
Музейдің Орал қаласында орналасу себебі, 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы кезінде Е.Пугачев Оралдағы жергілікті қазақтар мен шекаралас аймақтардағы башқұрттардың көмегіне сүйенген болатын.
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына Кіші жүз қазақтары қатысып, патша езгісінен құтылуды көздеген еді. Бұл соғыс 3 кезеңнен тұрып, 1775 жылы жеңілді. Е.Пугачевтің өзі Мәскеуге жеткізіліп өлім жазасына кесілді. Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары қатысқан бұл көтеріліс қазақ халқының Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының басталуына ықпал етті.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек бұл музей-үйі Е.Пугачевтің әйелі У.Кузнецованың әкесінің үйі болған. Кеңес үкіметі тұсында 1967 жылға дейін бұл үйде кітапхана болса, 1991 жылдан бастап тарихи ескерткіш ретінде облыстық тарихи - өлкетану музейінің қарамағына берілді. Назарларыңызға музейден арнайы фоторепортаж ұсынамыз.
Белгісіз суретшінің салған картинасы. Суретте Е.Пугачев пен II Екатеринаның қосарланған суреті бейнеленген. Суретші картинаны не себептен осылай салғаны тарихшыларға белгісіз.
Е.Пугачевтің тағы. Ол 1773 жылы өзін халыққа «III Петрмін» деп таныстырып, осы таққа отыру салтанатын жасаған болатын.
II Екатеринаның Е.Пугачев көтерілісін басуға қатысқан казактарға беретін қолғабы. Бұл қолғаптар арнайы түрде сыйлық ретінде тапсырылатын болған.
Қоладан құйылған қоңырау. Е.Пугачевтің қолданған бұйымдарының бірі ретінде музейге қойылған.
Е.Пугачевті тұтқындап, қамап әкелінген тор. Осы тормен 1775 жылы Мәскеуге жеткізіліп, өлім жазасына кесілген болатын.
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушылардың туы.
МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ АУЛАСЫ:
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Астана – Орал – Астана.
Суреттер автордікі.