Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мәртебесі биік марапаттар

1903
Мәртебесі биік марапаттар - e-history.kz
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәртебесі биік марапаттар» атты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасының қоғамдық марапаттарының көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәртебесі биік марапаттар» атты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасының қоғамдық марапаттарының көрмесі 2015 жылы 8 маусымда ашылды. 

— «Мәртебесі биік марапаттар» көрмесіне Мемлекет басшысының 500-ден астам қоғамдық марапаттары қойылған. Олар — Елбасымыздың халықаралық аренадағы еңбегіне, жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауға бағытталған жан-жақты қызметіне берілген зор баға. Қазақстан бүкіл әлемге қауіп төндірген жер бетіндегі аса қатерлі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жалғыз мемлекет болып отыр. Осының өзі-ақ талай нәрсені ұғындыра алады. Бұл, әрине, бір кісінің жеке басына берілген баға, сонымен қатар, сол кісінің халқына, еліне көрсетілген үлкен құрмет, — деді көрменің ашылуында халық жазушысы Әбіш Кекілбаев. 

68b7fcf4b6652434060348e02e8937c5.jpg

— Бұл марапаттар толық көлемде бірінші рет халық назарына ұсынылып отыр. Елбасының қолына табысталған марапаттар тек бір тұлғаға берілген марапаттар емес, барша халқымызға ортақ. Астана тұрғындары мен қонақтары аптаның әр күнінде, тамыз айына дейін осы көрмені келіп көре алады, — деген ойымен музей директорының орынбасары Күлайша Ақтаева бөлісті.

47f60cad1a4cb8f4fd658df6dc0c72a3.jpg

Көрермен назарына Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаттары алғаш рет ұсынылды. Атап айтқанда: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы», «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлығы және т.б. Ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметінің нәтижесінде Елбасымыз дүниежүзілік қоғамдастық алдында абырой биігінен көрінуде. Қазақстан Республикасы Президентінің әлемнің көптеген мемлекеттердің жоғары мемлекеттік марапаттары мұның айқын айғағы. 

152ded936c50902dba128a73ab314176.jpg

Ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік кеңістікке танылуының нәтижесі. Музей жәдігерлері арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа қазақстандық мемлекеттілік пен ашық қоғамды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық өмірдің көптеген саласына қосқан үлесін көрсету - аталмыш көрменің басты мақсаты болып табылады. 

Экспозицияда мемлекетаралық ынтымақтастық пен ықпалдасу саласындағы марапаттар; мемлекеттік басқару және экономика саласындағы марапаттар; қауіпсіздік саласындағы марапаттар; ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы марапаттар; білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы марапаттар; мәдениет саласындағы марапаттар; спорт және туризм саласындағы марапаттар көрсетілген.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?