Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ленинградтың қоршаудан алынғанына 70 жыл толды

1615
Петропавлда Ленинградты қоршаудан алуға қатысқан, 314-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

314-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне 27 қаңтар күні петропавлдықтар жыл сайын келеді. Олар Ленинградты қоршаудан қорғап, қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеді, деп хабарлайды inform.kz. 

Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 900 күнге созылған Ленинград қоршауына 70 жыл толды. Қаланы қорғау барысында Нева мен блокаданы алу жөніндегі шайқастарда 1941 жылдың шілде-тамыз айларында Петропавлда қалыптасқан 314- атқыштар дивизиясы жауынгерлері де қатысты.

Естелік іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, блокадада болғандар, қоғамдастық өкілдері, қаланың оқу орындарының оқушылары қатысты.  

27 қаңтар күні қала тұрғындары жыл сайын Кутузовтың ІІ дәрежелі орденімен марапатталған, Кингисеп дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткішке келеді. Олар блокадада болған Ленинградты қорғап, қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Іс-шара қатысушылары даңққа бөленген дивизия жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.   


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?