Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Оралдық археологтар "Алтын әйелдің" сүйегін тапты

3363
Оралдық археологтар "Алтын әйелдің" сүйегін тапты - e-history.kz
Орал археологтары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданынан 2012 жылы, көне замандарда жерленген «Алтын әйелдің» қаңқасын тапқан болатын. Жақында бұл жайлы мәліметті батыстық археологтар анықтап берді.

Жерлеу жүргізілген кешенді археологтар «Тақсай-1» деп атап отыр. Қорғанның атауы осы маңдағы Тақсай стансасынан шығып отыр.

Зерттеушілер бұл көне қорымды сармат кезеңіне жатқызады. Қорғаннан биіктігі бір метрден асып кететін 80 алтын әшекей табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын өзіне ұқсасы кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген.

8991410e1a856bff880169695afa9805.jpg

Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықов: «Алтын әйелді» жерлеу дәстүрі зороастризм дәуіріне жатса керек. Өкінішке орай, әзірге сүйектері нашар сақталғандықтан, әйелдің жас шамасын анықтаудың мүмкіндігі туған жоқ. Бұдан бөлек, онымен бірге екі күзетші әйел жерленіпті. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қорымның біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларға жататыны анықталды», — деп "Мой ГОРОД" Порталы тілшісіне мәлімдеді.

02c20a092916562a0a180a017cbdb895.jpg

Қорымнан аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар, сондай-ақ әшекейлер табылған. Шамасы, бұлардың бәрі жерленген әйелге о дүниеде керек болады деген ұғыммен қойылса керек.

407c40b0a3b5897bc6440d2dac5a6e47.jpg

«Алтын әйелдің» киім-кешегін белгілі реставратор Қырым Алтынбеков қайта қалпына келтірген.

«Қорымның байлығы жерленген әйелдің сол кездегі қоғамда алған орнын да анық байқатады. Бұл сол кездердің өзінде адамдардың бай және кедей болып бөлінгендерін көрсетеді. Тақсайдың жанында тағы екі қорған бар. Оларды қазуды біз келер жылы жүргіземіз. Бір жақсысы, бұл қорғандарға бұған дейін ешкім тиіспеген екен, ешкімнің тонауына ұшырамаған», — деді Мұрат Сыдықов.

9839288f9cb7aa794ba5d7eb99029481.jpg

Археологтар «Алтын әйелді» зерттеуде Германия, Ресей және Жапония ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасаған.

Әзірге Оралдық «Алтын әйел» көпшілікке көрсетіле қойған жоқ. Оның тұсаукесері алдағы қыркүйек айында жоспарлануда.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 1966 археологиялық нысан бар. Мұндағы бір нысанның өзінде елуге дейін қорған бар.



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?