
Әлемдік тарих күн энергиясын қолданудың мысалдарын келтіреді. Аңыз бойынша, ежелгі грек ғалымы Архимед жандырғыш айналар көмегімен, өз қаласына жау флотын жеңуге көмектескен. Мұнда тек қана бір анық дерек бар: Түркиядағы сұлтандар сарайлары күн сәулесінің астында қатты қызып кеткен сумен жылытылған. Өкінішке орай, адам жер қойнауында көмір, мұнай, газ толып тұрғанын ашқанда, күн энергиясы туралы ғылым және осы саладағы әзірленімдердің маңыздылығы төмендеп кетті.
Қазіргі өмірдің шынайылығы да осындай: экономиканың барлық салаларындағы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін дәстүрлі энергия қорлары барлық жерде азайып бара жатыр. «Қара алтын» және «көгілдір отын» су, күн, жел энергиясынан да қымбат болатын күн жақындап келе жатыр. Сірә, осындай жағдайда энерготиімді технологияларға бүгінгі кезден бастап инвестиция жасайтын мемлекет ғана өз қызметін атқара алатын және дами алатын мүмкіндікке ие болады.
Осыны түсіне отырып, әлемнің басты мемлекеттері өз экономикаларына «жасыл» технологияларды енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Қазақстанда жаңартылған энергия мәселесі алдыңғы орынға шығып тұр, соның бірде-бір дәлелі — ҚР Үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы және Қазақстанның Индустризациялау картасының аясында салынған «Astana Solar» ЖШС.
2012 жылдың 25 желтоқсанында күн батареяларын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт іске қосылды. Зауыт жоспарда көрсетілген 50 МВТ қуаттылық (жылына) көрсетілген, ал келешекте оның қуаттылығы 100 МВт дейін өседі деп күтілуде. Зауыт еуропалық автоматтандырылған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Инна КУЗЬМЕНКО