Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

XVІІ-XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы

4925
XVІІ-XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы - e-history.kz
XVII ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді.

Тауекелдің інісі Есім-ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан ары құлдырауына кедергі болады. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім-хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есімханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң дүниеге келді. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі Есім- хан 1628 ж. күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығына басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя», Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жүргізді. 1643 ж. Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке-ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке-ханның тұсында қазақ мемлекеттілігін күшейту бағытында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке-хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?