Өмірде неше рет тас және қола мүсіндерінің қасынан өттіңіз? Ал оны кім және қалай жасағаны жайлы ойландыңыз ба? Сол монументтің пайда болған киелі орны қайда?
Біз осы сұраққа жауап іздеп, қала төңірегін біраз шарлап, «Көркем шеберхана» жазуы бар ғимарат біздің көзімізге түсті. Үлкен ангарға ұқсас ғимараттан ашық дарбазға кіргенде, көктемгі дала жылуынан ерекшеленетін жартылай түнек пен суыққа келіп кіргендей болдық. Бұл монументтердің жасалатын жерлерінің бірі. Бізді суретші және мүсінші Ринат Әбенов қарсы алды, ол өзіне қоланы қалай бағындыруды жақсы біледі.
Ринат Әбенов Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек хандар ескерткіштерінің авторы
Мүсіншінің жұмыс күні кеңсе жұмысшының күніне мүлдем ұқсамайды. Ол абыр-сабырдан, компьютерге және кеңсе орындығына байланысудан айырылған. Шебер «тірі» материалдармен жұмыс істейді, олар: балшық, гипс, балауыз, қола, сонымен қатар күн сайын ол өз жұмысының нәтижесін көреді.
Балшықтың үстемесі, ары қарай мүсінші жоғарыдағы құралдар көмегімен мүсіндеуге кіріседі
Ескерткіштерді жасауда белгісіз сиқыр бар. Бес метрлік қола мүсіннің пайда болуын басқаша қалай түсіндіруге болады?
«Бәрі идеядан басталады», - деп, әңгімеледі Ринат. Содан соң ол нобай түрінде қағазға түсіріледі. Нобай ермексаздан 40 сантиметрлік мүсінге айналады.
Ермексаздан жасалған мүсіндердің нобайы
Келесі кезең – ұлғайту, балшықтан ескерткіштің метрлік моделі жасалады, содан соң оны гипсқа ауыстырады.
Ескерткіштің жасалу барысындағы гипстік нұсқасы
Гипс бұйымның әр бөлігін өлшейді. Егер батырға арналған осы болашақ ескерткіш болса, оның қол, аяқ, дене, қылыш және т.б. ұзындықтары өлшенеді. Бес метрлік алып мүсінді жасау үшін үш сызықтыда (өзінше 3D кескіні) мүсіннің ұлғаюы бес есе өсетін тисті өлшемдегі рамасы қойыладыШеберханада
Егер аса еңбекті қажет етпейтін және ауыр болмаса, ары қарай қола ескерткішінің жасалу процесін ертегілік деп атауға болар еді. Балшық қалыптан гипске, одан балауыз нысанына түсіріледі. Балауыз бейнесі өте осал, сондықтан болашақ монументтің мінсіз пішінін жасай отырып, оны құмнан күймейтін нысанға ауыстырады. Соңғы кезең – қоладан құйма жасау. Монументтілік және заңғар түрге ие болып ескерткіш металл тәулік бойы суиды.
Әр тетікті жеке құйып, бөліктер бойынша қола ескерткішін жинайды. Егер оған жақындасақ, бөліктерін қосқан дәнекерлеудің тігістерін көруге болады. Шебер ескеркіштің пайда болған құпиясын мәңгілікке жасырып, тігістерді жонады.
Ал сіз білесіздер ме?
Ескерткіштердің айбынды өлшемдеріне қарамастан, қоланың қалыңдығы 8 миллиметрге ғана жетеді. Олардың ішкі жағы қуыс бос болып, келеді.
Жәнібек және Керей ескерткіштерінің алғашқы нобайы оның қоламен құйылуымен асырылуынан ерекшеленеді. Автордың ойы бойынша Жәнібектің қолында дулыға болған жоқ, ал Керей халыққа сол қолын созып тұрған болатын.
Автор: Людмила Выходченко
Фото: Алена Демченко