Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жас тарихшы ғалымдардың алқалы мәжілісі өтті

2143
Жас тарихшы ғалымдардың алқалы мәжілісі өтті - e-history.kz
Үстіміздегі жылы Мемлекет тарихы институтында «Жас тарихшылардың республикалық кауымдастығының" жыл сайынғы жиналысы болып өтті.

Оған Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, "Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының" төрағасы, т.ғ.к. Қ. А. Еңсенов; Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Н. С. Лапин; Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты РМҚК Астана қаласындағы филиалының директоры, т.ғ.к. О. Ақанов; Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының оқытушысы, доцент, т.ғ.к. Ж. А. Қарсыбаева; М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Ғ. К. Мырзахмет; Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант Т. А. Апендиев; Л. Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің «Археология және этнология» кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Қ. Қ. Рахимжанов, PhD доктарант Е. Е. Рахметуллин; Ш. Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Г. Қарсақова; сондай-ақ, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, тарих ғылымының магистрі А. Т. Сметова, Қ. Ғ.  Ақанов, А. К. Сейпилова, К. Шайзада, Е. Табыс қатысты.

c1a66dd9fdac13de709cb273c12fa3c5.JPG

Мәжілісті «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» төрағасы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Қ. А. Еңсенов жүргізді. Бұл жиынға Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, т.ғ.д., Ж. Ү. Қыдыралина келіп қатысып, сөз сөйледі. Ол Қазақстанның жас ғалымдары, соның ішінде жас тарихшылардың да Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы негізгі күш болатынына сенімін білдірте отырып, «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» құрылуына оң баға берді. Сонымен қатыр, отырысқа «Мемлекет тарих институты», Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттерінен қауымдастықтың мүшелері қатысты.

Отырыс барысында «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» төрағасы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Қ. А. Еңсенов «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» 1 жылдық жұмыстарына есеп берді. Ол "Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының «құрылғалы бері көп жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты. Солардың ішінде ең негізгі жұмыстарының бірі Қауымдастықтың 2013 жылы Астана, Көкшетау, Орал, Семей және Тараз қалаларында өткен семинарлары туралы таныстырды. Сонымен қатар, Қауымдастықтың жұмыстарын дұрыс жолға қою үшін, оның мүшелерін анықтау, жаңадан құрылған ұйымның маңызды шараларының бірі болып табылатынын айтты. Қауымдастық мүшелерінің тізімін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі негізгі жоғарғы оқу орындарынан біртіндеп жинап алғандығын айтып өтті. Сөз соңында қауымдастықтың төрағасы қауымдастықтың келешек жоспарларын отырысқа келген қауымдастықтың мүшелеріне таныстырып өтті. Келешек жоспарда қауымдастықтың атынан қол жеткізілген ғылыми жобалар мен гранттық ғылыми жобалар таныстырылды. Сонымен қатыр қауымдастықтың оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша және мүшелерінің шетелдік тағылымдамаларға бару мүмкіндіктері жайлы да сөз қозғалды.
Отырысқа қатысқан қауымдастықтың өкілдері өзара пікір алмасты. Олардың айтуынша, «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» жасаған жұмыстары әлде болса да жеткіліксіз, және де әр аймақтардағы қауымдастық өкілдіктер арасындағы байланыстар да айтарлықтай болмай отыр. Сондай-ақ, қол жетімді мүмкіндіктерін қауымдастықтың барлық мүшелеріне ортақ болсын деген пікір көтерілді.
Отырыс соңында, қойылған сұрақтар мен пікірлерге «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының» төрағасы Қ. А. Еңсенов толығымен жауап беріп, қауымдастықтың жаңа сатыға көтерілу мәселесін көтерді. Ол үшін барлық қауымдастық мүшелері өз ұсыныстарын қауымдастыққа жолдап, олардың пікірлерін қабылдап, сараптап, ортақ жоспарға қосылатынынатап өтті. Сөз соңында жас тарихшығалымдардың шетелдік зерттеу мекемелерімен қарым-қатынастар жасап, республика деңгейінен халықаралық деңгейіне көтерілуі керектігін және осы бағытта жұмыстар атқарыла бастағанын атап өтті.
ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?