Факультет үшін оқытушы кадрларды даярлауда ММУ және ЛМУ профессорлары мен оқытушыларының үлесі зор болды. 

012e5d9b4277a6a7ce100cc68a7ab46b.jpg

Биология факультетінің алғашқы түлектері

1943-1944 оқу жылы ҚазМУ жоғары оқу орындарының бірінші санатына жатқызылды. 

Университетте Қазақ КСР ҒА толық мүшесі М.О. Әуезов, Қазақ КСР ҒА Президенті Қ.И. Сәтбаев және басқа да танымал ғалымдар дәріс оқыды. 

1d481f6483f22fce5677a68827b27db9.jpg

ҚазМУ кітапханасының оқу залы (1934 ж.) 

1949 жылы 1947 жылдан бастап әрекет ететін филология факультетінің логика және психология бөлімдері С.М. Киров атындағы ҚазМУ ректоры, танымал ғалым, дипломат, қоғам қайраткері Т.Т. Тәжібаевтың бастамасымен философия және экономика факультеттері құрылды. Университеттің нығаюына оған 1954-1955 оқу жылы заң факультеті ретінде Алматы заң институтының қосылуы өз септігін тигізді. 

7a974f6708378fd3978f8ce7b09f27f0.jpg

Оқытушылар құрамы


1970 жылдың желтоқсанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ҚазМУ кешенінің бірінші кезегін салуды бастау туралы шешім қабылдап, 1971 жылдың сәуірінде ҚазМУ-дың бас ғимаратының іргетасын қалау рәсімі арқылы ҚазМУ қалашығының құрылысы бойынша бірегей жоба іске асырыла бастады. 

9827af9b606d38178295b3d096a9e353.jpg

Студенттердің тұңғыш ғылыми конференциясы жинағының мұқаба беті (1940 ж.) 

80-інші жылдардың басына қарай бірнеше студенттік жатақхана, гуманитарлық, биология және география факультеттерінің оқу ғимараттары, Тамақтану комбинаты және Сауда орталығы, бірқатар өндірістік-шаруашылық объектілер пайдалануға тапсырылды.

 ҚазҰУ-ды жеке ғылыми-білім конгломераты ретінде құруда ректор Өмірбек Жолдасбековтың үлесі теңдессіз, бұл атақты тұлғаның есімі отандық ғылым тарихына алтын әріппен жазылған. Оның тікелей қатысуымен Алатаудың баурайында «ҚазҰУ қалашығы» алғашқы студенттік қалашық салынды. 

c4e2898165d1f97c529afb55334a4793.jpg

Университет мұражайы

80-інші жылдарға ғылыми-зерттеу жұмысына және оқу процесіне автоматтандырылған жүйелердің белсенді енгізілуі тән болды. Өзінің мықты электрондық машина паркін пайдалана отырып, ҚазҰУ осы бағытта Қазақстанда жоғары оқу орны қызметі бағытында көшбасшы бола білді. 

Университет дамуындағы жаңа дәуір Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен басталды. 1991 жылдан ол ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімін иеленді. Қазақ мемлекеттік университеті өмірдің жаңа парағын ашты, жаңа есіммен бірге – ұлттық университет, жоғары оқу орындарының көшбасшысы – жаңа мәртебесіне ие болды. 

9674bb20dd125015e17d86e40586455d.jpg

ҚазҰУ-дың қазіргі ректоры Ғ.М. Мұтанов Елбасымыз Н.Назарбаевтың қабылдауында 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2009–2011 жылдарға арналған даму стратегиясын» университет білімінің менеджмент жүйесін жаңғыртуда, білім беру процесінде инновациялық тәсілдерді жетілдіруде және жоғары оқу орындары ғылымының тиімділігіне қол жеткізуде негізін қалады. 

Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың әлемдік сахнада жайғасымы нығая түсті. Университет Bureau Veritas certification Франция сертификаттау органының аккредитациясынан табысты өтті. ҚазҰУ Қазақстандық жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде 1-орынға ие болды. РейтОР агенттігімен әзірленген Ең үздік жоғары оқу орындарының жаңа әлемдік рейтингісіне сәйкес, жеріміздің 500 ең танымал университеттерінің арасында ҚазҰУ білім беру критерийлері бойынша 150-орынға ие болды. 

Танымал реформатор, елдің шығысында инновациялық университет-технопаркті құрушы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының ректор болып тағайындалуымен байланысты ҚазҰУ-да жаңа кезең басталған. 

Ресей Президенті Д. Медведев сол уақытта Нұрсұлтан Назарбаевқа ресейліктер аталған жоба туралы ойланып жатқан кезде, қазақстандықтардың оны іске асырғанын айтты. ҚазҰУ трансформациялық бағыты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында «кем дегенде екі қазақстандық университет 2020 жылға қарай әлемнің топ-университеттерінің тізіміне енуі тиіс» екенін атап кетті. Қазір университет бұл күрделі міндетті де орындап отыр.

80-нен астам жылдық тарихы кезінде университет бір жүз қырық мыңнан астам маманды дайындап шығарды. 

c6e234e85c1057c66f73a5ee3e3c2e5c.jpg

ҚазҰУ бас ғимаратының болашақтағы жаңғыртпасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінде өз зерттеу нышаны қалыптасқан жетекші классикалық университет, Қазақстандағы жоғары ғылым, білім және инновациялар орталығы деп айтуға толық негіз бар. 

 Дәулет ІЗТІЛЕУОВ 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?