Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Невада-Семей»: тарихы мен тағлымы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

1369
Бүгін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Невада-Семей»: тарихы мен тағлымы» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың құрылуының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Институт директоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтің кіріспе сөзімен ашылды. Сөз барысында «Семей аймағының Қазақстанға экономикалық, әлеуметтік әсері әлі де сезілуде, халқымыздың тарихында орны толмас қасіретті басынан өткізіп оның зардабын әлі де бастан кешіруде. Биылғы жылы Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толды, 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн болып белгіленуі Елбасымыздың ұстанған ұтқыр саясатының маңызы зор» - деп, 1949-1989 жылдар аралығына дейін жүргізілген сынақ нәтижесі халықтың денсаулығына зиянын тигізгендігін, жердің ластанғандығына тоқталды.

Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов өз баяндамасында Семей ядролық сынақ полигонының құрылу тарихы, 1930-1940 жж. ядролық физика жетістіктері нәтижесінде атом қаруының шығуы, мәселесімен тығыз байланысты екендігін нақтылай келе, АҚШ және басқа елдердің соғыс саясаты мәжбүрлеуімен және соның салдарынан 1949-1989 жж. аралығындағы 40 жылдай атом сынақтарының өткізілуі, кеңестік биліктің жоғарыдағылардың халықтың көзқарасымен санаспауы, сол кезде қазақ даласын сынақ алаңына айналдыруы біздің тарихымызда орны толмас қайғылы оқиға деп бағалады. Семей сынақ алаңына қатысты деректік құжаттардың жоқтығы, бүгінгі тарихшы-зерттеушілердің бұл тарихи мәселені зерттеуде қиындық туындатып отырғандығын атап өтті.

Институт директорының орынбасары  т.ғ.д., доцент С.О.Смағұлова ғылыми хабарламасында Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарын әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметі жағдайларын талдауға алып, ядролық сынақ аймағындағы тұрғындарға бір жәрдемақымен ғана шектелмей, тегін түрде медициналық көмек көрсету қажеттігін көтерді. 1992 ж. қабылданған заңның ұдайы жүзеге асыру маңыздылығын саралады.

Институттың аға  ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент С.Ә. Асанова Невада-Семей қозғалысы тарихына тоқталып, билік пен халық арасында тығыз байланыстың орнатылғандығы жөн деп санады. Семей-Невада қозғалысын саяси қырынан талдау жасады.

Институттың аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент  Г.Ж. Өскембаева Қазіргі заман тарихындағы Семей (КСРО) және Невада (АҚШ) сынақ полигондарының тарихи ұқсастықтарына тоқтала келе, ядролық жарылыстар әсерінен залалданған аумақтарды салыстырмалы түрде көрсетті. АҚШ-тың Невада штатында 1951 ж. болған ядролық жарылыс зардабы мен Семей 1949 ж. сынақ полигондарының тарихи ұқсастықтары мен ерекшеліктерінің барлығын нақтылап берді.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, институт басшылығы тарапынан Семей полигоны аумағына қатысты институт қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау мәселесі Кәсіподақ ұйымы қарауына тапсырылды. 

6afc3ff758b50ccadeed596614b62b04.JPG

5723687d8d6f50a611f026f38f113e8f.JPG

573a71a4ff2a3cbc3d4c29f7e359d8ce.JPG

6b67404519ed5f766951bb3e60746788.JPG


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?