Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды

2407
Қадыр Мырзалиев қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, елдік, мемлекеттік мәселелерде азаматтық позициясын таныта білген көрнекті қоғам қайраткері.

Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері ақын Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам қайраткерлері, ақынның туыстары мен жиналған қауымның алдында мемориалды тақтаны ашқан қала әкімі Ахметжан Есімов Қадыр ақынның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, елдік, мемлекеттік мәселелерде азаматтық позициясын таныта білген көрнекті қоғам қайраткері болғанын атап өтті.

«Бүгінгі қазақ поэзиясын Қадыр ақынсыз елестету мүмкін емес. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін оның жауһар жырларымен сусындап өстік. Өзі өмірден өткенімен, оның сөзі өлмейді», - деді Ахметжан Есімов.

Қадыр Мырзалиев - 50-ден астам өлең жинақтары, әдеби-сынақ және балалар кітаптары мен 200-ден астам ән мәтінінің авторы. Оның өлеңдері орыс, ағылшын, француз, фин, қырғыз, татар және басқа да әлем тілдеріне аударылған.

Мемориалды тақта Қадыр Мырзалиев 1971-1992 жылдар аралығында тұрған және еңбек еткен Жамбыл көшесі, №163 үйдің қабырғасына орнатылды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?