Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Алматы қаласында «Ұлттық мұра» автошеруі басталды

1892
Алматы қаласында «Ұлттық мұра» автошеруі басталды  - e-history.kz
Бүгін, Алматы қаласында «Ұлттық мұра» І автошеруі салтанатты түрде басталды.

Бұл «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына 10 жыл толуына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жаңа жобасы болып табылады.

bf6aba1f220e62010fe931821c520226.jpg

Орталық және Оңтүстік Қазақстан бойынша көліктермен онкүндік сапарға шығар алдында автошеруге қатысушылар Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде брифинг өткізді. ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған музей қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, жоғары орындарының студенттері қатысты.

Ұлттық музейдің жобасы 3 жылға арналған. Алғашқы «Ұлттық мұра» автошеру маршруты Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарындағы мәдени-тарихи нысандар мен облыстық музейлерді аралауға жоспарлаған. 10-20 қыркүйек аралығында автошеруге қатысушылар Есік, Талғар, Боралдай және Тамғалыға барады. Содан кейін маршрут Айша-бибі мен Қарахан кесенелері бар ежелгі сәулет ескерткіштерінің орындары бойынша жалғасады. Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев басқарған Ұлттық музей қызметкерлерінің тобы Сайрам, Отырар, Сығанақ ежелгі қалаларына барады. Автошеру республикалық музей қызметкерлерін біріктіруге және олардың күшін мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру үшін біріктіру мақсатында өткізілуде.

4b1b33ed43518904a2bb5498aba4e748.jpg

Он күндік автошеруге қатысушылар — Ұлттық музейдің қызметкерлері өздерінің алдына бірнеше мынандай міндеттер қойып отыр: музей ісі бойынша тәжірбие алмасу; аймақтардағы музейлердің жетістіктерін, проблемалары мен келешектегі даму жолдарын талқылау; тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратудағы тиімді тәжірбиені талдап қорыту және тарату. Сонымен қатар ұйымдастырушылар қазақстандықтардан бүкіл халықтың дәулеті болуы үшін ата-бабалардан қалған ескі заттарын Ұлттық музей қорына тапсыру ниетін шақыруға үміттенеді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?