
4 желтоқсан күні «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукесері болады. Түсірілім барысынан түсірілген эксклюзивті суреттерді оқырман назарына ұсынамыз.
Жаңа туындыда Елбасының 1971 – 1977 жылдары аралығындағы өмірінің кезеңдері бейнеленген.
Түсірілім 2014 жылдың ақпан айында басталған. 1976 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Правда» газетінде мақаласы жарық көріп, М.А. Сусловпен кездескендіктен Мәскеуде де түсірілім жұмыстары жүргізілген.
Атап айтар болсақ: В.И. Гафт, Е.В. Сидихин, В.А.Стеклов, Е.А. Стычкин, В.И.Сухоруков секілді майталмандар кино туынды түсірілімінде өздеріне бекітілген рөлдерді сомдап шықты.
«Қазақстан тарихы» веб-порталы
Суреттер кинорежиссер Рүстем ӘБДІРАШОВТЫҢ жеке мұрағатынан алынды