Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Тар жол тайғақ» кешкен Сәкен Сейфуллин

3978
«Тар жол тайғақ» кешкен Сәкен Сейфуллин - e-history.kz
1894 жылдың 15 қазанында қазақтың көрнекті ақыны, дарынды жазушысы, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, кеңестік қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллин дүниеге келген еді.

Оның азан шақырып қойған шын есімі Сәдуақас, алты Алашқа Сәкен Сейфуллин деген атпен мәшһүр болған тұлғаның бүгін туған күні. ҚазақКСР-і Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқытөрағасы болған ол алғашқы білімін Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде алған екен. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен-де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көпбілетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты.

c94bfde98c86106ccab7e0050153ba54.jpg

Жазушының әкесі

Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы 1908-1913 жылдары Ақмолада приход мектебінде, қалалық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты болады. Тырнақ шығармаларын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған ол қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге ұмтылады. «Айқап» журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең жариялайды. 1914 жылы жиырма жастағы Сәкеннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында жарық көреді.

22ebcbcd97fbc085e2acff8a1574ef8e.jpg

Омбы мұғалімдер семинариясы

Семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен еңбек жолын Сілетті-Бұғылы ауылында мұғалім болудан бастайды. Қазақ даласының астан-кестеңін шығарған 1916 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс, әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етеді.

Ол Революция болып, патша құлағаннан кейін Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады.

Сәкен түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік-билік иелерін тізгіндеу, кедей-кепшік, жұмысшы, жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады.

1917 жылы ол жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.

1917ж. мамыр айында Ақмолада Қазақ комитетін құруға қатысады. Әуелде орынбасары, кейін төрағасы  болады. Осы комитетпен қатар «Жас қазақ» ұйымын құрып, оның «Тіршілік» газетінің жұмысын басқарады. 

1917 ж. күзде Ақмолада ұйымдасқан Совдептің президиум мүшесі, Ақмола уезіндегі ағарту ісінің комиссары болып сайланады. 

1918 ж.Колчак әскері Ақмоланы алып, қаңтар айында ішінде Сәкен бар Совдеп мүшелерін Қызылжарға (Петропавл) жаяу айдады. Одан атаман Анненковтың азап вагондарына мінгізіп, Омбыға, Новосибирьге, Барнаулға, Семейге апарып, сол жолмен қайта Омбыға алып келді. Сәкен Омбыдағы тұтқын лагерінен 1919 ж. наурыз айында қашып шығып, Алтай губерниясы арқылы Павлодарға, одан Баянауылға барып паналайды. Сол Жылы Күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз аялдап, Бетпақ дала арқылы Кеңес үкіметі билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 

1920 ж. мамыр айында Ақмолаға оралып, уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары және іс басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. 

1fadb0540abbb17567529202fb65d6a9.jpg

Омбы қаласында Сәкен тұтқыннан қашқанда паналаған М.Әйтпеновтың үйі 

1920 жылы жазда бүкіл қазақ өлкесін басқаратын Ревкомның құрамына сайланады. Осы жылы 12 қазанда ҚазКСР Орталық атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланды. 

1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, оқу халық комиссарының орынбасары болып тағайындалады. 

1922 -1924 жылдары ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 

6f1e67726b4becaaf70693667783b96c.jpg

3-ші Бүкілқырғыздық партиялық конференция 1922 жыл. Екінші қатарда сол жақтан санағанда екінші тұрған Сәкен Сейфуллин. 


1925 -1928 жылдары Қызылорда халық ағарту институтында, 1928 – 1929 жылдары Тәшкен педагогикалық институтында сабақ береді. 

Отбасы жағдайына келетін болсақ Сәкен Гүлбаһрам Сейфуллинге 1926 жылы Қызылорда қаласында отбасын құрады. Қыздары Лаура 1929 жылы туып, 1932 жылы қайтыс болды. Сәкен еркелетіп Лаураны «ДәріДана» (Дәрдана) деп атаған екен. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келеді.

Сәкен 1930-1937 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ береді.

96b2051688db967154136ed10599f95c.jpg

 Қазақ жазушылары, 1930 жыл

1927 – 1928 жылдары «Жыл құсы» альманахы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысады. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы қызметін атқарды. 

1934 жылы Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды. Әдеби шығармаларынан: 1914 жылы «Өткен күндер», 1922 жылы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағын шығарды. 1917 жылы «Бақыт жолына», 1920 жылы «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. 

1924 жылы «Домбыра», 1926 жылы «Экспресс», 1928 жылы «Тұрмыс толқынында» жинақтарын, 1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі мен «Жер қазғандар» повесін, 1929 жылы «Көкшетау» поэмасын жариялады. 

1933 жылы «Альбатрос», «Қызыл ат» поэмаларын, 1935 жылы «Социалистан» атты өлеңдер жинағын шығарды. 

1934 – 35 жылдары «Айша» әңгімесі, «Біздің тұрмыс» романы, «Жемістер» атты публицистикалық хикаяты, көптеген өлеңдері жарық көрді. 

1936 ж. ақын шығармашылығының 20 – жылдығы кеңінен аталып өтті. Сәкен қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин «халық жауы» деген айып тағылып ұсталып, 1938 жылдың 23 ақпанында Алматы қаласында атылды. 

1957 ж. 21 наурызда бұрынғы қылмыстық ісі тоқтатылып, толық ақталды.


e0c9c99250f7d710839d1fd9227c8161.jpg

Сәкен Сейфуллин және С.Мұқанов, 1927 жыл

«Сәкен, ең алдымен, өтірік дегенді білмейтін адам еді. Оның досы да, дұшпаны да көп болды. Солардың ешқайсысы не бұрын, не қазір Сәкеннің жалған сөйлегенін не көрдік, не естідік демеуге тиіс. Сәкен аса уәдешіл болатын, уәделі ісін бұлжытпай дер кезінде орындайтын. Екі сөзді айтпайтын» деп, өмір бойы қол ұстасып өткен жан досы Сәбит Мұқанов жазған болатын.

603a235ce63fb79635e0a5f9a2eb7817.jpg

Гүлбаһрам Сейфуллина.1963 жыл


Ақын қазасынан белгілі болғанындай. Ол "халық жауы" ретінде ІІХК Алматыдағы түрмесінде 1938 жылдың 25 сәуірінде сағат 16 дан 40 минут кеткенде атылып кетеді. "Халық жауының" әкесі мен ағасы да осы жолды құшып, 1937 жылы олар да ату жазасына кесіледі. 

1937 жылы СәкенСейфуллин Алматы қаласында тұтқындалғанда, оның жарыГүлбаһрам ұлы Аянмен күзетші айдауымен Ақмола қаласына қайтуға мәжбүр болды. Ұзақ жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Жазушы ұлы өліп қалған  мен Көкшетауда жерленген екендігін  білмей де қалады. Оның жұбайы Гүлбаһрам іс-түссіз жоғалып кеткен Сәкен тағдырын он жылдың ішінде білмеген де еді.


11928becf479afa57b2406e6e3dc83d9.jpg

Абақтыдағы ақын бейнесі


Суреттер seifullin.ru сайтынан алып пайдаланылды


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?